БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";
2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";
2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Мемлекеттік қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға және уран өндіруге арналған келісімшарт жобасының редакциясына түзетулер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген мерзімдердің бірінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға және уран өндіруге арналған келісімшарт жобасын көрсетілетін қызметті алушыға келісімшарт редакциясын пысықтау үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қайтара алады.
Мұндай пысықтау осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің шеңберінде жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";
2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тізбенің 8-тармағының 2)-12) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы
|
Е. Аккенженов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі
Ұлттық экономика министрлігі
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
"Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы;
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
- көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал Кодекске сәйкес анықталған ірі кен орындары мен стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша – өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
|
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
|
7.
|
Жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың нотариус куәландырған электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталында өтінішті толтырады:
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге арналған өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
Өтінішке мынадай мәліметтер мен құжаттар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлға (ұйым) туралы мәліметтер:
жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін – сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін көрсетуді, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш иесі қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтерді;
2) сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді көрсету;
3) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу негіздемесі;
4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) сатып алуға ниеті бар тұлғаның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтер;
мұндай жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде ұсынылатын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына оның сәйкестігін растайтын құжаттар (жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысқан жағдайда талап етілмейді);
5) өтініш берушінің өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген ол туралы барлық мәліметтердің дұрыс болып табылатындығы туралы растауы;
6) өтінішке қол қойған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтер.
Мемлекеттің басым құқығы туралы Кодекстің ережелері қолданылған жағдайда, 1) – 6) тармақшаларда көзделген мәліметтерден басқа, рұқсат беру туралы өтініште жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жөніндегі мәміленің бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы мәліметтер қосымша қамтылуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беруге өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылады, онда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның толық атауы;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын, өзімен байланысты акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың соған қатысы бар жер қойнауы учаскесі көрсетіледі;
3) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында шығаруға жататын бағалы қағаздар, оның ішінде ұйымның туынды бағалы қағаздары, олардың базалық активтері немесе үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтер (түрі мен жалпы саны);
5) андеррайтер туралы мәліметтер (болған жағдайда);
6) листинг жүзеге асырылатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы туралы мәліметтер;
7) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтер;
8) өтініш иесінің өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің анық екендігі туралы жазбаша растауы;
9) өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтер қоса беріледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру туралы өтінішті олар қосымша эмиссия (шығару) шеңберінде орналастырылған жағдайда эмитент береді.
Ал ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруды осы акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың ұстаушысы жүргізгенде өтінішті осындай ұстаушы береді.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Кодекстің 45-бабының 10-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе;
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануына алып келсе;
3) егер рұқсат беру туралы өтініш Кодекс талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына Кодексте тыйым салынған болса;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылатын болса;
6) мемлекет басым құқығын іске асыратын болса;
7) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмейтін болса, рұқсат беруден бас тартады
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының анықтама қызметінен алуға мүмкіндігі бар: 1414.
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
"Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою)".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) Жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт алу;
2) Жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт алу;
3) Тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт алу;
4) Тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт алу;
5) Уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша уран өндіруге келісімшарт алу;
6) Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу;
7) Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған өндіруге арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу;
8) Өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекіту кезінде уран өндіруге келісімшарт алу;
9) Халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлау үшін келісімшарт алу.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
- көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні
|
4.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
|
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
|
7.
|
Жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының өтініші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан соң демалыс және мереке күндеріне сәйкес келсе, өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
1) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшартты немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыстар бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берген жағдайда электрондық көшірме);
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
3) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт үшін:
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыс бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
4) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
5) уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уран өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған қорларды есептеу жөніндегі есеп;
7) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған өндіруге арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данадағы келісімшарт;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындыларды алған кен орнын игеру жобасы;
8) өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде уран өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
9) халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді барлауға арналған 3 (үш) данадағы келісімшарт;
көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтері туралы" Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызмет беруші мынадай жағдайларда:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 Бұйрыққа 3-қосымша |
|
"Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
"Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
2) Көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
3) Өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
4) Өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
5) Барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
6) Бағалау кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлау және өндіру келісімшарттарына қосымша келісім жасасу;
7) Сынақ пайдалану кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлау және өндіру келісімшартына қосымша келісім жасасу;
8) Өндіру кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлау және өндіру келісімшартына қосымша келісім жасасу;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына көшуге байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
10) Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
11) Сарқылатын кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісімдер жасасу;
12) Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
- көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
Көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген кезде, өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту кезінде, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде, барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде, өндіру кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлау және өндіру келісімшартына қосымша келісім жасасу, Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына көшуге байланысты барлауға және өндіруге арналған, Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту кезінде, сарқылатын кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу – 20 (жиырма) жұмыс күні.
жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде, жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім жасасу – 15 (он бес) жұмыс күні.
жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде күрделі жоба бойынша бағалау кезеңіне ауысу кезінде, күрделі жоба бойынша сынақ пайдалану кезеңіне ауысу кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу – 10 (он) жұмыс күні.
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
|
7.
|
Жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау графигі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру графигі – сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) дана;
салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алған кезде негіздеме болатын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары;
сатып алушының Кодекстің талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) кепілмен ауыртпалық салынса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі;
жер қойнауын пайдалану құқығының барлық бірлескен иеленушілерінің жазбаша келісімі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабы 14-тармағының талаптары негізінде қолданылатын өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – сараптама комиссия) ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімі;
2) көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді өзгертуге арналған өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді көздейтін көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш;
дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін және Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
4) учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш;
Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітіп беру мақсатында келісімшартқа толықтыру Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа толықтыруды 3 (үш) данада қамтуға тиіс;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
5) барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы және орындау мерзімдері қамтылған қосымша жұмыстардың қол қойылған бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада, онда мыналар қамтылады:
Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда – барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын тереңдігі бойынша белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша;
кодекстің 117 – бабының 3-2-тармағында көзделген жағдайда-кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, қосымша жұмыстар бағдарламасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған сомаларды Қазақстан Республикасының пайдасына төлеу жөніндегі міндеттеме;
осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының міндеті;
Кодекстің 117-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда – табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынап пайдалану жобасы;
кодекстің 117 - бабының 3-2-тармағында көзделген жағдайда-жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жағдайда барлау жұмыстарының жобасына толықтыру, жер қойнауын пайдаланушының банктік шотында тиісті ақша қаражатының болуы туралы екінші деңгейдегі банктен үзінді;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
6) бағалау кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шегінде табылған кенжатынның (кенжатын жиынтығының) болжамды контурлары орналастырылатын блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жылдар бойынша жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы және орындалу мерзімдері қамтылған қосымша жұмыстар бағдарламасын қамтитын күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру 3 (үш) данада;
Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның жер қойнауы учаскесінің шегінде көмірсутектердің кенжатын (кенжатын жиынтығын) табу туралы қорытындысы, онда бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатын жиынтығының) болжамды контурларын көрсете отырып;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
7) сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынап пайдалану кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен қосымша жұмыстар бағдарламасын қамтитын және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын 3 (үш) данада күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
8) өндіру кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
3 (үш) данада өндіру учаскесінің шекарасын белгілейтін күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Егер кен орны ірі кен орындары санатына жатпаса, келісімшартқа толықтыруда жиырма бес жылға созылатын өндіру кезеңін белгілеу де көзделуге тиіс. Кодекстің 119-бабының 18-2-тармағында көзделген жағдайларда, егер жер қойнауы учаскесіне қатысты оның күрделі жобаның қандай да бір өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынбаса, келісімшартқа толықтыруда оны жаңа редакцияда баяндау көздеулге тиіс;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына сәйкес жаңа редакциядағы келісімшартты 3 (үш) данада баяндауды көздейтін келісімшартқа толықтыру;
Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген, жер қойнауы учаскесінде Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын құжаттардың бірі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
10) өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
3 (үш) данада өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартуды көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру, онда мыналар көзделеді:
Жойылады
өндіру кезеңін ұзартудың сұратылатын мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін, сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
11) уран өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өндіру кезеңінің (кезеңдерін) ұзартылуына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартудың сұратылатын мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін, сараптамалардың оң қорытындыларын алған уран кен орнын игеру жобасы;
Егер келісімшарт өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту туралы өтініш берілген күнге көрсетілетін қызметті беруші бекітетін уран өндіруге арналған өтініш берілген күнге қолданыстағы үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы өндіру кезеңін ұзарту кезінде (кезеңдерін) ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде уран өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалады, ол өндіру кезеңін ұзартуды көздейді.
Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге көрсетілетін қызметті беруші бекітетін уран өндіруге арналған өтініш берілген күнге қолданыстағы үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы өндіру кезеңін ұзарту кезінде ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы уран өндіруге арналған келісімшарт жасалады 3 (үш) данада;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
12) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес ұлғайтылған жер қойнауын учаскесін (учаскелерін) немесе көрсетілетін қызметті алушының 113-баптың 3-тармағында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін белгілейтін, келісімшартқа қосымшасы бар көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
жер қойнауы учаскесі (учаскелері) ұлғайған кезде көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және көрсетілетін қызметті алушы сұратылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) орындауға міндеттенетін, көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын алған кезде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі (учаскелеріндегі) жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға барабар сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасын;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
13) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуды көздейтін 3 (үш) данада келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
сұрау салынатын учаскеге (учаскелерге) арналған қорлар бойынша құзыретті тұлғаның есебі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
14) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар және Кодекстің 114-бабында көрсетілген оның ажырамас бөлігі ретінде келісімшартқа қоса берілетін 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру;
қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
15) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
жер қойнауын пайдаланушы қол қойған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуды көздейтін келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
16) сарқылап жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарқылап жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнының Кодекстің 153-1-бабының 2-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкестігін растайтын әзірлеу жобасы немесе әзірлеу талдауы;
жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 153-1-бабының 3-тармағында көзделген сарқылатын кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді көздейтін келісімшартқа қол қойған толықтыру, егер сарқылатын кен орны жеке келісімшартқа бөлінбесе, 3 (үш) данада;
жер қойнауын пайдаланушы қол қойған сарқылып жатқан кен орнын қамтитын жер қойнауы учаскесін бөлуді көздейтін келісімшартқа толықтыру;
сарқылып жатқан кен орнын қамтитын бөлінген жер қойнауы учаскесіне қатысты және Кодекстің 153-1-бабының 3-тармағында көзделген сарқылып жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт, 3 (үш) данада, егер сарқылып жатқан кен орны Кодекстің 115-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жеке келісімшартқа бөлінсе;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
17) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бөлуге байланысты келісімшартқа өзгерістер енгізу өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған негізгі учаскесін, сондай-ақ Кодекстің 115-бабында көрсетілген мәліметтерді белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар 3 (үш) данада толықтыру;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа сәйкес 3 (үш) данада әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
өтініштің Кодекстің 40-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу шарттарының берілген рұқсатқа сәйкес келмеуі;
мұндай рұқсат Кодекске сәйкес талап етілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсаттың болмауы;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы көрсетілетін қызметті алушыға қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына Кодекспен тыйым салынса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың ережелерін бұзуға әкеп соқса;
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін):
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) өндіру учаскесін (учаскелерін) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер өтініш Кодекстің 119-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
5) барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
Кодекстің 117-бабының 1 – 3-2-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздердің болмауы;
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер барлау кезеңін ұзарту кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес сұралса, барлау кезеңі бұрын кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес ұзартылды;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
6) бағалау кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
7) сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
Кодекстің 116-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса;
8) өндіру кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 119-бабының 18-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жобалар бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына ауысуға байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
Кодекстің 116-бабының 7-тармағында көзделген негіз бойынша келісімшартқа толықтыру жасалған жағдайда, өтініш Кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының талаптарына сәйкес келмесе немесе егер өтініш Кодекстің 278-бабының көрсетілген тармағына сәйкес берілсе, өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес жіберілген құзыретті органның ескертулерін өтініш беруші жоймаса немесе өтініш беруші оны жоюдан бас тартса;
10) өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
егер кен орнын игеру жобасы өндіру мерзімін ұзарту үшін өтінімде сұралғаннан аз игеру мерзімін көздесе;
көрсетілетін қызметті берушінің өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде, оның ішінде Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта бөлу және қайта өңдеу) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені не өзге де инвестициялық міндеттемелерді қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті алушымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
11) уран өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 173-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
егер кен орнын игеру жобасы өтініште сұралғаннан аз мерзім ішінде кен орнын игеруді көздесе;
жер қойнауын пайдаланушы жоймаған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған кезде;
көрсетілетін қызметті берушінің уран өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде;
12) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
Кодекстің 113-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) жер қойнауы учаскесін ұлғайту кезінде уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 169-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
14) жер қойнауы учаскесі азайған кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 114-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
15) жер қойнауы учаскесі азайған кезде уран өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 170-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
16) сарқылап жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
кен орны Кодекстің 153-1-бабының 2-тармағында көзделген сарқылатын кен орындарының өлшеміне сәйкес келмейді;
17) жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
Кодекстің 115-бабында белгіленген шарттар сақталмаса;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 14-қосымша |
|
Нысан |
Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш
_________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Осы өтінішпен _________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ______________ учаске бойынша (осы жер қойнауы учаскесінде Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталғанына байланысты барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысу жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету) күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысу туралы мәлімдейді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішке қосымша беріледі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
20___ жылғы "__" ________________
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 наурыздағы № 133 Бұйрыққа 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 15-қосымша |
|
Нысан |
Сарқылып жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш
_________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Осы өтінішпен _________, (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ___________ кен орны бойынша (таусылатын кен орындарының өлшемшарттарына сәйкес келетін (сәйкес келетін) кен орнының (кен орындарының) атауын көрсету, Кодекстің 157-1-бабының 2-тармағында көзделген жер қойнауы және (учаскелері) сарқылап жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы мәлімдейді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішке қосымша беріледі:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
20___ жылғы "__" ________________