Об утверждении правил заслушивания недропользователя, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 мая 2024 года № 182. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 мая 2024 года № 34401.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 9 статьи 72 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила заслушивания недропользователя, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых согласно приложения к настоящему приказу.

      2. Комитету геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
промышленности и строительства
Республики Казахстан
от 22 мая 2024 года № 182

Правила заслушивания недропользователя, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила заслушивания недропользователей, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых, с учетом произведенной добычи и потерь, величина ресурсов которых уменьшена более чем на двадцать пять процентов относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий разработаны в соответствии с подпунктом 4) пункта 9 статьи 72 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" и определяют порядок заслушивания недропользователей, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых, подготовленный компетентным лицом в соответствии с Казахстанским кодексом публичной отчетности о результатах геологоразведочных работ, минеральных ресурсах и минеральных запасах (Кодекс KAZRC), с учетом произведенной добычи и потерь, величина ресурсов которых уменьшена более чем на двадцать пять процентов относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий.

Глава 2. Порядок заслушивания недропользователя, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых

      2. Заслушивание по твердым полезным ископаемым проводится Комиссией при ведомстве уполномоченного органа по изучению недр (далее – Ведомство).

      3. При ведомстве создается Комиссия. Комиссия является коллегиальным органом, осуществляющим заслушивание отчетов об оценке ресурсов и (или) запасов, величина ресурсов которых уменьшена более чем на двадцать пять процентов относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий.

      Комиссия состоит из председателя, его заместителя и членов Комиссии.

      Членами Комиссии являются сотрудники ведомства.

      Состав Комиссии утверждается Приказом руководителя ведомства.

      На заслушивание приглашаются заинтересованные государственные органы, не являющиеся членами Комиссии.

      4. Поступивший в ведомство отчет об оценке ресурсов и (или) запасов, рассматривается в течение 30 календарных дней.

      5. В случае выявления уменьшения величины ресурсов более чем на двадцать пять процентов относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий, с учетом произведенной добычи и потерь, в течение срока, указанного в пункте 5 настоящей главы, отчет выносится на заслушивание с приглашением независимого эксперта и недропользователя, но не позднее 5 календарных дней до принятия решения.

      По заявлению недропользователя, компетентных лиц, подготовивших и проверивших отчет об оценке ресурсов и (или) запасов твердых полезных ископаемых, срок, указанный в пункте 5 настоящей главы продлевается, но не более 30 календарных дней.

      6. Заслушивание проводится Комиссией и независимыми экспертами с привлечением недропользователя и компетентного лица.

      Для недропользователя, компетентного лица, являющегося гражданином иностранного государства, который физически не находится в Республике Казахстан и не в состоянии обеспечить участие, заслушивание проводится дистанционно.

      Недропользователь обеспечивает участие на заслушиваниях компетентных лиц и синхронный перевод на государственный и (или) русский язык, в случае участия гражданина иностранного государства, не владеющего государственным и (или) русским языком.

      Состав независимых экспертов по заслушиванию отчетов об оценке ресурсов и (или) запасов, величина ресурсов которых уменьшена более чем на двадцать пять процентов относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий, назначается из числа независимых экспертов Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых.

      7. При проведении заслушивания Комиссия определяет обоснованность уменьшения объемов ресурсов и/или (запасов) относительно ранее утвержденных запасов промышленных категорий полезных ископаемых.

      8. По итогам заслушивания Комиссия принимает положительное решение, либо отрицательное решение с мотивированным возражением, которое оформляется в виде заключения и направляется в течение 3 рабочих дней в ведомство для принятия или отказа от принятия на государственный учет полезных ископаемых.

      Решение по итогам заслушивания принимается большинством голосов присутствующих членов Комиссии. При равенстве голосов во время принятия решения, голос председательствующего является решающим.

      Члены Комиссии, а также независимые эксперты, не согласные с принятым решением, выражают особое мнение. Особое мнение оформляется отдельным документом, содержащим его обоснование, и прилагается к материалам рассмотрения.

      9. При положительном заключении Комиссии, ведомством вносится соответствующие изменения в государственный учет запасов полезных ископаемых.

      10. При недостаточности данных для обоснования уменьшения либо списания запасов, Комиссия принимает отрицательное заключение с мотивированным возражением.

      На основании решения Комиссии ведомством отказывается в принятии на государственный учет полезных ископаемых и возвращается отчет об оценке ресурсов и (или) запасов.

      Недропользователь, доработав отчет, представляет в течение 20 рабочих дней повторно, либо обжалует отказ в принятии на государственный учет полезных ископаемых согласно статье 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 мамырда № 34401 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 72-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорлары туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 182 Бұйрығына
қосымша

Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Шығарылған өндіру мен шығындарды ескере отырып, ресурстарының шамасы бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астамға азайған қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды, жер қойнауын пайдаланушыларды тыңдаудың осы қағидалары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шығарылған өндіру мен шығындарды ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес құзыретті тұлға дайындаған, ресурстарының шамасы бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астамға азайған қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген жер қойнауын пайдаланушыларды, құзыретті тұлғаларды тыңдау тәртібін айқындайды.

2 тарау. Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау тәртібі

      2. Қатты пайдалы қазбалар бойынша тыңдауды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның ведомствосындағы (бұдан әрі - Ведомство) Комиссия жүргізеді.

      3. Ведомствода Комиссия құрылады. Комиссия ресурстарының шамасы өнеркәсіптік санаттардың бұрын бекітілген қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астамға азайтылған ресурстарды және (немесе) қорларды бағалау туралы есептерді тыңдауды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.

      Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

      Ведомствоның қызметкерлері Комиссия мүшелері болып табылады.

      Комиссия құрамы ведомство басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Тыңдауға Комиссия мүшесі болып табылмайтын мүдделі мемлекеттік органдар шақырылады.

      4. Ведомствоға келіп түскен ресурстарды және (немесе) қорларды бағалау туралы есеп 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      5. Шығарылған өндіру мен шығындарды ескере отырып, өнеркәсіп санаттарының бұрын бекітілген қорларына қатысты ресурстардың мөлшері жиырма бес пайыздан астамға азайғаны анықталған жағдайда, осы тараудың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде, бірақ шешім қабылданғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, есеп тәуелсіз сарапшы мен жер қойнауын пайдаланушыны шақыра отырып, тыңдауға шығарылады.

      Жер қойнауын пайдаланушының, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғалардың өтініші бойынша осы тараудың 5-тармағында көрсетілген мерзімдер ұзартылады, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге.

      6. Тыңдауды жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті тұлғаны тарта отырып, Комиссия және тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

      Қазақстан Республикасында физикалық тұрғыда жоқ және қатысуды қамтамасыз етуді қамтамасыз ете алмайтын шет мемлекеттің азаматы болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыны, құзыретті тұлғаны тыңдау қашықтан жүргізіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті тұлғалардың тыңдауларға қатысуын және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін білмейтін шет мемлекеттің азаматы қатысқан жағдайда мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ілеспе аударма жасауды қамтамасыз етеді.

      Ресурстарының шамасы өнеркәсіптік санаттардың бұрын бекітілген қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астам азайтылған ресурстарды және (немесе) қорларды бағалау туралы есептерді тыңдау жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың құрамы Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік Комиссияның тәуелсіз сарапшылары қатарынан тағайындалады.

      7. Тыңдауды өткізу кезінде Комиссия пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының бұрын бекітілген қорларына қатысты ресурстар және/немесе (қорлар) көлемдерін азайтудың негізділігін айқындайды.

      8. Тыңдау қорытындысы бойынша Комиссия оң шешім не дәлелді қарсылықпен теріс шешім қабылдайды, ол қорытынды түрінде ресімделеді және пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу үшін немесе қабылдаудан бас тарту үшін ведомствоға 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Тыңдау қорытындысы бойынша шешім қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Шешім қабылдау кезінде дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия мүшелері, сондай-ақ қабылданған шешіммен келіспейтін тәуелсіз сарапшылар ерекше пікір білдіреді. Ерекше пікір оның негіздемесін қамтитын жеке құжатпен ресімделеді және қарау материалдарына қоса беріледі.

      9. Комиссияның оң қорытындысы болған кезде ведомство пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік есебіне тиісті өзгерістер енгізеді.

      10. Қорларды азайтуды не есептен шығаруды негіздеу үшін деректер жеткіліксіз болған кезде Комиссия дәлелді қарсылықпен теріс қорытынды қабылдайды және шығарылған өндіру мен шығындарды ескере отырып, ресурстарының шамасы бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астамға азайған ресурстар және (немесе) қорларды бағалау туралы есеп қайтарылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті пысықтап, 20 жұмыс күні ішінде қайта ұсынады немесе пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алудан бас тартуына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-тармағына сәйкес шағым жасайды.