О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 15 сентября 2023 года № 56 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе"

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 10 июня 2024 года № 137. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 13 июня 2024 года № 8593-04

      Иргизкий районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иргизского районного маслихата от 15 сентября 2023 года № 56 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8405) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе, утвержденных указанным решением:

      подпункты 1), 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      "4) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее - МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Иргизского
районного маслихата
М. Турымов

Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 137 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 маусымда № 8593-04 болып тіркелді

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8405 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2 - тармақтың 1), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      "4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы М. Турымов