Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Туркестанской области, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств

Решение Туркестанского областного маслихата от 30 сентября 2024 года № 12/169-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 2 октября 2024 года № 6598-13

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Туркестанской области, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Туркестанского областного маслихата от 5 апреля 2019 года № 37/391-VI "О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Туркестанской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4997).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Временно исполняющий обязанности председателя
      Туркестанского областного маслихата А. Салимов

  Приложение к решению
Туркестанский областной
маслихат
от 30 сентября 2024 года
№ 12/169-VIII

Система мер социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работников, направленных для работы в сельскую местность и поселках, городах районного и областного значения Туркестанской области, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетых средств

      1. Настоящий Порядок разработан на основании Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" определяет систему мер социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работников, направленных для работы в сельскую местность и поселках, городах районного и областного значения Туркестанской области, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств.

      2. Уполномоченный орган по оказанию социальной поддержки (далее- уполномоченный орган) - государственное учреждение "Управление здравоохранения Туркестанской области".

      3. Уполномоченный орган - ежегодно проводит анализ спроса на медицинские и фармацевтические кадры по отдельным специальностям для сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Туркестанской области.

      4. Работодатель - организация здравоохранения, финансируемая из соответствующего бюджета, заключившая трудовой договор с медицинским и фармацевтическим работником в соответствии с Трудовым кодексом;

      5. Медицинские работники, направленные для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения (далее - работники) - физические лица, имеющие профессиональное медицинское образование и осуществляющие медицинскую деятельность.

      6. Фармацевтические работники, направленные для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения (далее - работники) – физические лица, имеющие фармацевтическое образование и осуществляющие фармацевтическую деятельность.

      7. Социальная поддержка работникам является единовременной помощью, осуществляемой за счет бюджетных средств, в качестве социальной гарантии специалистам, направляемым на срок не менее пяти лет в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения.

      8. В пятилетний период не включается время нахождения работника в отпуске без сохранения заработной платы, в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, а также срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, удостоверенный листом о временной нетрудоспособности.

      9. Размер оказания социальной поддержки:

      1) в сельской местности и поселках Туркестанской области, в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      2) в городах районного и областного значения Туркестанской области, в размере 1 000 000 (один миллион) тенге.

      10. Правом на получение социальной поддержки обладает молодой специалист или приглашенный работник, имеющий фактический стаж работы по специальности не менее 3 (трех) лет.

      11. По направлению уполномоченного органа работодатель заключает трудовой договор с работником в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан.

      12. Заявление и документы (копию удостоверения личности, копию диплома о высшем образовании, копию трудовой книжки, копию приказа о принятии на работу в государственную медицинскую организацию), предоставляемые в уполномоченный орган, рассматриваются после предоставления всех документов.

      13. В случае принятия уполномоченным органом решения о переводе работника в связи с производственной необходимостью из одной медицинской организации в другую, расположенную в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения в пределах Туркестанской области, оказанная социальная поддержка за работником сохраняется.

      14. В случае досрочного расторжения трудового договора по инициативе работника либо работодателя, работодатель принимает меры по возврату в доход областного бюджета ранее перечисленных бюджетных средств путем подачи искового заявления в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.

      Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений, предусматривается в трудовом договоре.

      15. Работодатель не позднее 10 рабочих дней с момента утраты работником права на получение социальной поддержки (в случае расторжения трудового договора) извещает об этом уполномоченный орган.

      16. Контроль за исполнением настоящего порядка осуществляет уполномоченный орган.

Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 қазанда № 6598-13 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 37/391-VI "Түркістан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4997 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының
      міндеттерін уақытша атқарушы А. Салимов

  Түркістан облыстық мәслихаты
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 12/169-VIII Шешімге
қосымша

Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      1. Осы тәртіп "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі негізінде әзірленді және ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын қабылдау шеңберінде, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      3. Уәкілетті орган - ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

      4. Жұмыс беруші - медициналық және фармацевтикалық қызметкерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы.

      5. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

      6. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

      7. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      8. Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.

      9. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:

      1) Түркістан облысының ауылдық жерлерінде және кенттерінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Түркістан облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде.

      10. Мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл нақты жұмыс өтілі бар шақырылған қызметкер немесе жас маман әлеуметтік қолдау алуға құқылы.

      11. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасайды.

      12. Уәкілетті органға ұсынылатын өтініш пен құжаттар (жеке куәліктің көшірмесі, жоғары медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі) барлық құжаттар ұсынылғаннан кейін қаралады.

      13. Уәкілетті орган өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерді Түркістан облысы шегінде ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан бір медициналық ұйымнан басқасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметкерге көрсетілген әлеуметтік қолдау сақталады.

      14. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      15. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      16. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.