Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району

Решение Бескарагайского районного маслихата области Абай от 7 октября 2024 года № 21/11-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 8 октября 2024 года № 352-18

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении Правил выдачи жилищных сертификатов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18883) Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер жилищных сертификатов по Бескарагайскому району согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бескарагайского районного маслихата
      М. Абылгазинова

  Приложение 1 к решению
Бескарагайского районного
маслихата
от 7 октября 2024 года
№ 21/11-VIII

Размер жилищного сертификата по Бескарагайскому району

      1. 10% от суммы займа, но не более 1 600 000 (один миллион шестьсот тысяч) тенге в виде социальной помощи.

      2. 10% от суммы займа, но не более 1 600 000 (один миллион шестьсот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2 к решению
Бескарагайского районного
маслихата
от 7 октября 2024 года
№ 21/11-VIII

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Бескарагайскому району

Наименование

1

Дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия

2

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи

3

Лица с инвалидностью первой и второй групп

4

Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью

5

Ветераны боевых действий на территории других государств

6

Ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны

7

Пенсионеры по возрасту

8

Кандасы

9

Лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

10

Семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка

11

Неполные семьи

12

Лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом уполномоченным органом в области здравоохранения

13

Ветераны Великой Отечественной войны


Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қазанда № 352-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 21/11-VIII шешіміне
1-қосымша

Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 21/11-VIII шешіміне
2-қосымша

Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

 
1

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

4

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

5

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

6

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

7

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер

8

Қандастар

9

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар

10

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

11

Толық емес отбасылар

12

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар

13

Ұлы Отан соғысының ардагерлері