Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2024 год по Иртышскому району

Решение Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 22 мая 2024 года № 73-21-8. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 23 мая 2024 года № 7545-14

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2024 год по Иртышскому району в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Иртышского районного маслихата Б. Шингисов

Ертіс ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 73-21-8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 мамырда № 7545-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 -тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов