О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 28 февраля 2024 года № 107 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев"

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 18 апреля 2025 года № 194. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Ұлытау 21 апреля 2025 года № 187-20

      Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сатпаевского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев" от 28 февраля 2024 года № 107 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 106-20) следующее изменение:

      подпункт 5) пункта 5 приложения указанного решения изложить в новой редакции:

      "5) 9 мая – День Победы:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны – 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 46 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьям погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшимся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – 100 000 (сто тысяч) тенге.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 107 "Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 194 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 сәуірде № 187-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының "Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 28 ақпандағы № 107 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 106-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешім қосымшасының 5-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов