Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19768 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 94 бұйрығымен
бекітілген

Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше жүргізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан сәйкес келетін, сипаттамалары ұқсас және ұқсас құрамдауыштардан тұратын, стандартталған біртекті тауар, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан, толық өзара алмастыру қасиеті бар партиялардың функцияларын, сондай-ақ жедел келісімшартты орындауға мүмкіндік береді;

      2) уәкілетті орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Кодекске сәйкес қолданылады.

2 - тарау. Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібі

      3. Басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауар биржалары мен электрондық сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарының бағасы, егер:

      1) баға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиісті өткізілген сауда-саттық барысында қалыптаспаса;

      2) баға қарастырылып отырған кезеңде осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиісінше өткізілген деп танылатын сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан аспаса;

      3) баға Кодекспен шектеу берілген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбесе монополиялық тұрғыдан жоғары деп танылмайды.

      4. Басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауар биржалары мен электрондық сауда алаңдарында сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарының бағасы, егер:

      1) баға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиісті өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасса;

      2) баға қарастырылып отырған кезеңде осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиісінше өткізілген деп танылатын сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан төмен белгіленбесе;

      3) баға Кодекспен шектеу берілген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбесе монополиялық тұрғыдан төмен деп танылмайды.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тауар биржалары мен электрондық сауда алаңдарындағы сауда-саттық мынадай:

      1) монополияға қарсы органда қарау нысанасы болып табылатын биржалық тауарды өткізу жүзеге асырылатын сауда немесе ақпараттық жүйелерге, тауар биржаларына және өзге де тауарларды электрондық сатып алудың немесе сауда-саттыққа, сауда алаңдарына қашықтан қол жеткізудің болу;

      2) биржалық тауар лотының ең аз және ең көп мөлшері тиісті тауар нарығына қол жеткізуге кедергі келтірмеу;

      3) сауда-саттыққа қатысушы қарау нысанасы болып табылатын биржалық тауарды өткізу бойынша биржадан тыс мәмілелерді тіркеуді жүргізу;

      4) сауда-саттыққа қатысушы жұмыс органының шешімі бойынша сауда сессиялары бойынша тауар көлемін тең бөле отырып, тауар биржаларында немесе электрондық сауда алаңдарында биржалық тауарды үнемі өткізуді жүзеге асыру;

      5) тауар биржасында немесе электрондық сауда алаңында биржалық тауарды өткізу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылу;

      6) сауда-саттыққа қатысушы тауар биржасына немесе электрондық сауда алаңына аффилиирленген тұлғалардың тізімін ұсыну;

      7) сауда-саттыққа қатысушы тауар биржасында немесе электрондық сауда алаңында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген биржалық тауар көлемінің шамасынан кем емес сатуды жүргізу;

      8) тауар биржасының клирингтік орталығының немесе электрондық сауда алаңының шотында жасалған биржалық мәмілені (қайтарымды негізде) орындау кезеңі ішінде мәміле сомасының кемінде 1% үздіксіз болу;

      9) биржалық тауарды өткізу көлемі мен бағасы туралы ақпаратты көрсете отырып, сауда-саттық кестесін орналастыру шарттарының жиынтығы сақталған жағдайда тиісінше өткізілді деп танылады.

3 - тарау. Қорытынды ережелер

      6. Нарық субъектілерінің осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарды сақтауын уәкілетті орган құрамына уәкілетті органның, салалық мемлекеттік органдардың және "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобын қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.

      7. Жұмыс тобының Ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады