О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 "Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан"

Постановление акимата Мангистауской области от 14 ноября 2024 года № 223. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 15 ноября 2024 года № 4746-12.

      Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1.Внести в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 "Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3740) следующие изменения:

      заголовок указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан";

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 123 Земельного Кодекса Республики Казахстан, статьями 18, 43 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях", акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Установить охранную зону вокруг территории республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан шириной двух километров общей площадью 63864,2 гектара, без изъятия земельных участков у собственников и землепользователей.";

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Установить режим и порядок природопользования на территории охранной зоны республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему постановлению.";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2.Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      3.Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Н. Қилыбай

  Приложение
  к постановлению акимата
  Мангистауской области
  от 14 ноября 2024 года
  № 223
  Приложение
  к постановлению акимата
  Мангистауской области от 9 октября 2018 года
  № 240

Режим и порядок природопользования на территории охранной зоны республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      1. В охранной зоне республиканского государственного учреждения "Устюртский государственный природный заповедник" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – заповедник) запрещается:

      1) создание новых населенных пунктов и расширение существующих населенных пунктов;

      2) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы заповедника;

      3) ведение интенсивных форм сельского и лесного хозяйства с применением токсичных для растительного и животного мира пестицидов, ядохимикатов и удобрений;

      4) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод, размещение отходов;

      5) добыча полезных ископаемых;

      6) любительская (спортивная) и промысловая охота;

      7) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      8) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологической системы заповедника (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      9) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      10) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы заповедника.

      2. На территории охранной зоны заповедника могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем заповедника:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений и животных, а также для строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников заповедника, предоставления им служебных земельных наделов.

      3. В охранной зоне заповедника при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 2 настоящего приложения, должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов растительного и животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов государственного природно-заповедного фонда.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 223 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қарашада № 4746-12 болып тіркелді.

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3740 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18, 43-баптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағының айналасында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 63864,2 гектар қорғау аймағы белгіленсін.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 14 қарашадағы
  № 223 қаулысына қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2018 жылғы 9 қазандағы
  № 240 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қорық) қорғау аймағында тыйым салынады:

      1) жаңа елді мекендер құру және бар елді мекендерді кеңейту;

      2) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалану, жаңа технологиялар енгізу;

      3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл және орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізу;

      4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар мен сарқынды суларды төгу, қалдықтарды орналастыру;

      5) пайдалы қазбалар өңдіру;

      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулау;

      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көму;

      8) қорықтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызмет (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салу);

      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіру;

      10) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін басқа да қызмет.

      2. Қорықтың қорғау аймағының аумағында қорықтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарларды эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

      3. Қорықтың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.