Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 декабря 2024 года № 885. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2024 года № 35547

      Примечание ИЗПИ!
      Действует до 31.12.2025

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 68 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует по 31 декабря 2025 года.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Утверждены приказом
Министр финансов
Республики Казахстан
от 27 декабря 2024 года № 885

Правила реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры" (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1-1 статьи 68 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок реализации на территории Республики Казахстан пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры" (далее – Пилотный проект), предусматривающего оформление (внесение) в информационной системе "Электронные счета-фактуры" (далее – ИС ЭСФ) поставщиками и (или) субподрядчиками (соисполнителями), привлеченными для выполнения работ либо оказания услуг в пределах предмета договора о государственных закупках (далее – Договор о ГЗ), договора на поставку товаров, работ и услуг (далее – Договор) путем внесения данных Договора о ГЗ.

      2. В целях настоящих Правил субподрядчиком (соисполнителем) признается лицо, привлекаемое для выполнения работ либо оказания услуг, в пределах предмета Договора о ГЗ.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      3. Участие в настоящем Пилотном проекте осуществляется на добровольной основе.

Глава 2. Участники Пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры"

      4. Участниками пилотного проекта являются:

      1) поставщики, являющиеся налогоплательщиками, зарегистрированными в качестве участника ИС ЭСФ;

      2) субподрядчики (соисполнители), являющиеся налогоплательщиками, зарегистрированными в качестве участника ИС ЭСФ;

      3) органы государственных доходов.

Глава 3. Порядок реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе "Электронные счета-фактуры"

      5. При заключении и расторжении Договора, а также при внесении изменений и (или) дополнений в Договор поставщик или субподрядчик (соисполнитель) оформляет (вносит) в ИС ЭСФ в разделе "Договор на поставку товаров, работ и услуг" модуля "Электронные договоры" следующие данные Договора о ГЗ:

      1) номер;

      2) дата заключения.

      Раздел "Договор на поставку товаров, работ и услуг" предусматривает функции подтверждения, просмотра, редактирования, отклонения, подписания Договора.

      При этом Договор в ИС ЭСФ подписывается сторонами посредством электронной цифровой подписи.

      6. Договор, указанный в пункте 5 настоящих Правил, оформляется (вносится) в ИС ЭСФ не позднее даты совершения оборота, указанного в выписываемом электронном счете-фактуре при реализации товаров, работ и услуг в рамках выполнения Договора о ГЗ.

      7. При привлечении субподрядчиком (соисполнителем) третьих лиц для выполнения условий Договора о ГЗ оформление (внесение) Договора в ИС ЭСФ осуществляется в порядке и срок, установленные в пунктах 5 и 6 настоящих Правил.

      8. Органы государственных доходов предоставляют разъяснения по вопросам методологического характера в части оформления (внесения) Договора в ИС ЭСФ в течение 5 (пяти) рабочих дней, следующих за днем получения запроса от участников настоящего Пилотного проекта.

      9. Сбор, обработка и защита персональных данных при проведении настоящего пилотного проекта, осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 885 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35547 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 885 бұйрықпен
бекітілген

"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (бұдан әрі – МСА туралы шарт) шегінде жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін тартылған өнім берушілер және (немесе) қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) МСА туралы шарттың деректерін енгізу жолымен, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттарды (бұдан әрі – Шарт) ресімдеуді (енгізуді) көздейтін пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсатында МСА туралы шарттың нысанасы шегінде жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін тартылатын тұлға қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) болып танылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұғымдарға сәйкес қолданылады.

      3. Осы Пилоттық жобаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар

      4. Мыналар:

      1) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын өнім берушілер;

      2) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар);

      3) мемлекеттік кірістер органдары Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

3-тарау. "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      5. Шартты жасасу және бұзу кезінде, сондай-ақ Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ЭШФ АЖ-да "Электрондық шарттар" модулінің "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт" бөлімінде МСА туралы шарттың мынадай деректерін ресімдейді (енгізеді):

      1) нөмірі;

      2) жасалған күні.

      "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт" бөлімі растау, қарау, редакциялау, бас тарту, Шартқа қол қою функцияларын көздейді.

      Бұл ретте ЭШФ АЖ-дағы Шартқа тараптар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Шарт ЭШФ АЖ-да МСА туралы шартты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жазып берілетін электрондық шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күннен кешіктірілмей ресімделеді (енгізіледі).

      7. Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) МСА туралы шарттың талаптарын орындау үшін үшінші тұлғаларды тартқан кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде ЭШФ АЖ-да Шартты ресімдеу (енгізу) жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік кірістер органдары осы Пилоттық жобаның қатысушыларынан сұрау салу алынған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға шарттарды ресімдеу (енгізу) бөлігінде әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша түсіндірмелер береді.

      9. Осы Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.