Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Камыстинском районе

Решение маслихата Камыстинского района Костанайской области от 22 апреля 2024 года № 171. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 2 мая 2024 года № 10186-10

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Камыстинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Камыстинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Камыстинского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Камыстинского районного маслихата Н. Искаков

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от 22 апреля 2024 года
  № 171

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Камыстинском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в Камыстинском районе в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Камыстинского района" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год, услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от 22 апреля 2024 года
  № 171

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Камыстинского районного маслихата

      1. Решение маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Камыстинском районе" от 22 декабря 2015 года № 331 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6140).

      2. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 18 мая 2016 года № 27 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6449).

      3. Решение маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 29 марта 2017 года № 83 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6990).

      4. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 13 ноября 2018 года № 198 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8091).

      5. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 15 июня 2020 года № 331 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9277).

      6. Решение маслихата "О внесении изменений в решение Камыстинского районного маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 27 октября 2021 года № 65 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25263).

      7. Решение маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Камыстинском районе" от 25 августа 2023 года № 64 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10056).

Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 171 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 мамырда № 10186-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н. Искаков

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 22 сәуірдегі
  № 171 шешіміне
  1 - қосымша

Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қамысты ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 22 сәуірдегі
  № 171 шешіміне
  2-қосымша

Қамысты аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген) шешімі.

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 18 мамырдағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6449 болып тіркелген) шешімі.

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 29 наурыздағы № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6990 болып тіркелген) шешімі.

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 13 қарашадағы № 198 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген) шешімі.

      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 15 маусымдағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9277 болып тіркелген) шешімі.

      6. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 27 қазандағы № 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25263 болып тіркелген) шешімі.

      7. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 25 тамыздағы № 64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) шешімі.