Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Зайсанского района

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 мая 2024 года № 23/8-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 31 мая 2024 года № 9026-16

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Е. Загипаров

  Утвержден
решением Зайсанского
районного маслихата
от 27 мая 2024 года
№ 23/8-VIII

Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района

1. Общее положение

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой Зайсанского района (далее - Почетная грамота) и ее вручения.

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      2. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, спорте, развитии военной, правоохранительной и государственной и местной деятельности, за активный труд в благотворительной деятельности и значительные достижения в общественно-политической деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей, в охране окружающей среды, в воспитании молодежи и подрастающего поколения.

      3. Почетной грамотой награждаются:

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций, внесшие значительный вклад в развитие Зайсанского района;

      2) коллективы хозяйствующих субъектов, организаций, учреждений, творческие коллективы, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности, независимо от форм собственности.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица, имеющие судимость, не погашенные или не снятые в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица, признанные судом недееспособными или ограниченно дееспособными;

      3) лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может быть дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

3. Описание Почетной грамоты

      7. Почетная грамота предоставляет собой папку синего цвета с изображением на лицевой стороне золотистым цветом Герба и надписью заглавными буквами на государственном языке "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА" со вкладышем. Вкладыш изготавливается типографическим способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги формата А4.

      8. На лицевой стороне вкладыша располагается изображение Герба золотистым цветом, с надписью заглавными буквами на государственном языке "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА". Почетная грамота заверяется подписями акима района и председателя районного маслихата. Указывается заданное время.

4. Порядок награждения Почетной грамотой

      9. Представление о награждении Почетной грамотой направляется в районный акимат с указанием фамилии, имени, отчества, даты рождения, месяца, года, образования, места работы и занимаемой должности, общего стажа работы в отрасли по соответствующей профессии или должности в соответствующей организации, достижений, наград и званий.

      10. Представление о награждении Почетной грамотой (за подписью и печатью руководителя соответствующей организации) вносится их руководителями от имени трудовых, творческих коллективов, районных представительных и исполнительных органов, общественных объединений.

      11. Поступившие документы по награждению Почетной грамотой направляются в комиссию при акиме района по награждению (далее - Комиссия) для предварительного рассмотрения и выработки предложения по награждению.

      Согласно положительному заключению комиссии, совместным решением акима района и председателя районного маслихата (или их обязанностей, исполнителей) принимается решение о награждении Почетной грамотой.

      12. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким района или председатель районного маслихата либо иное лицо по их поручению.

      13. Государственное учреждение "Аппарат акима Зайсанского района" реализует мероприятия по документационному и иному обеспечению, а также по учету лиц, награжденных Почетной грамотой.

Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 23/8-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 мамырда № 9026-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Загипаров

  Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 мамырдағы
№ 23/8-VIII шешімімен
бекітілген

Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әскери, құқық қорғау және мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық саяси қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен:

      1) Зайсан ауданының дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары марапатталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) марапаттау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен марапатталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Марапаттау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне ойластырылады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      7. Құрмет грамотасы сыртқы бетінде алтын түспен Елтаңба белгісі салынған, бас әріппен мемлекеттік тілде "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА" деп жазылған, қосымшасы бар көк түсті папка. Қосымшасы А4 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.

      8. Қосымшаның сыртқы бетіне алтын түспен Елтаңба белгісі салынып, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА" деп жазылады. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.

4. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

      9. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныс тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын луазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және марапаттары мен атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.

      10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы (тиісті ұйым басшысының қолы және мөрімен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.

      11. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және марапаттау жөніндегі ұсыныс әзірленуі үшін марапаттау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушылардың) бірлескен шешімі арқылы Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданады.

      12. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.

      13. "Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен марапатталған азаматтардың есебін жүргізеді.