О внесении изменений в некоторые приказы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июля 2024 года № 281. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2024 года № 34837

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 15 января 2016 года № 20 "Об утверждении Правил включения в региональную квоту приема кандасов и переселенцев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13334) следующее изменение:

      в Правилах включения в региональную квоту приема кандасов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Для получения государственной услуги "Включение в региональную квоту приема кандасов" этнические казахи, ранее не включавшийся в региональную квоту и получивший статус кандаса на условиях, предусмотренных подпунктом 1) пункта 9 Правил присвоения или продления статуса кандаса, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан 22 июля 2013 года № 329-Ө-М (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8624), вдовы кандасов и их общие дети прибывшие после включения кандаса в региональную квоту приема кандасов и (или) родившиеся в Республике Казахстан до получения их родителями гражданства Республики Казахстан, а также этнические казахи получившие статус кандаса, проживающие на территории Республики Казахстан представляют заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с приложением документов, указанных в пункте 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги согласно приложению 2 к настоящим Правилам:

      1) в местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения регионов, определенных подпунктом 2) пункта 3 статьи 112 Социального Кодекса (далее – Услугодатель);

      2) портал "Migration.enbek.kz";

      3) через Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация);

      4) через веб-портал "электронного правительства" (далее - веб-портал).".

      2. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 234 "Об утверждении Правил добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32880) следующие изменения:

      в Правилах добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Социального Кодекса Республики Казахстан (далее – Социальный кодекс) и определяют порядок добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы.";

      пункт 2 исключить;

      пункт 66 изложить в следующей редакции:

      "66. После прибытия на новое место жительства и включения в региональную квоту кандасам и переселенцам и членам их семей, выплачивается материальная помощь в соответствии с подпунктом 1) пункта 4 статьи 112 Социального кодекса.

      Лица, расторгнувшие брак (супружество) за последние 36 месяцев до участия в мерах добровольного переселения лиц для повышения трудовой мобильности, предоставляют справку о государственной регистрации расторжения брака (супружества) в книге записи актов гражданского состояния.".

      3. Комитету по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      4) доведение настоящего приказа до сведения акиматов областей и городов Астана, Алматы и Шымкент для руководства в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 шiлдедегi № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 шiлдеде № 34837 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бұрын өңірлік квотаға енгізілмеген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарда қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары және (немесе) ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін алу үшін:

      1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағы 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші);

      2) "Migration.enbek.kz" порталы;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.".

      2. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және өңірлік квотаға енгізілгеннен кейін қандастар мен қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес материалдық көмек беріледі.

      Еңбек мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару шараларына қатысқанға дейін соңғы 36 ай бұрын ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар азаматтық хал актілерін жазу кітабында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      4) осы бұйрықты облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі