О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2024 года № 74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2024 года № 35127

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23890) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 113) пункта 15 Положения о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования", утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (далее – Санитарные правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 113) пункта 15 Положения о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" (далее – Положение) и устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к выбору земельного участка под строительство объекта, проектированию, реконструкции, эксплуатации, водоснабжению, водоотведению, теплоснабжению, освещению, вентиляции, кондиционированию, ремонту и содержанию, условиям проживания, питания, обучения и производственной практике, производственному контролю, условиям труда и бытовому обслуживанию персонала, медицинскому обеспечению обучающихся и воспитанников на объектах образования независимо от форм собственности.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Площади помещений учебных кабинетов и аудиторий организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО), технического и профессионального образования (далее – ТиПО), послесреднего образования (далее – ПО), определяются:

      1) не менее 2,5 м2 на 1 обучающегося - для 12 - 15 мест;

      2) 2,2 м2 на 1 обучающегося - для 16 - 25 мест;

      3) 1,8 м2 на 1 обучающегося - для 26 - 49 мест;

      4) 1,5 м2 на 1 обучающегося - для 50 - 75 мест;

      5) 1,3 м2 на 1 обучающегося - для 76 - 100 мест;

      6) 1,2 м2 на 1 обучающегося - для 100 - 150 мест;

      7) 1,1 м2 на 1 обучающегося - для 150 - 350 мест;

      8) 1,0 м2 на 1 обучающегося - для 350 и более мест.";

      пункт 77 изложить в следующей редакции:

      "77. Учебная нагрузка обучающихся организаций образования, реализующих образовательные программы ТиПО, послесреднего и высшего образования устанавливается государственными общеобязательными стандартами дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденными приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29031) и государственными общеобязательными стандартами высшего и послевузовского образования, утвержденными приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28916).";

      пункт 92 изложить в следующей редакции:

      "92. В санитарных узлах объектов устанавливают унитазы, умывальные раковины, средства для мытья и сушки рук, держатели для туалетной бумаги, урны для сбора мусора. Санитарные узлы обеспечиваются туалетной бумагой.

      В объектах для предшкольных классов устанавливаются детские унитазы. Унитазы для обучающихся и воспитанников, размещаются в кабинах с дверями.

      Потребность в санитарных приборах учебных и жилых корпусов объектов предусматриваются согласно приложению 6 к настоящим Санитарным правилам.

      Установка и потребность в санитарных приборах для маломобильных групп населения нормируется в соответствии с требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.";

      дополнить пунктом 92-1 следующего содержания:

      "92-1. Санитарные узлы соответствуют требованиям национального стандарта СТ РК 3845-2023 "Санитарные узлы общеобразовательных школ. Общие требования и требования безопасности.";

      пункт 94 изложить в следующей редакции:

      "94. Допускается размещение объекта для проживания обучающихся и воспитанников в отдельно стоящих зданиях, во встроенно-пристроенных зданиях, а также смежно с учебными корпусами.

      Площадь в спальных помещениях устанавливается не менее 4 м2 на 1 место, в школах-интернатах для детей с последствиями полиомиелита и церебральными параличами – 4,5 м2.

      В общежитиях для обучающихся ТиПО, ПО и ОВПО площадь на 1 человека предусматривается не менее 6 м2.";

      пункт 100 изложить в следующей редакции:

      "100. В общежитиях для обучающихся ТиПО, ПО, ОВПО устанавливается 1 душ, 1 умывальная раковина и 1 унитаз на 4 – 6 человек. Женская кабина личной гигиены предусматривается из расчета 1 кабина на 50 человек и оборудуется унитазом, биде, душем и умывальной раковиной.";

      пункт 139 изложить в следующей редакции:

      "139. При образовании медицинских отходов, которые по степени эпидемиологической опасности относятся к потенциально опасным отходам, их обезвреживают и удаляют в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21934).";

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца двадцать пятого пункта 1 настоящего приказа, который вводится в действие с 1 сентября 2025 года.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 35127 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ), орта білімнен кейінгі (бұдан әрі – ОБК), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-жайларының ауданы:

      1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2;

      2) 16 – 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2;

      3) 26 – 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2;

      4) 50 – 75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;

      5) 76 – 100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2;

      6) 100 – 150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2;

      7) 150 – 350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2;

      8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, дәрет қағазына арналған ұстағыштар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Санитариялық тораптар дәрет қағаздарымен қамтамасыз етіледі.

      Объектілерде мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін унитаздар есіктері жабылатын жабық кабиналарда орналастырылады.

      Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.

      Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.";

      92-1-тармақпен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:

      "92-1. Санитариялық тораптар ҚР СТ 3845-2023 "Жалпы білім беретін мектептердің санитариялық тораптары. Жалпы талаптар және қауіпсіздік талаптары" ұлттық стандартына сәйкес келеді.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруы үшін объектіні жеке тұрған ғимараттарда, кіріктірілген-жапсарлас ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен қатар орналастыруға жол беріледі.

      Жатын бөлмелердің ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиомиелит және церебральды сал ауруы бар балаларға арналған мектеп-интернаттарда-4,5 м2 болып белгіленеді.

      ТжКБ, БҚ және ЖЖОКБҰ білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға арналған алаң кемінде 6 м2 көзделеді.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. ТжКО, ОБКБ және ЖЖОКБҰ білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раквина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раквинамен жабдықталады.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша ықтимал қауіпті қалдықтарға жататын медициналық қалдықтар пайда болған кезде оларды "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) сәйкес залалсыздандырады және жояды.";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі