О внесении изменения в решение Карагандинского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 525 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Караганды"

Решение Карагандинского городского маслихата от 28 февраля 2024 года № 16/133. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 14 марта 2024 года № 6568-09

      Карагандинскии городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Карагандинского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 525 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5913) "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Караганды" следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А. Букенов

  Приложение к решению
Карагандинского городского маслихата
от 28 февраля 2024 года
№ 16/133
  Приложение 2 к решению
Карагандинского городского маслихата
от 24 июня 2020 года
№ 525

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования определяются на расстоянии не менее 800 метров на следующих объектах города Караганды:

      1) мест массовых захоронений;

      2) железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.

Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 "Қарағанды қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 16/133 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 наурызда № 6568-09 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 "Қарағанды қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5913 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 16/133
шешіміне қосымша
  Қарағанды қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 525 шешіміне
2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарағанды қаласының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.