Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2024 год

Постановление акимата города Уральска Западно-Казахстанской области от 11 сентября 2024 года № 2125. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 12 сентября 2024 года № 7429-07

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 154 "Об утверждении Правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11763) и на основании рекомендации комиссии по субсидированию убыточных социально-значимых маршрутов, акимат города Уральска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2024 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Уральска.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Уральск А. Халелов

  приложение к постановлению
заместитель акима
от 11 сентября 2024 года № 2125

Перечень социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2024 год

Наименование маршрутов

1

город Уральск - садоводческое товарищество "Учужный затон" - город Уральск

2

город Уральск - садоводческое товарищество "Барбастау" - город Уральск


Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 2125 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 7429-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Халелов

  әкімінің орынбасары
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 2125 қаулысына қосымша

Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

Маршруттардың атауы

1

Орал қаласы – "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы

2

Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы