О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 602 "Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 24 сентября 2024 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2024 года № 35122

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 602 "Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19199) следующее изменение:

      в Правилах применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "При заходе в порт судов, приписанных к данному морскому порту, которые осуществляют рыболовство и деятельность, связанную с разведением и (или) содержанием, выращиванием объектов аквакультуры в морских и территориальных водах Республики Казахстан, владельцем морского порта (оператором морского терминала) предоставляются скидки на обязательные услуги морского порта на условиях и в порядке, им определенных, за исключением регулируемых государством услуг".

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 35122 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19199 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында:

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының теңіз және аумақтық суларында балық аулауды және акваөсіру объектілерін өсіруге және (немесе) күтіп-бағуға, көбейтуге байланысты қызметті жүзеге асыратын осы теңіз портына тіркелген кемелер портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктерді ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі