О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 "Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)"

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 18 февраля 2025 года № 9. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2025 года № 35738

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 "Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19768) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с частью первой пункта 4-1 статьи 175 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой), утвержденных указанным приказом (далее – Правила):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой) (далее – Правила) разработаны в соответствии с частью первой пункта 4-1 статьи 175 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой).";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) биржевой товар – стандартизированный однородный товар, включенный в перечень биржевых товаров и (или) перечень социально значимых биржевых товаров, единицы которого идентичны во всех отношениях, имеют сходные характеристики и состоят из схожих компонентов, что позволяет им выполнять те же функции, обладающие свойством полной взаимозаменяемости партий от различных производителей;

      2) антимонопольный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности, контроль и регулирование деятельности, отнесенной к сфере государственной монополии.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Соблюдение субъектами рынка условий, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, обеспечивается антимонопольным органом посредством формирования рабочей группы, в состав которой входят представители антимонопольного органа, государственных органов и Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".";

      пункт 7 исключить.

      2. Департаменту расследований Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан (далее – Агентство) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев седьмого, восьмого, девятого и десятого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 1 июля 2025 года.

      Председатель Агентства
по защите и развитию
конкуренции
Республики Казахстан
М. Омаров

"Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 18 ақпандағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 ақпанда № 35738 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19768 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше жүргізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібін белгілейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "1) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан сәйкес келетін, сипаттамалары ұқсас және ұқсас құрамдауыштардан тұратын, биржалық тауарлардың тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан, толық өзара алмастыру қасиеті бар партиялардың функцияларын орындауға мүмкіндік береді;

      2) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Нарық субъектілерінің осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарды сақтауын монополияға қарсы орган құрамына монополияға қарсы органның, салалық мемлекеттік органдардың және "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобын қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.";

      7-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров