Об утверждении Правил деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, форм отличительных знаков журналиста

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 1 апреля 2025 года № 133-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2025 года № 35917

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" и подпунктом 122) пункта 15 Положения Министерства культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) формы отличительных знаков журналиста, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
от 1 апреля 2025 года № 133-НҚ

Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях (далее – Правила), разработаны в соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" (далее – Закон) и подпунктом 122) пункта 15 Положения Министерства культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан" и определяют порядок деятельности журналиста (представителя средства массовой информации) (далее – журналист), присутствующего на мирных собраниях.

Глава 2. Порядок деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях

      2. При осуществлении своей деятельности по сбору, обработке, подготовке сообщений и материалов на мирных собраниях для средств массовой информации, журналист имеет при себе удостоверение журналиста, а также носит отличительный знак по форме, утвержденной в соответствии с Приложением 2 к настоящему приказу.

      3. Журналист при осуществлении своей деятельности:

      1) осуществляет сбор, обработку, подготовку сообщений и материалов, запрашивает, получает и распространяет информацию;

      2) не совершает действия, которые создают помехи для бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности имущества, а также препятствуют свободному передвижению граждан, не участвующих в мирных собраниях.

      3) не препятствует законным действиям организатора и участников мирных собраний, а также сотрудников государственных органов, организаций.

      4. Для обеспечения профессиональной деятельности журналиста местный исполнительный орган принимает меры по обеспечению журналистов Оперативным пресс-центром по запросу средств массовой информации, направляемому в местный исполнительный орган.

      5. Оперативным пресс-центром является место (территория), которое соответствует следующим условиям:

      1) ограничение лентой;

      2) обеспечение достаточной видимости для произведения фото-, видеосъемки и получения интервью;

      3) обеспечение электроснабжением;

      4) обеспечение безопасности журналистов посредством незамедлительного реагирования сотрудников органов внутренних дел, в случае их угрозы жизни и здоровью.

      6. Журналист, осуществляет свою деятельность по сбору, обработке, подготовке сообщений и материалов на мирных собраниях для средств массовой информации, как на месте (территории) Оперативного пресс-центра, так и за его пределами.

      7. В целях сопровождения журналистов к Оперативному пресс-центру, содействия журналистам в получении интервью, комментариев у организаторов и участников мирного собрания, разъяснения мер, направленных на обеспечение безопасности журналистов, местный исполнительный орган обеспечивает участие своего представителя во время проведения мирного собрания.

  Приложение 2 к приказу
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
от 1 апреля 2025 года № 133-НҚ

Формы отличительных знаков журналиста

      Формами отличительных знаков журналиста являются жилет, нарукавная повязка, наклейка. При ношении указанных отличительных знаков необходимо обеспечить их ясную видимость.

      1. Описание жилета:

      1) цвет – ярко-синий;

      2) впереди и на спине жилета по горизонтали прошиты две светоотражающие полоски, шириной не менее 20 миллиметров.

      Впереди и на спине жилета над светоотражающими полосками располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" – высота буквы не менее 40 миллиметров на передней части, на спине – не менее 60 миллиметров, ширина буквы не менее 50 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров. Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" из светоотражающей ткани белого или серебристого цвета.

      Форма жилета – рисунок 1.

      Рисунок 1



      2. Описание нарукавной повязки:

      1) цвет – ярко-желтый;

      2) в центре располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" – высота буквы не менее 40 миллиметров, ширина буквы не менее 30 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров.

      Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" черного цвета.

      Форма нарукавной повязки – рисунок 2.

      Рисунок 2



      3. Описание наклейки:

      1) наклейка представляет собой форму прямоугольника шириной не менее 280 миллиметров, высотой не менее 100 миллиметров;

      2) цвет фона – синий;

      3) в центре располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" – высота буквы не менее 40 миллиметров, ширина буквы не менее 30 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров.

      Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" из светоотражающей ткани серебристого цвета.

      Форма наклейки – рисунок 3.

      Рисунок 3



Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 133-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 35917 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 122) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 1 сәуірдегі
№ 133-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 122) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) (бұдан әрі – журналист) қызметінің тәртібін айқындайды.

2-тарау. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің тәртібі

      2. Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыру кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, сондай-ақ ол осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша айырым белгілерін тағып жүреді.

      3. Журналист өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) хабарлар мен материалдарды жинауды, өңдеуді, дайындауды жүзеге асырады, ақпаратты алады және таратады;

      2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасамайды;

      3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтірмейді;

      4. Журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті атқарушы органға жіберетін сұрау салуы бойынша журналистерді Жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      5. Жедел баспасөз орталығы мынадай:

      1) лентамен шектеу;

      2) фото-, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті түрде көрінуді қамтамасыз ету;

      3) электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

      4) өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел ден қою арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына сәйкес келетін орын (аумақ) болып табылады.

      6. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу, дайындау бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығы орналасқан жерде (аумақта) де, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.

      7. Журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып бару, журналистерге бейбіт жиналыстың ұйымдастырушылары мен қатысушыларынан сұхбат, түсініктемелер алуға жәрдемдесу, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты өткізу уақытында өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 1 сәуірдегі
№ 133-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Журналистің айырым белгілерінің нысандары

      Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.

      1. Кеудешенің сипаттамасы:

      1) түсі – ашық көк;

      2) кеудешенің алдында және арқасында көлденеңнен ені кемінде 20 миллиметр жарық шағылыстыратын екі жолақ тігілген.

      Кеудешенің алдында және арқасында жарық шағылыстыратын жолақтардың үстіне "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" – әріптің биіктігі алдыңғы бөлігінде кемінде 40 миллиметр, арқасында – кемінде 60 миллиметр, әріптің ені кемінде 50 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр. Жазу латын әріптерімен жазылады, ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан "Arial" қарпімен жасалады.

      Кеудешенің нысаны – 1-сурет.

      1-сурет



      2. Жеңдегі таңғыштың сипаттамасы:

      1) түсі – ашық сары;

      2) ортасында "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" – әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.

      Жазу латын әріптерімен жазылады, қара түсті "Arial" қарпімен жасалады.

      Жеңдегі таңғыштың нысаны – 2-сурет.

      2-сурет



      3. Жапсырманың сипаттамасы:

      1) жапсырма ені кемінде 280 миллиметр, биіктігі кемінде 100 миллиметр тікбұрыш нысанында болады;

      2) реңкінің түсі – көк;

      3) ортасында "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" – әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.

      Жазу латын әріптерімен жазылады, күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан "Arial" қарпімен жасалады.

      Жапсырманың нысаны – 3-сурет.

      3-сурет