О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 11-1-4/590 "Об утверждении Правил определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности"

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 2 декабря 2024 года № 11-1-4/664. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2024 года № 35435

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 11-1-4/590 "Об утверждении Правил определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26282) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 2:

      подпункт 1) исключить;

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) заявитель – юридическое лицо, Республики Казахстан, реализующее проект, подлежащий определению инвестиционным и подавшее в местный исполнительный орган города республиканского значения (столицы), района (города областного значения) (далее - акимат) заявление об определении проекта инвестиционным для предоставления земельного участка из государственной собственности.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) бизнес-план проекта, разработанный в соответствии с требованиями к составлению бизнес-плана проекта согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) рабочая программа проекта по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      3) акт определения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка по форме согласно приложению 3 к Правилам оказания государственной услуги "Определение кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка", утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 301 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21366) в случае, когда запрашиваемый в рамках Правил земельный участок находится вне населенного пункта, либо в случае отсутствия утвержденных базовых ставок и установленных границ населенного пункта;

      4) справка о государственной регистрации (перерегистрации) заявителя;

      5) копия устава заявителя (не предоставляется при осуществлении заявителем деятельности на основании типового устава);

      6) справка об отсутствии (наличии) задолженности заявителя по налогам и другим обязательным платежам, выданная в течение 5 (пяти) рабочих дней до дня подачи заявления в акимат;

      7) один либо несколько из следующих документов, подтверждающих финансовую состоятельность заявителя для реализации инвестиционного проекта:

      документы, подтверждающие наличие собственных средств заявителя на счетах в банках;

      документы, подтверждающие наличие имущества;

      документы, подтверждающие наличие доли в бизнесе или иные активы;

      документы, подтверждающие обороты (выручку) компании за последние 3 (три) года, предшествующие дате подачи заявки, на основании финансовой отчетности, составленной в соответствии с международными стандартами и международным стандартом для малого и среднего бизнеса;

      документы, подтверждающие наличие кредитной линии или заемных средств;

      документы, подтверждающие обеспечение исполнения обязательств (банковская гарантия, поручительство и иные документы, в соответствии со статьей 292 Гражданского кодекса Республики Казахстан).

      В случае представления неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному частью первой настоящего пункта и (или) документов с истекшим сроком действия, а также отсутствия документа, подтверждающего полномочия представителя заявителя, акимат в течение 2 (двух) рабочих дней со дня предоставления документов возвращает их заявителю без рассмотрения.

      Возврат документов не является основанием для отказа в рассмотрении заявления при повторном обращении заявителя после устранения причин возврата документов.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Условия по подтверждению финансовой состоятельности заявителя для реализации инвестиционного проекта зависят от объема инвестиций и устанавливаются следующим образом:

      1) для проектов с объемом инвестиций от 150 000-кратного до 1 000 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года – подтверждение финансовой состоятельности в размере не менее 50 % от стоимости проектов;

      2) для проектов с объемом инвестиций от 1 000 000-кратного до 7 500 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года – подтверждение финансовой состоятельности в размере не менее 15 % от стоимости проекта;

      3) для проектов с объемом инвестиций от 7 500 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года – подтверждение финансовой состоятельности в размере не менее 5 % от стоимости проекта.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
А. Рахметуллин

      "Согласован"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "Согласован"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 2 декабря 2024 года
№ 11-1-4/664
  Приложение 1
к Правилам определения
проекта инвестиционным
для предоставления
земельных участков
из государственной собственности
  Форма

      "Акиму _________________________________
(города республиканского значения (столицы),
района (города областного значения)
________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии))
От:_____________________________________,
(полное наименование юридического лица)
Бизнес идентификационный номер: _________,
Контактный телефон, адрес: _______________

Заявление

      Прошу рассмотреть возможность определения проекта
      _______________________________________ инвестиционным.
(полное наименование проекта)
Вид проекта:
Цель проекта:
Необходимая площадь земельного участка:
Прилагаемые документы:
1) ____________________________________________________;
2) ____________________________________________________;
3) ____________________________________________________;
4) ____________________________________________________;
5) ____________________________________________________;
6) ____________________________________________________;
7) ____________________________________________________.
Дата _____________ Подпись ___________ ".

"Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 11-1-4/664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 35435 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өтініш беруші – жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – әкімдік) жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;

      2) осы Қағидаларға қоса берілетін 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;

      3) Қағидалар шеңберінде сұрау салынатын жер учаскесі елді мекеннен тыс болған кезде не бекітілген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі;

      4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (өтініш беруші үлгілік жарғы негізінде қызметті жүргізген кезде ұсынылмайды);

      6) әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растайтын келесі құжаттардың бірі немесе бірнешеуі:

      өтініш берушінің банктердегі шоттарында өз қаражатының болуын растайтын құжаттар;

      мүліктің бар екендігін растайтын құжаттар;

      бизнестегі үлестің немесе өзге активтердің болуын растайтын құжаттар;

      шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және халықаралық стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік негізінде түріндегі өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) жылдағы компанияның айналымын (түсімін) растайтын құжаттар;

      несие желісінің немесе қарыз қаражатының болуын растайтын құжаттар;

      міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар (банк кепілдігі, кепілгерлік, шығындарды жабуды қамтамасыз ететін сақтандыру полисі және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 292-бабына сәйкес өзге де құжаттар).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған, сондай-ақ өтініш беруші өкілінің өкілеттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, әкімдік құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қараусыз қайтарады.

      Құжаттарды қайтару құжаттарды қайтару себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растау жөніндегі талаптар инвестициялар көлеміне тәуелді және мынадай түрде белгіленеді:

      1) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен 1 000 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жобалар құнының кемінде 50% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;

      2) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен 7 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жоба құнының кемінде 15% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;

      3) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 7 500 000 еселенген мөлшерінен басталатын жобалар үшін жоба құнының кемінде 5% мөлшерінде қаржылық дәрменділікті растау.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 11-1-4/664 бұйрығына
қосымша
  "Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін
жобаны инвестициялық деп
айқындау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      __________________________________

      республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі, __________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________________

      Кімнен:___________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________________,

      Байланыс телефоны, мекенжайы: ______________________________

Өтініш

      Мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін _______________________________

      (жобаның толық атауы)

      жобаны инвестициялық деп айқындау мүмкіндігін қарастыруды өтінемін.

      Жобаның түрі:

      Жобаның мақсаты:

      Жер учаскесінің қажетті көлемі:

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) __________________________________;

      2) __________________________________;

      3) __________________________________;

      4) __________________________________;

      5) _________________________________;

      6) _________________________________;

      7) _________________________________.

      Күні _____________ Қолы _____________".