Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен
бекітілген

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен арадағы, тараптардың құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      3) бейімделу және интеграциялық қызметтер – қоғамға бейімделу және ықпалдасу мақсатында қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілетін қызметтер кешені (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру);

      4) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;

      5) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      6) "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Көші-қон полициясы" АЖ) – шетелдіктерді, босқындарды және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу, тіркеу қызметін автоматтандыруға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі;

      7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      9) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелер;

      10) "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Қандас" ААЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;

      11) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе қандас мәртебесін беру жөніндегі этникалық қазақтардың өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған комиссия;

      12) қоныстандыру өңірлері – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлер;

      13) "Құтты мекен" ақпараттық жүйесі (Migration.enbek.kz) (бұдан әрі – "Құтты мекен" АЖ) – көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі;

      14) "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильді қосымша – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;

      15) өтініш беруші – қандас мәртебесін алуға және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге үміткер этникалық қазақтар қатарындағы жеке тұлға және оның отбасы мүшелері (бар болса) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алуға үміткер қандастар;

      16) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      18) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2-тарау. Қандас мәртебесін беру тәртібі

      3. Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы не "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы "қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып (бұдан әрі-тізбе), осы Қағидалардың 2 қосымшаға сәйкес береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға түседі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

      Толық емес пакетті және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган Тізбеге сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралыр айып келтіретін мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуын тексеру үшін:

      1) тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне;

      2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы сұрау салулар жібереді.

      7. Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері өтініш берушілердің құжаттар топтамасын алған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айыптаушы мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы немесе болмауы туралы ақпарат жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган аумақтық бөлімшелерден ішкі істер органдарынан және Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ақпарат келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде өзіне қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті Комиссияның қарауына береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе мынадай шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру туралы ұсыныс шығарады:

      1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;

      2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;

      3) өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қайта қосылу үшін және егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру үшін;

      4) алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін не этникалық қазақтар қатарындағы дара кәсіпкерлер.

      5) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса бере отырып.

      Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және хаттамамен ресімделеді

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссия ұсыным шығарған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде:

      1) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қандас мәртебесін беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімді "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жібереді;

      2) өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған кезде:

      өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің деректерін (бар болса) ЖТ МДҚ мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді және ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде "Қандас" ААЖ арқылы "Көші-қон полициясы" АЖ-ға ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салуды жібереді. ЖСН бар екені анықталған кезде жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды және қолда бар ЖСН пайдаланылады;

      "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күні күшіне енеді, оған:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жобасы;

      бейімдеу мен интеграциялаудың жеке жоспарының жобасы қоса беріледі.

      11. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші оған қандас мәртебесін беру туралы шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:

      бейімделу мен интеграцияның жеке жоспарына қол қояды;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қояды;

      қандас мәртебесі туралы шешімнің күшіне енгені туралы "Қандас" ААЖ-да белгісі бар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас куәлігін береді.

      12. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту негіздері Заңның 20 бабында көзделген.

3-тарау. Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі

      13. Қандас мәртебесін ұзарту үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған бұйралаушылар әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне бұрын берілген қандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      15. Құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығы мен қолданылу мерзімін тексереді.

      16. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкес құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған күні осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама береді.

      17. Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған күні осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      18. Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің құжатын "электрондық үкімет" шлюзі арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға беруді жүзеге асырады.

      19. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш пен құжаттар келіп түскен күннен бастап оларды бір жұмыс күні ішіде "Қандас" ААЖ арқылы Комиссияның қарауына жібереді.

      20. Комиссия өтініш пен құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін ұзартады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас мәртебесін ұзартудан дәлелді түрде бас тартады.

      21. Комиссияның оң ұсынымы негізінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту жөнінде шешім қабылдайды.

      22. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімі өтініш берушіні кейіннен хабардар ету үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      23. Қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту негіздері Заңның 20-бабында көзделген.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі

      24. Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      25. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды тіркеу күні оны қарау мерзіміне кірмейді.

      26. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      27. Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне қызмет көрсету кезінде олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      28. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      29. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағымды қарауды ұзарту себептерін көрсете отырып хабарлайды.

      30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотта шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

  ____________________________
___________________________
(этникалық қазақ шығатын шет
елдегі мекеме атауы)
____________________________
___________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
_________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
____________________________
(мекенжайы бойынша тұратын)

Қандас мәртебесін беру туралы ӨТІНІШ

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (бар болса)


      Отбасы құрамы мынадай:

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық қатысы

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5









































      Тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме (бар болса) қандас мәртебесін беруді сұраймын.

      1. Көшудің мақсаты – қандастарды қоныстандыру өңірлеріне:

Мемлекет

Қазақстан Республикасы

Облыс/республикалық маңызы бар қала / астана


Аудан


Елді мекен


      2. Көшудің мақсаты – отбасымен бірігу:

ЖСН

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық қатысы

Жеке куәлігінің №

Тұрғылықты мекен-жайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

5

6

























      3. Көшудің мақсаты – жұмыс берушілердің шақыруы бойынша:

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушінің уәкілетті өкілінің
Т. А. Ә. (бар болса)

Орналасқан жері

Байланыс деректері

1

2

3

4









      кәсіби дағдылар

Мамандық

Жұмыс өтілі

Білімі туралы құжат

Еңбек қызметін растайтын құжат

1

2

3

4





      - отбасымен бірігу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық қазақтар қатарынан "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) және 26) тармақшаларына сәйкес отбасы мүшелерімен немесе жақын туыстарымен туыстығын растайтын құжаттар ұсынылады.

      - жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілерден бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуды растайтын құжаттар (еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім) ұсынылады;

      -оқу орнынан анықтама.

      Қандас мәртебесін беру бойынша қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)______________________________________________________________;

      2)______________________________________________________________;

      3)______________________________________________________________;

      4)_____________________________________________________________ :

      ..)________________________________________________________________

      Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. Дұрыс емес мәліметтер алынған визаның күшін жоюға және/немесе қандас мәртебесін беруден бас тартуға негіз бола алатындығы туралы хабарландым.

      20__ жылғы "__" _________ _________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттар қабылданды:

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      20__ жылғы "__" _________ ___________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
2-қосымша
  Үлгі

"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызметтің атауы: "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Жалпы тәртіпте мәртебе алу;
2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде мәртебе алу;
3. Мәртебені ұзарту;
4. Қандас куәлігінің телнұсқасын беру;
5. Қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1. Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін), сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады www.​egov.​kz (бұдан әрі-портал).
2. Қандас мәртебесін ұзартуға өтінішті қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1. Қандас мәртебесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 35 жұмыс күні ішінде.
2. Қандас мәртебесін ұзарту бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде-30 минут, Мемлекеттік корпорацияда-15 минут;
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 минут, Мемлекеттік корпорацияда-20 минут, "бір өтініш" қағидаты бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде-60 минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

Қағаз/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – интернет-ресурста орналастырылған www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерден басқа, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінда дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
4) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары);
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
2. Мәртебені ұзарту үшін:
өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
3. Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:
өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 35 жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) үміткерлердің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін этникалық қазақ ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қолдаухат беретін этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын этникалық қазақтың қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) аумақтық-әкімшілік бірлікте қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
3-қосымша
  Үлгі

Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдау туралы _______жылғы_______ _______ № _______ ХАБАРЛАМА

      Этникалық қазақтың өтініші туралы ____________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұру үшін келуді жоспарлайтын оған

      және оның отбасы мүшелеріне(бар болса) беру туралы ________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қалалар және Астана) қандас мәртебесі тіркелгенін

      хабарлаймыз ______________________

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органының/ шет елдердегі

      мекемесінің атауы)

      кіріс хат-хабарлар ретінде № ______________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (күні)

      және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралатын болады.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)______________________________________________________________;

      2)______________________________________________________________;

      ..)________________________________________________________________

      Құжаттар қабылданды_______________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _________ (қолы) / _________ (күні)

      --------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде қалады

      Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама №______ жылғы ____________ ____

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (этникалық қазақ болған жағдайда)

      Туған күні_______________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________

      Байланыс деректері __________________________________ _________

      (қолы) / _________ (күні)

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
4-қосымша

Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту не ұзарту туралы 20___ жылғы "__" ________ № ________ ШЕШІМ

      __________________________________________________________________

                  (жергілікті атқарушы орган жанындағы комиссияның атауы)

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      _______________________________________ шешім қабылдады

      Қандас куәлігі өтініш беруші осы шешімде көрсетілген қоныстандыру өңіріне келген күннен кейін 3 күн ішінде берілетін болады.

      Қандас мәртебесінің қолданылу мерзімі өтініш беруші осы шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген және қандас куәлігін алған күннен бастап күшіне енеді.

      Басшы ________________ ___________________

      (қолы/мөр орны)

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
5-қосымша

ҚАНДАС КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ КАНДАСА № _________ _____________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы/наименование местного исполнительного органа)

________________________________________
(Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ Отчество
(при его наличии))
Туған күні, айы, жылы/Дата рождения месяц год
"__"______20_ж./г.

Жынысы/Пол ________
Туған жері
(елі)/Место рождения
____________
Азаматтығы/
Гражданство _________

      Қандас куәлігінің қолданылу мерзімі

      Срок действия статуса қандаса с "_"___20__ж./г. бастап по "__"____20__ж./г. дейін



      Қандастың кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері

      Несовершеннолетние члены семьи кандаса

р/с
№ п/п

Тегі/Фамилия, Аты/Имя, Әкесінің аты (бар болса)/ Отчество (при его наличии)

Туған күні, айы, жылы/ Дата рождения месяц год

Жынысы/ Пол

Туыстық қатынасы/ Родственное отношение

ЖСН/ ИИН

1.






2.






3.






….






      Ескертпе/Примечание:

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес қандас куәлігінің мерзімі қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн немесе қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.

      В соответствии со статьей 25 Закона Республики Казахстан "О миграции населения" срок действия удостоверение кандаса прекращается после получения кандасом гражданства Республики Казахстан или по истечении одного года со дня получения статуса кандаса.

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) электродық-цифрлық қол таңбасы Электронно-цифровая подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность) __________________________

Қандас мәртебесі берілген күн Дата присвоения статуса кандаса 20____ жылғы "___" _________
"____" _______20____ года

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
6-қосымша
  __________________________
(жергілікті атқарушы органның
  атауы)
____________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
(мекенжайы бойынша тұратын)

Қандас мәртебесін ұзарту туралы / қандас куәлігінің телнұсқасын беру / қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беру туралы
ӨТІНІШ

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________ байланысты маған (қандас мәртебесінің тоқтатылуымен / қандас мәртебесінің жоғалуымен немесе қандас мәртебесін ұзарту туралы шеші) және менің отбасымның мүшелеріне(бар болса) қандас мәртебесін ұзарту туралы / қандас куәлігінің телнұсқасын беру / қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беруді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:

      1) жұбайы (зайыбы) _____________________________________________;

      2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_________

      ________________________________________________________________;

      3) балалар (оның ішінде асырап алынғандар) және олардың отбасы мүшелері

      _________________________________________________________;

      4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен

      апа-сіңлілері_____________________________________________________.

      Осымен қандас мәртебесін ұзарту бойынша қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "__" ________ ___________________ (өтініш берушінің қолы)

      Өтініш қабылданды: _____________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      20__ жылғы "__" _________ _____________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

  Қандас мәртебесін
беру немесе ұзарту
қағидаларына
7-қосымша

Қандас мәртебесін ұзарту туралы өтінішті қабылдау туралы хабарлама

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      этникалық қазақтың оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қандас

      мәртебесін беру туралы өтініші__________________________________________

      (Мемлекеттік корпорацияның атауы)

      қабылданғанын хабарлаймыз және ол заңда белгіленген тәртіппен және

      мерзімдерде қаралатын болады.

      Құжаттарды қабылдаған _________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).

      _________ (қолы) / _________ (күні)

  Қандас мәртебесін беру
немесе ұзарту қағидаларына
8-қосымша
  (Өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
____________________________
________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы № ____ ҚОЛХАТ ___________________

      (түрін көрсету)

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жергілікті атқарушы органының (мекенжайын көрсету) / "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № _ _ _ бөлімінің (мекенжайын көрсету) осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуына байланысты, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________;

      2) __________________________________________________;

      3) ….

      ____________________________________________________________________

      (Жергілікті атқарушы орган қызметкерінің / Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Телефон _________________

      Алды: ________________________________       _________________

      (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса / көрсетілетін қызметті

      алушының қолы)

      "___" _________ 20___ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады