О внесении изменений в решение маслихата от 18 августа 2020 года № 506 "Об организации и проведении мирных собраний"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 27 мая 2024 года № 101. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 3 июня 2024 года № 10223-10

      Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об организации и проведении мирных собраний" от 18 августа 2020 года № 506 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9392) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению строку "Специализированные места для организации и проведения собраний, митингов и пикетирования" изложить в новой редакции:

      "Специализированные места для организации и проведения мирных собраний";

      пункт 18 приложения 2 к указанному решению изложить в новой редакции:

      "18. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, составляет не менее 100 метров.";

      пункт 20 приложения 2 к указанному решению изложить в новой редакции:

      "20. Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) места массовых захоронений;

      2) объекты железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территории, прилегающие к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность района и жизнедеятельность населения;

      4) территории, прилегающие к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральные железнодорожные сети, магистральные трубопроводы, национальной электрической сети, магистральные линии связи и прилегающие к ним территории.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Костанайского городского маслихата О. Байгабулов

Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 101 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 маусымда № 10223-10 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы "Жиналыстарды, митингтерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар" жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов