Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2024 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18, 43-баптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2024 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағының айналасында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 63864,2 гектар қорғау аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2024 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2024 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2018 жылғы "9" қазан | |
№ 240 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2024 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қорық) қорғау аймағында тыйым салынады:
1) жаңа елді мекендер құру және бар елді мекендерді кеңейту;
2) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалану, жаңа технологиялар енгізу;
3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл және орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізу;
4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар мен сарқынды суларды төгу, қалдықтарды орналастыру;
5) пайдалы қазбалар өңдіру;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулау;
7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көму;
8) қорықтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызмет (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салу);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіру;
10) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін басқа да қызмет.
2. Қорықтың қорғау аймағының аумағында қорықтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарларды эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
3. Қорықтың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.