О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 731 "Об утверждении Правил по парашютной (парашютно-десантной, воздушно-десантной) подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 июня 2024 года № 613. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июня 2024 года № 34504

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 731 "Об утверждении Правил по парашютной (парашютно-десантной, воздушно-десантной) подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29449) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах по парашютной (парашютно-десантной, воздушно-десантной) подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 4:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) для подчиненных подразделений и частей специального назначения – командиром войсковой части 14776;";

      дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) для подчиненных учреждений, частей и подразделений – командиром войсковой части 32039.";

      пункт 5 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:

      "12) инструктор парашютной (парашютно-десантной) подготовки – это парашютист, прошедший подготовку, сдавший зачеты и имеющий допуск к организации и проведению теоретической и практической подготовки, связанной с выполнением парашютных прыжков.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Должностными лицами, указанными в пункте 4 настоящих Правил, ежегодно утверждается план подготовки, предусматривающий проведение с личным составом, задействованным в организации и проведении парашютных прыжков:

      1) учебно-методических сборов с должностными лицами и инструкторами парашютной (парашютно-десантной) подготовки;

      2) учебно-тренировочных сборов по обучению специалистов ПДП (ВДП), по поддержанию ранее полученных навыков и их совершенствованию, повышению квалификации;

      3) сборов по оценке уровня кандидатов на присвоение звания инструктор парашютной (парашютно-десантной) подготовки и подтверждения квалификации с личным составом, задействованным в организации и проведении парашютных прыжков;

      4) сборов по подтверждению и получению допуска самостоятельного контроля укладки парашютных систем и подготовку к десантированию личного состава и грузов.

      Продолжительность сборов определяется объемом и сложностью решаемых задач. Сборы с привлечением специалистов, принимающих участие в организации парашютных прыжков (десантировании), а также подготовке личного состава проводятся не реже 2 раз в год.".

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. К обучению и совершенствованию навыков по наземной подготовке привлекается личный состав, допущенный к выполнению парашютных прыжков утвержденный должностными лицами согласно пункта 4".

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Сроки и порядок регламентных работ, войскового ремонта воздушно-десантной техники и имущества, требующих проведение в специализированных мастерских согласовываются главнокомандующими видами, начальниками структурных подразделений ГШ, МО и ВС РК, командирами войсковых частей 14776 и 32039".

      2. Командиру войсковой части 32039 в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Р. Жаксылыков

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 маусымда № 34504 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларда:

      4-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бағынысты арнайы мақсаттағы бөлімше мен бөлім үшін – 14776 әскери бөлімінің командирі;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) бағынысты мекеме, бөлім мен бөлімше үшін – 32039 әскери бөлімінің командирі бекітеді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы – даярлықтан өткен, сынақ тапсырған және парашютпен секіруге байланысты теориялық және практикалық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге рұқсаты бар парашютші.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адамдар жыл сайын парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен:

      1) лауазымды адамдармен және парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушыларымен оқу-әдістемелік жиын;

      2) ПДД (ӘДД) мамандарын үйрету бойынша, бұрын алған дағдысын сақтау және оны жетілдіру, біліктілігін арттыру бойынша оқу-жаттықтыру жиынын;

      3) парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы атағын беруге және біліктілігін растауға кандидаттар деңгейін бағалау бойынша жиын;

      4) парашюттік жүйені жинауды және жеке құрамды десанттауға және жүкті түсіруге дайындауды дербес бақылауды растау және рұқсатнама алу бойынша жиын өткізу көзделген даярлық жоспарын бекітеді.

      Жиын ұзақтығы шешілетін міндеттер ауқымымен және күрделілігімен айқындалады. Парашютпен секіруді (десанттауды) ұйымдастыруға, сондай-ақ жеке құрамды даярлауға қатысатын мамандар тартылған жиын жылына 2 реттен сиретпей өткізіледі.".

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жерүсті даярлығы бойынша оқытып-үйретуге және дағдысын жетілдіруге 4-тармаққа сәйкес лауазымды адамдар бекіткен парашютпен секіруге жіберілген жеке құрам тартылады.".

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мамандандырылған шеберханада жүргізу қажет етілетін әуе-десанттық техникаға және мүлікке регламенттік жұмыс, оны әскери жөндеу мерзімі мен тәртібін ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, БШ, ҚМ құрылымдық бөлімшесінің бастықтары, 14776 және 32039 әскери бөлім командирлері келіседі.".

      2. 32039 әскери бөлімінің командирі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков