Об утверждении правил организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 2 сентября 2024 года № 428. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 сентября 2024 года № 35056

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 5-3 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и подпунктом 8) пункта 15 Положения о Министерстве науки высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и послевузовского образования.

      2. Департаменту цифровизации и государственных услуг Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 2 сентября 2024 года № 428

Правила организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4) статьи 5-3 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и подпунктом 8) пункта 15 Положения о Министерстве науки высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" и определяют порядок организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих правилах:

      1) информационная система - организационно-упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      2) объекты информатизации - электронные информационные ресурсы, программное обеспечение, интернет-ресурс и информационно-коммуникационная инфраструктура;

      3) программное обеспечение - совокупность программ, программных кодов, а также программных продуктов с технической документацией, необходимой для их эксплуатации;

      4) база данных - систематизированная совокупность данных, предназначенных для совместного хранения, автоматизированного ведения и администрирования в качестве информационной модели какого-либо объекта.

Глава 2. Порядок организации и функционирования объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования

      3. Объекты информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования осуществляют организацию потоков, данных в информационной среде по пяти направлениям:

      1) информационному - обеспечение единого информационного пространства системы образования;

      2) административному - информационное обеспечение управленческих решений на всех уровнях управления образованием;

      3) оперативному - реализация систем сетевого мониторинга и администрирования, резервного хранения и обработки данных, организация технической связи оперативно-технического персонала;

      4) технологическому - ресурсное и кадровое обеспечение, структуризация подсистем в зависимости от текущих требований, формирование единого технологического комплекса и методик, использование инновационных технологий, оптимизация и технологический консалтинг;

      5) результативному - оперативный мониторинг и оценка успеваемости обучающихся высших учебных заведений посредством информационной системы, на основании сведений, полученных из систем управлением обучением.

      4. Формирование объекта информатизации осуществляется путем приема и актуализации данных:

      1) посредством интеграции с государственными и негосударственными объектами информатизации;

      2) организациями высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) посредством собственных систем управления обучением (Learning management system - LMS (Ленинг менеджмент систем - ЛМС).

      5. Доступ к объектам информатизации предоставляется только зарегистрированным пользователям, имеющим учетную запись. Учетная запись создается на основании заявки/запроса/служебной записки.

      6. Функционирование и интеграции объекта информатизации осуществляется в существующих сетях и коммуникациях через единый шлюз доступа к Интернету и (или) шлюз "электронного правительства" и (или) через интеграционный сервис.

      7. Объекты информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования направлены на автоматизацию государственных услуг, ведение баз данных и информационных систем ОВПО.

      8. Интерфейс объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования поддерживает мультиязычность представления информации на казахском и русском языках, и возможность выбора пользователем языка интерфейса.

      9. Организация и функционирование объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования осуществляется с учетом требований Закона Республики Казахстан "Об информатизации", а также Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832.

      10. Функционирование объектов информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования способствует:

      1) развитию открытой отчетности ОВПО перед гражданами Республики Казахстан;

      2) предоставлению государственных услуг;

      3) сбору и анализу информации об обучающихся, выпускниках и профессорско-преподавательскому составу (далее - ППС) ОВПО для Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан и его структурных подразделений;

      4) ведению единого реестра образовательных программ ОВПО;

      5) оцифровке архивных данных о документах об образовании.

      11. Сбор и актуализация данных в объектах информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования осуществляется путем передачи актуальных данных сотрудниками ОВПО по мере возникновения изменений, с учетом требований, установленных законодательством Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      12. Руководитель ОВПО осуществляет контроль актуализации данных путем проверки сведений в объектах информатизации и обеспечивает достоверность передаваемых данных, в том числе исторических сведений о выпускниках прошлых лет в объектах информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования.

      13. В объектах информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования обеспечивается сохранность исторических данных при внесении и актуализации данных.

      14. В объектах информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования содержатся сведения о контингенте обучающихся по формам и языкам обучения, выпускниках и ППС.

      15. Объект информатизации в области высшего и (или) послевузовского образования поддерживает получение данных из собственных систем управления обучением (Learning management system - LMS (Ленинг менеджмент систем - ЛМС) и передачу данных в синхронном режиме, необходимых для наполнения объекта информатизации высшего и послевузовского образования.

      16. ОВПО обеспечивает бесперебойную работу собственных систем управления обучением (Learning management system - LMS (Ленинг менеджмент систем - ЛМС).

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35056 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялық

      және аэроғарыштық өнеркәсіп

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 428 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;

      2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      3) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      4) дерекқор – қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірлесіп сақтауға, автоматтандырылған жүргізуге және әкімшілендіруге арналған деректердің жүйеленген жиынтығы;

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі

      3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері бес бағыт бойынша ақпараттық ортада берілген ағындарды ұйымдастыруды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық – білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;

      2) әкімшілік – білім беруді басқарудың барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету;

      3) жедел – желілік мониторинг және әкімшілендіру, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйелерін іске асыру, жедел-техникалық персоналдың техникалық байланысын ұйымдастыру;

      4) технологиялық – ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты кіші жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды пайдалану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

      5) нәтижелі – оқытуды басқару жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде ақпараттық жүйе арқылы жоғары оқу орындарының білім алушыларының үлгерімін жедел мониторингтеу және бағалау.

      4. Ақпараттандыру объектісін қалыптастыру деректерді қабылдау және өзектендіру:

      1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытуды басқарудың меншікті жүйелері (Learning management system - LMS (Жүйелердің ленинг менеджменті - ЖМС) арқылы жоғары және (немесе) арқылы жүзеге асырылады.

      5. Ақпараттандыру объектілеріне кіру тек есептік жазбасы бар тіркелген пайдаланушыларға ғана беріледі. Есептік жазба өтінім/сұрау салу/қызметтік жазба негізінде жасалады.

      6. Ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуі және интеграциялануы Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және (немесе) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы және (немесе) интеграциялық сервис арқылы қолданыстағы желілер мен коммуникацияларда жүзеге асырылады.

      7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға, ЖЖОКБҰ дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерін жүргізуге бағытталған.

      8. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің интерфейсі қазақ және орыс тілдерінде ақпаратты ұсынудың көптілділігін және пайдаланушының интерфейс тілін таңдау мүмкіндігін қолдайды.

      9. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      10. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі:

      1) ЖЖОКБҰ-ның Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы ашық есептілігін дамыту;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары, түлектері және профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ПОҚ) туралы ақпаратты жинау және талдау;

      4) ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламаларының бірыңғай тізілімін жүргізу;

      5) білім туралы құжаттардың мұрағаттық деректерін цифрландыру.

      11. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде деректерді жинау және өзектендіру "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, өзгерістердің туындауына қарай ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің өзекті деректерді беруі арқылы жүзеге асырылады.

      12. ЖЖОКБҰ басшысы ақпараттандыру объектілеріндегі мәліметтерді тексеру арқылы деректердің өзектілігін бақылауды жүзеге асырады және берілетін деректердің, оның ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ақпараттандыру объектілеріндегі өткен жылдардың түлектері туралы тарихи мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      13. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде деректерді енгізу және өзектендіру кезінде тарихи деректердің сақталуы қамтамасыз етіледі.

      14. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде оқыту нысандары мен тілдері бойынша білім алушылар контингенті, түлектер мен ПОҚ туралы мәліметтер қамтылады.

      15. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі оқытуды басқарудың өзіндік жүйелерінен (Learning management System - LMS (Ленинг менеджмент жүйелері - ЛМС) деректерді алуды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ақпараттандыру объектісін толтыру үшін қажетті деректерді синхронды режимде беруді қолдайды.

      16. ЖЖОКБҰ оқытуды басқарудың жеке жүйелерінің (Learning management system – LMS (Ленинг менеджмент жүйелері – ЛМЖ) үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.