О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 10 июля 2024 года № 254. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2024 года № 34723

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17060) следующие изменения:

      в Правилах мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту и (или) лицензии на недропользование, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Мониторинг осуществляется на основе анализа отчетности, представляемой недропользователями в соответствии с Кодексом, данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, и сведений, полученных государственным органом из иных источников, в том числе из иной документации, подлежащей представлению недропользователями.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Мониторинг на основе данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, иных документов и сведений, ставших известными государственному органу в соответствии с законодательством Республики Казахстан, осуществляется по мере их поступления.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Анализ представленной недропользователем отчетности, данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, иных документов и сведений производится в том числе путем сопоставления:

      1) содержания, размера и условий обязательств по лицензиям и контрактам со сведениями об их выполнении в представленной отчетности;

      2) сведений из представленной отчетности со сведениями о содержании, наличии или отсутствии проектных документов, обеспечений исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по недропользованию, требуемых в соответствии с Кодексом, в отсутствие которых проведение операций по недропользованию запрещается;

      3) сведений о расходах, указанных в отчетности, с отчетами аудиторов, подтверждающих указанные сведения о расходах, в случаях, когда такое подтверждение является обязательным согласно Кодексу;

      4) сведений об уплате платы за пользование земельными участками (арендных платежей) и подписного бонуса, платы по возмещению исторических затрат по условиям лицензий и контрактов на недропользование со сведениями, представленными налоговыми (по запросу) и иными государственными органами;

      5) сведений уполномоченного органа в области твердых полезных ископаемых по отчетности о приобретенных товарах, работах и услугах и доле внутристрановой ценности в них, представленной посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей" с обязательствами по условиям контрактов и лицензий на недропользование;

      6) сведений, полученных по результатам контроля за соблюдением условий контрактов и лицензий на недропользование, государственного контроля и надзора государственных органов, полученных из иных государственных органов и источников со сведениями по представленной отчетности и условиями контрактов и лицензий на недропользование.".

      2. Департаменту недропользования Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 шілдеде № 34723 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17060 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мониторинг Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерін және Мемлекеттік орган өзге көздерден, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар табыс етуге тиіс өзге де құжаттамадан алған мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органға белгілі болған өзге құжаттар мен мәліметтердің негізінде олардың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерді, өзге де құжаттар мен мәліметтерді талдау, оның ішінде мыналарды:

      1) ұсынылған есептілікте олардың орындалғаны туралы мәліметтермен бірге лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің мазмұнын, мөлшерін және талаптарын;

      2) жобалық құжаттардың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің және Кодекске сәйкес талап етілетін, олар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын құжаттардың мазмұны, болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен бірге ұсынылған есептіліктен алынған мәліметтерді;

      3) осындай растау Кодекске сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда, шығыстар туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын аудиторлардың есептерімен бірге есептілікте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді;

      4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны (жалдау төлемдерін) және қол қойылатын бонусты, салық (сұрау салу бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың шарттары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақыны төлеу туралы мәліметтерді;

      5) жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар мен лицензиялардың талаптары бойынша міндеттемелері бар, "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есептілік бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның мәліметтерін;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша алынған, өзге де мемлекеттік органдардан және көздерден алынған, ұсынылған есептілік және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптары жөніндегі мәліметтермен бірге мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі