О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Павлодаре

Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 27 марта 2024 года № 133/15. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 29 марта 2024 года № 7527-14

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      1) специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Павлодаре и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) порядок использования специализированных мест в городе Павлодаре и требования к их материально-техническому и организационному обеспечению, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      3) границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Павлодаре, согласно приложению 3 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Павлодарского городского маслихата:

      1) Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 8 января 2021 года № 570/75 "О некоторых вопросах проведения мирных собраний" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7176);

      2) Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 10 декабря 2021 года № 89/12 "О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Павлодаре" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25762);

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по вопросам обеспечения прав и законных интересов граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского городского маслихатаК. Кожин

  Приложение 1
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 27 марта 2024 года
№ 133/15

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Павлодаре и нормы их предельной заполняемости

№ п/п

Специализированное место

Норма предельной наполняемости

1.

Площадь, город Павлодар, площадь Конституции, 1

Не более 1000 человек

2.

Маршрут следования для проведения мирных собраний: город Павлодар, от улицы Астана вдоль сквера "Конституции" до объекта государственного коммунального казенного предприятия "Дворец культуры имени Естая" на площади Конституции, 1

Не более 1000 человек

3.

Площадь, город Павлодар, зона отдыха на Центральной Набережной.

Не более 1000 человек

4.

Маршрут следования для проведения мирных собраний: город Павлодар, зона отдыха на Центральной Набережной от улиц Каирбаева до Луговая

Не более 1000 человек

5.

Площадь, город Павлодар, улица академика Бектурова, 139

Не более 300 человек

6.

Маршрут следования для проведения мирных собраний: город Павлодар, от пересечения улиц МәшҺүр Жүсіп и Луначарского до объекта акционерного общества "Сүт" по улице академика Бектурова, 139

Не более 300 человек

7.

Площадь, город Павлодар, парк имени "Гагарина", улица Ворушина

Не более 300 человек

8.

Маршрут следования для проведения мирных собраний: город Павлодар, от пересечения улиц Камзина и академика Чокина до объекта территории картинга, расположенного в юго-восточной части парка имени "Гагарина"

Не более 300 человек

  Приложение 2
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 27 марта 2024 года
№ 133/15

Порядок использования специализированных мест в городе Павлодаре и требования к их материально-техническому и организационному обеспечению

      1. Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      2. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

      4. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      5. Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      6. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      7. Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      8. По требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов, организатор или представители организатора приостанавливают или прекращают мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 3
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 27 марта 2024 года
№ 133/15

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Павлодаре

      Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 133/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 7527-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналар:

      1) Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Павлодар қаласы мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7176 болып тіркелген) шешім;

      2) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 "Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25762 болып тіркелген) шешім.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

  Павлодар қалалық
маслихатының 2024 жылғы
27 наурыздағы № 133/15
шешіміне 1-қосымша

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

р/р №

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1.

Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1

1000 адамнан артық емес

2.

Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен "Конституция" тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 "Естай атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін

1000 адамнан артық емес

3.

Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы

1000 адамнан артық емес

4.

Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін

1000 адамнан артық емес

5.

Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139

300 адамнан артық емес

6.

Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша "Сүт" акционерлік қоғамының объектісіне дейін

300 адамнан артық емес

7.

Алаң, Павлодар қаласы, "Гагарин" атындағы саябақ, Ворушин көшесі

300 адамнан артық емес

8.

Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан "Гагарин" атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін

300 адамнан артық емес

  Павлодар қалалық
маслихатының 2024 жылғы
27 наурыздағы № 133/15
шешіміне 2-қосымша

Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      2. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      4. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      5. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      6. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      7. Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      8. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Павлодар қалалық
маслихатының 2024 жылғы
27 наурыздағы № 133/15
шешіміне 3-қосымша

Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілерінде жол берілмейді.