О внесении изменений в совместное постановление акимата города Костаная от 11 июля 2022 года № 1441 и решение Костанайского городского маслихата от 11 июля 2022 года № 130 "Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Костаная для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси)"

Совместные постановление акимата города Костаная Костанайской области от 26 мая 2025 года № 1 св и решение маслихата города Костаная Костанайской области от 26 мая 2025 года № 173. Зарегистрированы в Департаменте юстиции Костанайской области 27 мая 2025 года № 10476-10

      Акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ и Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в совместное постановление акимата города Костаная и решение Костанайского городского маслихата "Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Костаная для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси)" от 11 июля 2022 года № 1441 и от 11 июля 2022 года № 130 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28843) следующие изменения:

      пункт 1 указанного совместного постановления и решения изложить в новой редакции:

      "1. Установить льготу в виде бесплатного проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси), следующим категориям граждан города Костаная:

      1) участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      3) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      4) детям с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет;

      5) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа" и "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская Слава" I и II степени;

      6) лицам с инвалидностью первой и второй группы;

      7) лицам, сопровождающим детей с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет;

      8) детям в возрасте до семи лет, если они не занимают отдельного места.";

      пункт 2-1 указанного совместного постановления и решения на государственном языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Костаная М. Жундубаев
      Председатель Костанайского городского маслихата О. Байгабулов

Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 және Қостанай қалалық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 "Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 1 св және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 173 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 мамырда № 10476-10 болып тіркелді

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігі мен Қостанай қалалық мәслихатының "Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 және 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      7) он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға;

      8) егер олар жеке орын алмаса, жеті жасқа дейінгі балаларға.";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тілдегі 2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға;

      2) 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға.".

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жундубаев
      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов