О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 11 октября 2024 года № 365. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 октября 2024 года № 35256

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 200 "Об утверждении Правил консервации и ликвидации при проведении разведки и добычи углеводородов и добычи урана" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17094) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 1 статьи 126 и пунктом 1 статьи 177 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах консервации и ликвидации при проведении разведки и добычи углеводородов и добычи урана, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила консервации и ликвидации при проведении разведки и добычи углеводородов и добычи урана (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 126 и пунктом 1 статьи 177 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок консервации участка недр и ликвидации последствий недропользования при проведении разведки и добычи углеводородов и добычи урана, а также порядок консервации и ликвидации технологических объектов.".

      2. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 апреля 2020 года № 139 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии на работы и услуги в сфере углеводородов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20383) следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача лицензии на работы и услуги в сфере углеводородов", утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий срок оказания государственной услуги, форму оказания государственной услуги, результат оказания государственной услуги, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги "Лицензия на работы и услуги в сфере углеводородов" приведены в перечне основных требований к оказанию государственной услуги (далее – Требование), согласно приложению 1 к настоящим Правила.";

      часть первую пункта 9 изложить в новой редакции:

      "9. Работник услугодателя в течение 3 (трех) рабочих дней рассматривает заключение работника территориального подразделения и (или) работника услугодателя. При отсутствии оснований для отказа в оказании государственной услуги, указанных в подпункте 1) пункта 9 Требования, услугодатель в течении 1 (одного) рабочего дня осуществляет выдачу лицензии и (или) приложения к лицензии.";

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      строку, порядковый номер 9, изложить в новой редакции:

      "

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) при получении лицензии и (или) приложения к лицензии:
занятие видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории физических или юридических лиц;
не внесен лицензионный сбор;
заявитель (услугополучатель) не соответствует Квалификационным требованиям;
в отношении заявителя (услугополучателя) имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о приостановлении или запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, подлежащих лицензированию;
судом на основании представления судебного исполнителя временно запрещено выдавать заявителю-должнику лицензию;
установлена недостоверность документов, представленных заявителем (услугополучателем) для получения лицензии, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.
2) при переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии является непредставление или ненадлежащее оформление документов;
3) при реорганизации юридического лица-лицензиата в формах выделения и разделения:
непредставление или ненадлежащее оформление документов, необходимых для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии;
несоответствие заявителя Квалификационным требованиям;
если ранее лицензия и (или) приложение к лицензии были переоформлены на другое юридическое лицо из числа вновь возникших в результате разделения юридических лиц-лицензиатов.

      ".

      3. Департаменту государственного контроля в сферах углеводородов недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридический службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечению шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
Е. Аккенженов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министр здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 11 қазандағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 қазанда № 35256 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою, сондай-ақ технологиялық объектілерді консервациялау және жою тәртібін айқындайды.".

      2. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – Талап) тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды. Талаптың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

99

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде: Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
лицензиялық алым енгізілмесе;
өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі болып табылады;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда;
өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда.

      ".

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі