О внесении изменений в решение маслихата от 17 ноября 2021 года № 82 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану"

Решение маслихата города Лисаковска Костанайской области от 3 октября 2024 года № 128. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 22 октября 2024 года № 10295-10

      Лисаковский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану" от 17 ноября 2021 года № 82 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 25500) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Лисаковске (далее – возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска" (далее - уполномоченный орган) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка-инвалида на дому.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Для возмещения затрат на обучение на дому заявитель обращается в уполномоченный орган через Государственную корпорацию или на портал с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" (далее – перечень) согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Временно осуществляющий полномочия председателя городского маслихата А. Кан

Мәслихаттың 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 "Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2024 жылғы 3 қазандағы № 128 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қазанда № 10295-10 болып тіркелді

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25500 болып тіркелген) "Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын тұлға А. Кан