Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Мақаншы

Решение маслихата района Мақаншы области Абай от 8 ноября 2024 года № 13-84/VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 18 ноября 2024 года № 369-18

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат района Мақаншы РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Мақаншы, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      Б. Биболов

  Приложение к решению
от 8 ноября 2024 года
№ 13-84/VIII

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах в районе Мақаншы

1. Общие положения

      1. Настоящие порядок разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяет порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Мақаншы.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Мақаншы области Абай".

2. Порядок и размер оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Мақаншы, без истребования заявлений от получателей, на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций, через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      4. Социальная поддержка оказывается лицам, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории района Мақаншы.

      5. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет средств бюджета в размере 12 месячных расчетных показателя.

Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 13-84/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қарашада № 369-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      Б. Биболов

  2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 13-84/VIII Шешіміне
қосымша

Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Абай облысы Мақаншы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Мақаншы ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.