О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 апреля 2015 года № 82 "Об установлении охранной зоны, размеров, границ, видов режима и порядка природопользования в охранной зоне коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Туркестанской области от 12 декабря 2024 года № 256. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 13 декабря 2024 года № 6628-13

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 апреля 2015 года № 82 "Об установлении охранной зоны, размеров, границ, видов режима и порядка природопользования в охранной зоне коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3168) следующие изменения:

      заголовок указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "Об установлении охранной зоны, размеров, границ, видов режима и порядка природопользования в охранной зоне коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области";

      пункты 1, 2 указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "1. Установить охранную зону, размеры, границы охранной зоны вокруг территории коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области" шириной два километра, общей площадью 263092,5 гектаров.

      2. Установить виды режима природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области согласно приложению к настоящему постановлению.";

      приложение указанного постановления изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Туркестанской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Туркестанской области Д. Сатыбалды

  Приложение к постановлению
акимата Туркестанской области
от 12 декабря 2024 года № 256
  Приложение к постановлению
акимата Южно-Казахстанской
области от "01" апреля
2015 года № 82

Режим и порядок природопользования в охранной зоне коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области

      1. В охранной зоне коммунального государственного учреждения "Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области (далее – Региональный парк) не допускается любая деятельность, отрицательно влияющая на состояние и восстановление экологических систем и находящихся на них объектов государственного природно-заповедного фонда:

      1) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы регионального парка;

      2) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод;

      3) разведка и добыча полезных ископаемых (не распространяется на ранее выданные контракты и лицензии (за исключением общераспространенных полезных ископаемых);

      4) охота;

      5) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      6) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем регионального парка (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      7) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      8) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы регионального парка.

      2. На территории охранной зоны Регионального парка могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем регионального парка:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство, а также рыбоводство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений и животных, а также строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников регионального парка, предоставления им служебных земельных наделов.

      3. В охранной зоне Регионального парка, при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 2 настоящего приложения, должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов растительного и животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов государственного природно-заповедного фонда.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 82 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 256 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 13 желтоқсанда № 6628-13 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 82 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3168 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы";

      көрсетілген қаулының 1, 2-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерінің айналасынан қорғау аймағын, қорғау аймағының мөлшері, шекарасы ені екі шақырымнан, жалпы ауданы 263092,5 гектарда белгіленсін.

      2. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғат пайдаланудың режим түрлері және тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 256 қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы "01"
сәуірдегі № 82 қаулысына
қосымша

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғат пайдаланудың режим түрлері және тәртібі

      1. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Өңірлік парк) қорғау аймағында экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық обьектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін қызметке жол берілмейді:

      1) Өңірлік парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге (бұрын берілген келісім шарттар мен лицензияларға қолданылмайды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда);

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) Өңірлік парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) Өңірлік парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке.

      2. Өңірлік парктің қорғау аймақтарының аумағында өңірлік парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ өңірлік парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      3. Өңірлік парктің қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.