"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
7) он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға;
8) егер олар жеке орын алмаса, жеті жасқа дейінгі балаларға.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 26.05.2025 № 1 св және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 26.05.2025 № 173 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға;
2) 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға.
Ескерту. Бірлескен қаулы және шешім 2-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 22.02.2024 № 2 және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 22.02.2024 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 26.05.2025 № 1 св және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 26.05.2025 № 173 бірлескен қаулыларымен және шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы бірлескен Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыcы мен Қостанай қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушысы | А. Исмагулов |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |