Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 января 2025 года № 4-н/қ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 января 2025 года № 35637

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О теплоэнергетике", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом (далее – Правила).

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 июля 2025 года, за исключением подпункта 1) пункта 6 и пункта 8 Правил, которые вводятся в действие с 1 июля 2026 года и подпункта 2) пункта 6 Правил, который вводится в действие с 1 июля 2027 года.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
А. Саткалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр энергетики
Республики Казахстан
от 10 января 2025 года № 4-н/қ

Правила передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами
в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О теплоэнергетике" (далее – Закон) и определяют порядок передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) теплопроизводящий субъект – индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, осуществляющие деятельность по производству тепловой энергии в соответствии с Законом;

      2) теплотранспортирующий субъект – индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, осуществляющие деятельность по транспортировке и (или) реализации тепловой энергии в соответствии с Законом;

      3) уполномоченный орган в области теплоэнергетики (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области теплоэнергетики;

      4) единая государственная система управления топливно-энергетическим комплексом (далее – информационная система уполномоченного органа) – информационная система уполномоченного органа по мониторингу и взаимодействию с субъектами теплоснабжения.

      Иные термины и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области теплоэнергетики.

Глава 2. Порядок передачи данных в информационную систему уполномоченного органа

      3. Субъекты теплоснабжения обеспечивают подключение к информационной системе уполномоченного органа в порядке, предусмотренном Правилами функционирования единой государственной системы управления топливно-энергетическим комплексом, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 6-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике", а также передачу данных с соблюдением требований, указанных в постановлении Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832 "Об утверждении единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности".

      4. К данным, определенным согласно подпункту 1) пункта 6 настоящих Правил, относятся данные о количестве топлива в хранилищах, используемого в производственном процессе, а также объемы воды, используемой во всех технологических процессах теплопроизводящего субъекта.

      5. К данным, определенным согласно подпункту 2) пункта 6 настоящих Правил, относятся данные о состоянии основного технологического оборудования и других вспомогательных систем, получаемых из системы сбора, обработки, отображения и архивирования информации об объекте мониторинга управления, являющейся частью автоматизированной системы управления технологическими процессами.

      6. Теплопроизводящие субъекты, функционирующие в рамках централизованных систем теплоснабжения, осуществляют беспрерывную дистанционную передачу данных в информационную систему уполномоченного органа с систем учета тепловой энергии, установленных на узлах учета теплопроизводящих субъектов обеспечивают передачу данных по трем модулям:

      1) ресурсопотребление (топливо и вода);

      2) данные с автоматизированных систем управления технологическими процессами (далее – АСУ ТП);

      3) данные с приборов коммерческого учета тепловой энергии.

      7. Теплотранспортирующие субъекты, функционирующие в рамках централизованных систем теплоснабжения, обеспечивают передачу данных согласно подпунктам 2) и 3) пункта 6 настоящих Правил.

      8. Теплопроизводящие субъекты, функционирующие в рамках местных систем теплоснабжения, обеспечивают передачу данных согласно подпунктам 1) и 3) пункта 6 настоящих Правил.

      9. Теплотранспортирующие субъекты, функционирующие в рамках централизованных систем теплоснабжения, осуществляют беспрерывную дистанционную передачу данных в информационную систему уполномоченного органа с систем учета тепловой энергии, установленных на узлах учета теплотранспортирующих субъектов.

      10. Данные с приборов коммерческого учета определенных согласно подпункту 3) пункта 6 настоящих Правил, подлежащие передаче:

      1) давление;

      2) температура;

      3) тепловая мощность (Гкал/ч);

      4) объем тепловой энергии, Гкал.

      11. Данные, указанные в пункте 8 настоящих Правил, накапливаются и передаются в режиме реального времени, а также в разрезе часа, суток, месяца в информационную систему уполномоченного органа.

      12. Канал дистанционной передачи данных систем учета тепловой энергии в информационную систему уполномоченного органа образовывается путем использования:

      1) последовательного интерфейса RS-485/RS-232*;

      2) стандарта беспроводной связи типа "GSM" – (Глобальная система мобильной связи).

      Примечание: * RS-232 и RS-485 последовательные интерфейсы, предназначенные для цифровой передачи данных. Данные интерфейсы обеспечивают возможность доступа к измерительным, расчетным и установочным параметрам. Поддерживают протокол RTU ModBus. Скорость обмена по интерфейсам RS-232 и RS-485, а также параметры связи, устанавливаются программно.

Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 қаңтарда № 35637 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасын және 8-тармағын және 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 10 қаңтардағы
№ 4-н/қ Бұйрығымен
бекітілген

Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жылу өндіруші субъект – осы Заңға сәйкес жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) жылу тасымалдаушы субъект – осы Заңға сәйкес жылу энергиясын тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      3) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жылу энергетикасы субъектілерін мониторингтеу және олармен өзара іс-қимыл жасау бойынша уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді беруді тәртібі

      3. Жылумен жабдықтау субъектілері "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне қосылуды, сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, деректерді беруді қамтамасыз етеді.

      4. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған деректерге өндірістік процесте пайдаланылатын қоймалардағы отынның мөлшері, сондай-ақ жылу өндіруші субъектінің барлық технологиялық процестерінде пайдаланылатын судың көлемі туралы деректер жатады.

      5. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған деректерге технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бір бөлігі болып табылатын басқару мониторингі объектісі туралы ақпаратты жинау, өңдеу, көрсету және архивтеу жүйесінен алынатын негізгі технологиялық жабдықтың және басқа да қосалқы жүйелердің жай-күйі туралы деректер жатады.

      6. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші субъектілер уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жылу өндіруші субъектілерді есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді мына үш модуль бойынша жүзеге асырады:

      1) ресурстарды тұтыну (отын және су);

      2) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінен ( бұдан әрі – ТПБ АЖ) алынған деректер;

      3) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарынан алынған деректер бойынша беруді қамтамасыз етеді.

      7. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу тасымалдаушы субъектілер осы Қағидалардың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес деректерді беруді қамтамасыз етеді.

      8. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші субъектілер осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес деректерді беруді қамтамасыз етеді.

      9. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу тасымалдаушы субъектілер уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жылу тасымалдаушы субъектілердің есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді жүзеге асырады.

      10. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған коммерциялық есепке алу аспаптарынан беруге жататын деректер:

      1) қысым;

      2) температура;

      3) жылу қуаты (Гкал/сағ);

      4) жылу энергиясының көлемі, Гкал.

      11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген деректер жинақталады және нақты уақыт режимінде, сондай-ақ сағат, тәулік, ай бөлінісінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне беріледі.

      12. Жылу энергиясын есепке алу жүйелерінің деректерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне қашықтықтан беру арнасы:

      1) RS-485/RS-232* бірізді интерфейсін;

      2) "GSM" (Ұялы байланыстың жаҺандық жүйесі) типті сымсыз байланыс стандартын пайдалану жолымен құрылады.

      Ескертпе: * RS-232 және RS-485 цифрлық деректерді беруге арналған бірізді интерфейстер. Бұл интерфейстер өлшеу, есептеу және орнату параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. RTU ModBus протоколын қолдайды. RS-232 және RS-485 интерфейстері бойынша алмасу жылдамдағы, сондай-ақ байланыс параметрлері бағдарламалық түрде орнатылады.