Вопросы поддержки малого предпринимательства

Решение акима Кызылординской области от 17 апреля 1997 года № 477. Зарегистрировано Управлением юстиции Кызылординской области 25 мая 1997 года № 5.

      В соотвествии с Указом Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 года "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства" и в целях создания благоприятных правовых и экономических условий для реализации предпринимательской инициативы граждан области РЕШИЛ:

      1. Создать отдел по поддержке малого предпринимательства при областном управлении экономики с правом юридического лица, за счет его штатных единиц и сметы расходов.

      2. Утвердить Положение об отделе по поддержке малого предпринимательства при областном управлении экономики (прилагается).

      3. Утвердить структуру отдела по поддержке малого предпринимательства с предельной численностью работников в количестве 6 единиц, согласно приложения № 1.

      4. Предоставить право начальнику отдела по поддержке малого предпринимательства утвердить штатное расписание отдела в пределах установленного фонда оплаты труда.

      И.О. Акима С. Нургисаев

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мәселелерi

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 477 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 25 мамырда № 5 болып тіркелді. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/3455 НҚА мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы қорытындысымен (1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38-бабы)

      Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/3455 НҚА мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы қорытындысымен (1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38-бабы)

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес және облыс азаматтарының кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыстық экономика басқармасы жанынан оның штат кестесі және шығындар сметасы есебінен заңдық құқы бар шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлім құрылсын.

      2. Облыстық экономика басқармасы жанындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлім Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлімнің құрылымы № 1 қосымшаға сәйкес қызметкерлердің шектелген саны 6 адам болып бекітілсін.

      4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлімнің бастығына еңбекақы қоры көлемінде бөлімнің штат кестесін бекіту құқығы берілсін.

      Әкімнің міндетін атқарушы С. Нұрғисаев