Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29449 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 731 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық тәртібін айқындайды.

      2. Парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық (бұдан әрі – ПДД, ӘДД) міндеттеріне парашютпен секіру және десанттау кіретін әскерлерді жауынгерлік даярлаудың негізгі пәндерінің бірі болып табылады. ПДД (ӘДД) мақсаты оқу-жаттығу, оқу-жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындау үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктің ұдайы әзірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Парашюттік даярлық:

      1) парашютпен секіруді (десанттауды) жіктеуді;

      2) парашюттік даярлықты (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) жалпы ұйымдастыруды;

      3) парашютпен секірудің (десанттаудың) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарды қамтиды.

      4. Парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықты және адамдар мен жүкті парашютсіз десанттауды жүргізу үшін парашюттік даярлық (ПДД, ӘДД) бағдарламалары, парашюттік даярлық (ПДД, ӘДД) курстары әзірленеді және оларды:

      1) орталық бағыныстағы мекемелер, бөлімдер мен бөлімшелер үшін – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы;

      2) Құрлық әскерлерінің құрамалары, бөлімдері мен оқу орындары үшін – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;

      3) Әуе қорғанысы күштерінің құрамалары, бөлімдері мен оқу орындары үшін – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;

      4) Әскери-теңіз күштерінің бөлімдері мен бөлімшелері үшін – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы;

      5) бағынысты арнайы мақсаттағы бөлімше мен бөлім үшін – 14776 әскери бөлімінің командирі;

      6) бағынысты мекеме, бөлім мен бөлімше үшін – 32039 әскери бөлімінің командирі бекітеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2024 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әуе-десанттық даярлық –парашюттік, десанттық-шабуылдау, барлау бөлімшелері мен теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен жүгін әскери-көлік авиациясының тікұшақтарымен және ұшақтарымен десанттауға даярлау және үйрету жөніндегі іс-шаралар;

      2) десанттау – жауынгерлік (оқу-жауынгерлік) міндеттерді орындау үшін жеке құрамды (жүкті), техниканы әуемен жеткізу және түсіру;

      3) десантшы – үйретуден өткен және әуедегі, сонымен қатар жердегі ұшу аппаратынан әртүрлі тәсілмен десанттауды орындайтын маман;

      4) жердегі даярлық – парашютшінің (десантшының) жерде парашютпен секіру (парашютсіз десанттау) үшін қажетті білімін, ептілігі мен іс жүзіндегі дағдысын қалыптастыру және жетілдіру процесі;

      5) жерге түсу (суға түсу) – секірудің аяқталу кезеңі, ол парашютшіден белгіленген қауіпсіздік қағидаларына зейін қоюды және оны қатаң сақтауды талап етеді;

      6) жіберуші – парашютшілерді (жүкті)стартта даярлауды, ұшу аппаратынан парашютшілерді (десантшыларды) және жүкті түсіруді орындайтын даярланған парашютші (десантшы);

      7) лауазымды адам (ПДД, ӘДД) – парашютпен секіруге (десанттауға) үйретуге, даярлауға және жүргізуге тартылған маман;

      8) парашюттік даярлық – ұшу-көтерілу құрамын парашютпен секіруге, әуе кемесін мәжбүрлі тастап кетуге үйрету процесі;

      9) парашюттік-десанттық даярлық –арнайы мақсаттағы бөлімдер мен бөлімшелердің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасын және жүгін әртүрлі типтегі әуе кемесінен десанттауға даярлау және үйрету жөніндегі іс-шаралар;

      10) парашюттік жүйе – парашюттің көмегімен парашютшіні немесе жүкті жеткізу үшін арналған айла-бұйым жиынтығы;

      11) парашютші – үйретуден өткен және әуедегі ұшу аппаратынан парашютпен секіретін маман.

      12) парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы – даярлықтан өткен, сынақ тапсырған және парашютпен секіруге байланысты теориялық және практикалық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге рұқсаты бар парашютші.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2024 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Парашютпен секіру (десанттау) жіктемесі

      6. Парашютпен секіру (парашютпен десанттау) десанттау үшін көзделген барлық типтегі әуе кемелерінен орындалады және мынадай болып бөлінеді:

      1) оқу-жаттықтыру – бастапқы үйрету және жаттығулар (міндеттер) бойынша жетілдіру кезінде;

      2) оқу-жауынгерлік – оқу-жаттығуларды (тактикалық, тактикалық-арнайы) өткізу, әскерлерді тексеру (инспекциялау) кезінде;

      3) жауынгерлік – жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде;

      4) мәжбүрлі – өмірді құтқару үшін ұшуда авариялық жағдай туындаған кезде;

      5) спорттық – жарыстар, біріншіліктер, чемпионаттар өткізу және оларға дайындалу кезінде;

      6) көрнекі – парашютизмді танымал ету, құтқару құралының мүмкіндігі мен сенімділігін көрсету мақсатында секіру және десанттау кезінде;

      7) сынау – парашюттік жүйелерді және десанттық техниканы сынау және зерттеу кезінде;

      8) эксперименттік – парашюттердің, қару-жарақтың, керек-жарақтың пайдалану сипаттамасын айқындау және әуе кемесінен десанттау техникасын пысықтау кезінде.

      7. Парашютпен секіру (десанттау) биіктігі бойынша:

      1) төменгі шекті биіктіктен жер бедері үстінен 200 метрге дейін;

      2) төменгі биіктіктен 200 – 400 метрге дейін;

      3) орта биіктіктен 400 – 4000 метрге дейін;

      4) стратосферадан12000 метрден жоғары болып бөлінеді.

      8. Әуе кемесінің бір айналымында секіретін парашютшілер саны бойынша секіру жеке және топпен болып бөлінеді.

      9. Парашюттің ашылу уақытына қарай секіру парашютші әуе кемесінен түскеннен кейін парашют 3 секундтан кешіктірмей ашылған кезде дереу ашылып секіру және парашют 3 секундтан асып ашылған кезде кідіріспен ашылып секіру болып бөлінеді.

      10. Әуе кемесінің ұшу жылдамдығы бойынша секіру (десанттау):

      1) ұшу жылдамдығы төмен – сағатына 200 километрге (бұдан әрі – км/сағ.) дейін;

      2) ұшу жылдамдығы орташа – 200-ден 350 км/сағ. дейін;

      3) ұшу жылдамдығы жоғары – 350 км/сағ. астам болып бөлінеді.

      11. Қалықтау тәсілі бойынша секіру еркін қалықтап секіру және қалыпты қалықтап секіру болып бөлінеді.

      12. Парашюттің ашылу тәсілі бойынша секіру:

      1) ранец клапандарын мәжбүрлі ашумен секіру (оның ішінде парашют күмбезінен тартып шығару бауымен тысты (камераны) мәжбүрлі тартумен);

      2) парашютші қолмен ашатын ашу айла-бұйымы көмегімен парашютті қолмен ашып секіру;

      3) парашютті ашу парашютшінің қатысуынсыз аспап көмегімен ашылған кезде парашюттің автоматты түрде ашылуымен секіру болып бөлінеді.

      13. Тәулік уақыты бойынша парашютпен секіру күннің шығуы мен батуы аралығында орындалатын күндізгі және іңірді қоса алғанда, күннің батуы мен шығуы аралығында орындалатын түнгі болып бөлінеді.

      14. Түсетін қабат түрі бойынша: құрлыққа, суға.

      15. Парашютпен секіру күрделілік дәрежесі бойынша қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

      Қарапайым секіруге жеке немесе топпен күндіз, қолайлы ауа райы жағдайы кезінде, парашюттің ашылуын кідіртумен немесе 20 секундқа дейін құлауды тұрақтандырумен, орташа биіктікте және шамалы ұшужылдамдығында орындалатын парашютпен секіру жатады.

      Күрделі секіруге:

      1) жіберушінің функцияларын орындаумен;

      2) шеңбер типіндегі парашютпен жерде жел жылдамдығы секундына5 метрден (бұдан әрі – м/с) астам және "Қанат" типіндегі парашютпен 8 м/с астам болған кезде күндіз;

      3) 400 метр биіктіктен және одан төмен;

      4) 4000 метр биіктіктен және одан жоғары;

      5) парашюттің ашылуын 15 және одан астам секундқакідіртумен немесе тұрақтандырумен;

      6) түнде;

      7) бұлтта және бұлттан шығумен;

      8) суға;

      9) орманға;

      10) тауға, оның ішінде тау беткейіне (биіктігі теңіз деңгейінен1000 метр және одан жоғары жергілікті жерде);

      11) көлемі шектеулі алаңға;

      12) жүк контейнерімен;

      13) арнайы керек-жарақпен;

      14) дайындалмаған алаңға;

      15) 200 км/сағ. және одан астам жылдамдықпен;

      16) қару-жарақпен (пистолеттен басқа);

      17) десантталатын жүк (техника) соңынан;

      18) ауа температурасы жерде минус 20оС және одан төмен, сондай-ақ плюс 30оС және одан жоғары болған кезде;

      19) жолаушымен екі орынды парашюттік жүйеде;

      20) күмбездік және топпен парашюттік акробатика жаттығулары бойынша;

      21) фотожәне бейнетүсірілім жүргізуменпарашютпен жеке және топпен орындалатын секіру жатады.

3-тарау. Парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықты жалпы ұйымдастыру

      16. Парашюттік даярлық (ПДД, ӘДД) жауынгерлік даярлықтың құрамдас бөлігі болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Жеке құрамды парашюттік даярлау (ПДД, ӘДД) оқу жылы ішінде жүйелі түрде жүргізіледі.

      17. Парашюттік даярлық бойынша сабақ көрнекі құралдарды (схемалар, кестелер, стенділер, бейне және фотоматериалдар), тренажерларды, парашюттер мен парашюттік жүйелерді барынша пайдаланумен өткізіледі.

      18. Парашютпен секіруге жердегі даярлықтан өткен, сынақ тапсырған және медициналық комиссия рұқсат еткен жеке құрам жіберіледі.

      19. Жеке құрамда парашютпен секірудегі ең көп үзілістің 12 айдан асып кетуіне жол берілмейді. Парашютпен секіруде үзіліс мерзімі 12 ай және одан көп болған кезде жеке құраммен бақылау сабағы өткізіледі.

      20. Ұшуға алғаш жіберілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыш құрамы кемінде екі рет парашютпен секіреді.

      21. Медициналық көрсеткіштер бойынша рұқсат етілген және ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құтқару парашюттерін пайдалану көзделген әуе кемелерінде ұшатын ұшқыш құрамы жылына кемінде екі рет парашютпен секіреді.

      22. Оқу жылы ішінде парашютпен секірмеген ұшқыш құрамы ол парашютпен секіруді орындағанға дейін ұшудан шеттетіледі.

      23. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адамдар жыл сайын парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен:

      1) лауазымды адамдармен және парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушыларымен оқу-әдістемелік жиын;

      2) ПДД (ӘДД) мамандарын үйрету бойынша, бұрын алған дағдысын сақтау және оны жетілдіру, біліктілігін арттыру бойынша оқу-жаттықтыру жиынын;

      3) парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы атағын беруге және біліктілігін растауға кандидаттар деңгейін бағалау бойынша жиын;

      4) парашюттік жүйені жинауды және жеке құрамды десанттауға және жүкті түсіруге дайындауды дербес бақылауды растау және рұқсатнама алу бойынша жиын өткізу көзделген даярлық жоспарын бекітеді.

      Жиын ұзақтығы шешілетін міндеттер ауқымымен және күрделілігімен айқындалады. Парашютпен секіруді (десанттауды) ұйымдастыруға, сондай-ақ жеке құрамды даярлауға қатысатын мамандар тартылған жиын жылына 2 реттен сиретпей өткізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2024 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Жерүсті даярлығы бойынша оқытып-үйретуге және дағдысын жетілдіруге 4-тармаққа сәйкес лауазымды адамдар бекіткен парашютпен секіруге жіберілген жеке құрам тартылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2024 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Парашюттік даярлықты (ПДД, ӘДД) жоспарлау әскери қызмет қауіпсіздігі талаптарын және парашютпен секіру кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескере отырып, қойылған міндеттер, қол жеткізілген деңгей, ауданның климаттық-географиялық ерекшелігі, парашюттік-десанттық техниканың және әуе кемелерінің бар болуы негізінде жүргізіледі.

      26. Парашютпен секіруге (десанттауға) жіберу, парашюттердің, парашюттік жүйелердің жаңатиптерін меңгеру, парашютпен секірудің (десанттаудың) күрделі түрін орындау әскери бөлім бойынша бұйрықпен сынақ қабылдау актілері мен ведомостары негізінде ресімделеді.

      27. Парашютпен секіруді қамтамасыз етуорындалатын міндеттердің сипатын ескере отырып жүзеге асырылады.

      28. Парашюттік-десанттық мүлікті және әуе-десанттық техниканы пайдалану, сақтау және жөндеу өндірушілердің техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Мамандандырылған шеберханада жүргізу қажет етілетін әуе-десанттық техникаға және мүлікке регламенттік жұмыс, оны әскери жөндеу мерзімі мен тәртібін ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, БШ, ҚМ құрылымдық бөлімшесінің бастықтары, 14776 және 32039 әскери бөлім командирлері келіседі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2024 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Парашютпен секірудің (десанттаудың) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттар

1-параграф. Парашютпен секіру (десанттау) шарттары

      30. Парашютпен күндіз бұлттылықтың төменгі жиегі 200 метр және көріну 2 километр, түнде бұлттылықтың төменгі жиегі 600 метр және көріну 4 километр болған кезде қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайда секіруге рұқсат етіледі.

      31. Жаңадан бастаушы парашютшілер үшін парашютпен секірудің ең төменгі биіктігі (таныстыру секіруі) – кемінде 800 метр.

      32. Спорттық парашюттер мен "Қанат" типіндегі арнайы мақсаттағы парашют жүйелері үшін оқу-жаттығу секіруінің ең төменгі биіктігі – кемінде 800 метр. "Қанат" типіндегі жаңа парашютті меңгеру кезіндегі ашылу биіктігі – кемінде 1000 метр. Сақтандыру аспабын қосуПарашют жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      33. Парашютпен секіру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) парашюттік техниканы дайындауда:

      барлық парашют (парашют жүйесі) мен аспап тексерілген, жиналған (құрастырылған), пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық қарап-тексерілген;

      парашюттік-десанттық техникаға арналған құжаттама ресімделген;

      парашюттік-десанттық техника пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және әдістемелік нұсқауларға сәйкес қолданылады;

      2) парашютшілердің рұқсатнамасында:

      жеке құрам әскери бөлім командирінің (мекеме, оқу орны басшысының) – бұдан әрі бөлім командирінің бұйрығымен парашютпен секіруге жіберілген;

      парашютшілер дәрігерлік комиссияменпарашютпен секіруге жіберілген, орындалатын жаттығулар (міндеттер) бойынша сабақ өткізілген;

      алдын ала даярлау жүргізілген;

      әзірлігін бақылауда парашютшілер жоспарланған жаттығулар (міндеттер) бойынша білімдерін "жақсыдан" төмен емес бағаға көрсетті;

      3) парашютпен секіруді ұйымдастыруда:

      тиісті әскери бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген, парашютпен секіруді жүргізуді қамтамасыз ететін лауазымды адамдар;

      медициналық қамтамасыз етудің бар болуы;

      старттық мүліктің, байланыс құралдарының, ауысымға метеоқамтамасыз етудің болуы және метеожағдайдың парашютшілердің даярлық деңгейіне сәйкес келуі;

      парашютпен секіруге және әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаттың болуы.

      34. Парашютпен секіру кезінде парашюттерді мәжбүрлеп (қолмен) аша отырып, тарту бауларының (камералардың, арқандардың, парашют буындарының) карабиндерін жіберуші немесе оның командасы бойынша парашютшілер өздері бекітеді. Барлық жағдайда жіберуші карабиндердің бекітілуін бақылайды.

      35. Қайта жинау, техникалық қарап-тексеру және пайдалану мерзімі өткен парашютпен (парашют жүйесімен) секіруге жол берілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптардың сақталуын бақылауды лауазымды адам (ПДД, ӘДД) жүзеге асырады.

      36. Конструкциясында сақтандыру аспаптарын орнату көзделген барлық парашютпен парашют жүйесінде аспаптар (егер секіру шарттарында өзгеше айқындалмаса) оларды қолдану шарттарына сәйкес орнатылады.

      37. Негізгі парашютте аспаптың іске қосылу биіктігі атмосфералық қысымға байланысты, бірақ қону алаңы жер бедерінің үстінен 600 метрден төмен емес болып белгіленеді.

      Конструкциясында қосалқы парашютте аспапты орнату көзделген парашюттер мен парашют жүйелерінде аспаптың іске қосылу биіктігі қону алаңы жер бедерінің үстінен 300 метрден төмен емес (егер аспапқа нұсқаулықта өзгеше айқындалмаса) болып белгіленеді.

      Электрондық аспаптың іске қосылу биіктігі аспаптың алдын ала белгіленген жұмыс режимдерімен айқындалады.

      38. Парашютпен секіруге дайындық кезінде әуе кемесінің экипажы жіберушімен бірге десанттық-көлік жабдығының бар болуы мен жай-күйін (егер ол конструкцияда көзделсе), есіктің жиегін (өткір жиектің болмауын) және парашютпен секіру қауіпсіздігіне ықпал ететін әуе кемесінің конструкциясында көзделген басқа да элементтерді, бар болған кезде жарық және дыбыс дабылдамасының ақаусыздығын тексереді.

      39. Секіруге басшылық жасау үшін жетекші ұшуға басшылық жасау тобымен және парашютшілерді десанттауды жүзеге асыратын экипажбен екіжақты радиобайланысты орнатады. Парашютпен секіру жетекшісі мен әуе кемесінің командирі арасындағы тұрақты екіжақты байланыссыз десанттауға жол берілмейді.

      40. Экипаж парашютшілерді әуеайлақтан алыс орналасқан алаңдарға десанттаған кезде парашютшілерді түсіру басталғанға дейін алаңда парашютпен секіру жетекшісімен байланысты орнатады және қону алаңында алаңның парашютшілерді қабылдауға дайын екенін білдіретін көрініп тұратын белгінің болуына көз жеткізеді.

      41. Парашютпен секіруді ұйымдастыру кезінде жергілікті жер бедері, желдің соғу режимі, төселетін беттің біркелкі жылынбау мүмкіндігі және атмосфераның жоғары турбуленттігі ескеріледі.

      Ауданы 1 шаршы километрден асатын және жағалау сызығынан 1,5 километр жақын су тоғанына жақын жерде парашютпен секіру кезінде парашютшілер құтқару кеудешелерімен немесе белдіктерімен жабдықталады, ал су тоғандарында жүзу құралдары және абайсызда су тоғанына түскен парашютшілерге көмек көрсету құралдары бар кезекші құтқарушылар тағайындалады.

      42. Парашютші парашютпен секіру үшін оны екі рет тексермей әуе кемесіне отырғызуға жіберілмейді.

      43. Әуе кемесінің бортында барлық парашютші жіберушінің командаларын орындайды. Егер бортта парашютші қалған болса, жіберушіге әуе кемесін тастап кетуге жол берілмейді.

      44. Жеке құрам мен жүктерді (техниканы) бірге десанттау кезінде бірінші кезекте жүк (техника) десантталады.

      45. Жеке пайдаланудағы рұқсат етілмеген құралдармен фото және бейнетүсірілім жүргізуге жол берілмейді. Парашюттік даярлық бойынша (ПДД, ӘДД) теориялық (практикалық) сабақтардың өткізілуін сапалы талдау мақсатында бөлім командирінің бұйрығымен рұқсат етілген даярланған адамдардың фото-бейнетүсірілім жүргізуіне жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптардың сақталуын бақылауды лауазымды адам (ПДД, ӘДД) жүзеге асырады.

      46. Парашютпен секіру басталғанға дейін парашютші (десантшы):

      1) парашютін, керек-жарағын, қару-жарағын дайындайды және тексереді;

      2) медициналық қарап-тексеруден (сұрау) өтеді;

      3) секіру алдындағы даярлықтан (нұсқау беруден) өтеді.

2-параграф. Парашютпен секіру кезіндегі ерекше жағдайлар

      47. Парашюттік даярлық (ПДД, ӘДД) процесінде әрбір парашютші (десантшы) ерекше жағдайларда әрекет ету дағдыларын зерделейді және меңгереді, оларға:

      1) әуе кемесіндегі;

      2) еркін қалықтаудағы (қалыпты төмендеудегі);

      3) парашют күмбезінің астындағы;

      4) қону кезіндегі әрекеттер жатады.

      48. Ерекше жағдайлардағы парашютшінің әрекеті және қосалқы парашютті қолдану парашютпен секіруге жердегі (секіру алдындағы) және алдын ала даярлық кезінде пысықталады.

      49. Ұшу немесе қону режимінде әрбір парашютші әуе кемесін мәжбүрлі тастап кету әрекетіне дайын болуы қажет. Ең төменгі қауіпсіз тастап кету биіктігі негізгі, қосалқы парашюттің техникалық сипаттамаларымен және ұшу бейінімен айқындалады. Әуе кемесін тастап кетуге команданы экипаж береді, одан кейін оны жіберуші қайталайды.

      Мәжбүрлі тастап кету алдында жіберуші (экипаж мүшесі), егер бұл әуе кемесінің конструкциясында көзделсе, ол арқылы тастап кету немесе оны түсіріп жіберу жүргізілетін есікті (люкті) ашады.

      Жіберуші парашютшілердің әуе кемесін мәжбүрлі тастап кету қағидаларын сақтауын қадағалайды және әуе кемесін парашютшілердің соңғысы болып тастап кетеді.

      Әуе кемесі авариялық қону кезінде парашютшілер жайсыз қонуға дайындалады, егер олар әуе кемесінің конструкциясында көзделсе, қауіпсіздік белдіктерін тағады, иегін кеудесіне қысып, басын қолымен жабады, аяғын бүгіп, кеудесіне қарай жинайды. Қонғаннан кейін әуе кемесін шұғыл тастап шығып, қауіпсіз қашықтыққа кетеді.

      50. Түсіру жүргізілетін әуе кемесінің бортында ілініп қалған парашютшіге көмек көрсету құралдары (жүгі, пышағы және ұшында карабині бар сақтандыру бауы) немесе әуе кемесінің конструкциясында көзделген құралдар болады.

      51. Ілініп қалу анықталған кезде жіберуші:

      1) парашютшілерді түсіруді тоқтатады;

      2) парашютшінің жай-күйін айқындайды, мүмкіндігінше оған көрініп, байланыс орнатады;

      3) экипаж командирімен әрекет етуді келіседі, әуе кемесінің бортына баудың карабинін бекітеді, жүгі және басқа карабині (пышағы) бар баудың екінші ұшын парашютшіге береді;

      4) мүмкіндігінше (адамдардың, механикаландыру құралдарының болуы) парашютшіні әуе кемесіне тартып алады.

      52. Парашютшіні әуе кемесінің бортына тартып алу мүмкін болмаған кезде:

      1) қосымша биіктікке көтерілгеннен кейін парашютшіге оның қосалқы парашютті ашуға дайындалуы керек екенін белгілер арқылы көрсетеді;

      2) егер парашютші өз бетінше әрекет етуге қабілетсіз болса, онда жіберуші ұшақты жерге қондыру кезінде парашютші жерге түскен сәтте тарту бауын кесіп жібереді.

      53. Ілініп қалған кезде экипаж командирі:

      1) жіберушімен әрекет етуді келіседі;

      2) ұшу жетекшісіне баяндайды;

      3) ұшу жетекшісінің командаларын орындайды, қажет болған кезде әуе кемесін биікке көтереді.

      54. Ұшу жетекшісі экипаждың даярлық деңгейін, парашютшінің жай-күйін және оның өз бетінше әрекет ету қабілетін ескере отырып (жіберуші мен экипаждың баяндауы бойынша), парашютші мен әуе кемесі экипажының өмірін сақтауға ұмтыла отырып шешім қабылдайды және экипаж командиріне авариялық жағдайда әрекет ету бойынша команда береді.

      55. Парашютші бортының сыртына ілініп қалған әуе кемесін қондыру үшін қону алаңы айқындалады. Әуе кемесін қондыру алаңына дәрігері бар санитариялық және өрт сөндіру машиналары жіберіледі.

      56. Парашютшінің тікұшақтың сыртына ілініп қалған кездегі әрекеті:

      1) ілініп қалу анықталған кезде жіберуші түсіруді тоқтатады;

      2) парашютшінің жай-күйін айқындайды, оған көрініп, байланыс орнатады;

      3) экипаж командиріне ілініп қалу туралы және өзінің әрекет ету жоспары туралы баяндайды;

      4) ілініп қалған парашютшінің парашют жүйесінің карабинін парашютті мәжбүрлі ашу арқанынан ағытпай, оған тікұшақ салонындағы мықты бекітілген элементтерге осы баудың басқа карабинін іліп сақтандыру бауының карабинін береді. Салонға тыстары (камералары) бар тарту бауларын жинайды және экипаж командиріне қонуға дайын екені туралы баяндайды;

      5) төмендеп келе жатқанда парашютшіні ұдайы қадағалап отырады және экипаж командиріне парашютшінің жерге түскені туралы баяндайды. Қонғаннан кейін оның ауаға толуына жол бермей, парашютшіге парашютті жинауға көмектеседі.

      57. Ілініп қалған кезде экипаж командирі:

      1) кенеттен маневр жасауға жол бермей, тікұшақты төмендеуге ауыстырады;

      2) 20 метр биіктікте қалықтау режиміне жайлап ауыстырады;

      3) қалықтау режимінен парашютшінің жерге түскені туралы баяндауға дейін жайлап төмендеуді орындайды. Күмбезді тыстың негізгі винтке тиюіне жол бермей, бір мезгілде оңға жылжи отырып, одан әрі төмендеуді жүргізеді.

      58. Парашюттің толық ашылмауына:

      1) ранецтің ашылмауы;

      2) тұрақтандырғыштың тоқтамай жұмыс істеуі;

      3) тыстың ашылмай қалуы (парашют күмбезінің камерадан шықпауы);

      4) тартатын парашюттің дене мүшесіне (керек-жарақтың немесе парашют жүйесінің элеметтеріне) ілініп қалуы – "доға";

      5) бір немесе екі бос ұштың өздігінен ажыратылып кетуі жатады.

      59. Парашюттің негізгі ішінара ашылмауына:

      1) күмбездің арқанмен айқасып оралып қалуы;

      2) күмбездің жыртылуы;

      3) күмбез арқанының үзілуі;

      4) кертік құрылғысының орнына келмеуі;

      5) "Қанат" типіндегі парашюттердің бір және одан көп секциясының ауаға толмай қалуы ("жабысып қалуы");

      6) арқанның бұралып қалуы жатады.

      60. Негізгі парашют толық немесе ішінара ашылмаған барлық жағдайда ашылмау себептерін жою мүмкін болмаған кезде қосалқы парашют қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады