Инструкция о порядке перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов

Приказ Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 июня 1998г. N 74-П Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 1998 года N 586. Утратила силу - приказом Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и соцзащиты населения РК от 4 января 2000 года N 2-п V001065

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Z970136_ и Постановлением Правительства Республики Казахстан № 1355 от 21 сентября 1997 года "Об утверждении порядка осуществления выплат из накопительных пенсионных фондов" P971355_ приказываю:
      1. Утвердить "Инструкцию о порядке перевода пенсионных накоплений из

накопительных пенсионных фондов".
     2. Юридическому отделу (Семейской Н.А.) направить "Инструкцию о 
порядке перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов" 
в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной 
регистрации.
     
     Директор
          
                            Инструкция 
              о порядке перевода пенсионных накоплений
                 из накопительных пенсионных фондов 
     
                          Общие положения 
     
     Настоящая Инструкция устанавливает порядок перевода пенсионных 
накоплений в случаях перехода вкладчика/получателя в другой накопительный 
фонд по его заявлению, перевода пенсионных накоплений из Государственного 
накопительного пенсионного фонда.
     
          1. Порядок осуществления перевода пенсионных накоплений 
            из одного накопительного пенсионного фонда в другой 
                     накопительный пенсионный фонд 
     


      1.1. При переводе пенсионных накоплений из одного накопительного пенсионного фонда (далее - Фонд) в другой Фонд, получатель подает в Фонд заявление о переводе своих пенсионных накоплений, в котором указываются реквизиты нового Фонда, номер и дата заключения нового пенсионного договора.
      1.2. При получении заявления вкладчика/получателя на перевод пенсионных накоплений в другой Фонд, Фонд производит проверку по учетной книжке вкладчика соблюдения периодичности переходов - не более двух раз в год. При наличии сведений о двух состоявшихся переводах пенсионных накоплений в течение одного календарного года, Фонд отказывает получателю в переводе и выдает получателю письменный ответ с указанием причин отказа.
      1.3. Фонд предоставляет, не позднее, чем за три банковских дня до осуществления перевода, Компании по управлению пенсионными активами (далее Компания) сведения о суммах пенсионных накоплений, переводимых в другой Фонд.
      1.4. Сумма переводимых пенсионных накоплений определяется по индивидуальному пенсионному счету получателя с учетом начисленного инвестиционного дохода на дату перечисления.

      2. Порядок осуществления перевода пенсионных накоплений из
            Государственного накопительного пенсионного фонда
           в негосударственные накопительные пенсионные фонды

      2.1. Государственный накопительный пенсионный фонд (далее - государственный Фонд) может осуществлять перевод в негосударственные накопительные пенсионные фонды (далее - негосударственный Фонд) по заявлению вкладчика/получателя, так и по списку вкладчиков/получателей, представляемому негосударственным Фондом.
      2.2. При осуществлении перевода по списку негосударственного Фонда представляет в государственный Фонд следующие сведения: список вкладчиков/ получателей с указанием фамилии, имени, отчества, даты рождения, социального индивидуального кода вкладчика/получателя, номера и даты заключения пенсионного договора негосударственного Фонда с вкладчиком/ получателем.
      2.3. Списки вкладчиков/получателей представляются негосударственным Фондом в государственный Фонд в электронном виде, а также на бумажном носителе, подписанном руководителем и главным бухгалтером и заверенном круглой печатью.
      2.4. Государственный Фонд проверяет поступившие из негосударственного Фонда сведения для перевода пенсионных накоплений с имеющимися у него данными. При идентичности сведений государственный Фонд составляет платежное поручение на общую сумму по возврату пенсионных накоплений, которое направляется вместе со списком (на электронном носителе по форме МТ102) в банк-кастодиан (далее - Кастодиан) для зачисления на счет негосударственного Фонда.
      2.5. При переводе из государственного Фонда сумма пенсионных накоплений определяется по индивидуальному пенсионному счету с учетом начисленного инвестиционного дохода на дату перечисления.
      2.6. В платежном поручении указывается полное наименование негосударственного Фонда, референс (банковский код перечисляемой суммы) и сумма пенсионных накоплений.
      2.7. При осуществлении перевода по списку за достоверность сведений о заключении договора вкладчиком/получателем с негосударственным Фондом ответственность несет негосударственный Фонд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      2.8. При переводе пенсионных накоплений отдельного вкладчика/ получателя, в государственный Фонд представляется заявление о переводе пенсионных накоплений с указанием реквизитов негосударственного Фонда, номера и даты заключения пенсионного договора.
      2.9. Государственный Фонд производит перечисление пенсионных накоплений в течение семи банковских дней со дня поступления заявления.
(Специалист: Цай Л.Г.
 корректор:  Склярова И.В.)


Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі туралы нұсқаулық

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 9 маусым N 74-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 586. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 04 қаңтардағы N 2-Ө бұйрығымен. ~V001065

      "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 20 маусымдағы Заңына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 P971355_

қаулысына сәйкес бұйырамын:
     1. "Жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі" туралы Нұсқаулық 
бекітілсін.
     2. Заң бөлімі (Семейская Н.А.) "Жинақталған зейнетақыны аудару 
тәртібі" туралы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін. 
     
     Директор
     
     
     Келісілген:                       ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
     ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік    қорғау министрлігінің Ұлттық
     қорғау министрі                       зейнетақы агенттігінің
                                         1998 жылғы "9" маусымдағы
     _____________________                   N 74-П бұйрығымен 
                                                 бекітілген
              
               Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған 
                  зейнетақыны аудару тәртібі туралы 
                             нұсқаулық 
     
                          Жалпы ережелер 
     
     Осы Нұсқаулық жинақталған зейнетақыны салымшы/алушы басқа жинақтаушы 
қорға ауысқан жағдайда, оның өтініші бойынша аудару, Мемлекеттік 
жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібін 
белгілейді.
     
     1. Жинақталған зейнетақыны бір жинақтаушы
      зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы
      қорына аударуды жүзеге асыру тәртібі
     


      1.1. Жинақталған зейнетақыны бір жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі - қор) басқа Қорға аударған кезде алушы Қорға өзінің жинақталған зейнетақысын аудару туралы өтініш береді, онда жаңа Қордың деректемелері, жаңадан жасалған зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
      1.2. Салымшының/алушының жинақталған зейнетақыны басқа Қорға аудару туралы өтінішін алған соң, Қор салымшының есеп кітапшасы бойынша ауыстырудың жылына екі реттен аспайтын тәртібінің сақталуын тексереді. Бір күнтізбелік жыл ішінде жинақталған зейнетақының екі рет аударылғаны туралы мәлімет болған жағдайда, Қор алушыға аударудан бас тартып, оған бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша жауап қайтарады.
      1.3. Қор аударуды жүзеге асырмас бұрын үш банктік күннен кешіктірмей зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға(бұдан әрі - Компания) басқа Қорға аударылатын жинақталған зейнетақы сомасы туралы мәлімет береді.
      1.4. Аударылатын жинақталған зейнетақы сомасы алушының жеке зейнетақы шоты бойынша аудару күніне есептелген инвестициялық кіріс ескеріле отырып белгіленеді.

       2. Жинақталған зейнетақыны Мемлекеттік жинақтаушы
          зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтаушы
          зейнетақы қорына аударуды жүзеге асыру тәртібі

      2.1. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - мемлекеттік Қор) салымшының/алушының өтініші бойынша, сондай-ақ мемлекеттік емес қор ұсынған салымшылардың/алушылардың тізімі бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - мемлекеттік емес Қор) аударуды жүзеге асыра алады.
      2.2. Мемлекеттік емес Қор тізім бойынша аударуды жүзеге асырғанда мемлекеттік Қорға мынадай мәліметтер ұсынады: салымшының/алушының аты-жөні, туған күні, жеке әлеуметтік коды және мемлекеттік емес Қордың салымшымен/алушымен жасасқан зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетілген салымшылардың/алушылардың тізімі.
      2.3. Мемлекеттік емес Қор мемлекеттік Қорға салымшылардың/алушылардың басшы және бас бухгалтер қол қойып, дөңгелек мөрмен расталған тізімі электронды түрде және қағазға шығарып жібереді.
      2.4. Мемлекеттік Қор мемлекеттік емес Қордан түскен мәліметтерді жинақталған зейнетақыны аудару үшін өзіндегі бар деректермен салыстырып тексереді. Мәліметтер бірдей болған жағдайда мемлекеттік Қор жинақталған зейнетақыны қайтару жөнінде жалпы сомаға төлем тапсырмасын толтырады, ол тізіммен бірге (МТ-102 үлгісі бойынша электрон жазбасымен) мемлекеттік емес Қордың есебіне алу үшін кастодиан-банкке (бұдан әрі - Кастодиан) жіберіледі.
      2.5. Мемлекеттік Қордан жинақталған зейнетақыны аударған кезде жинақталған зейнетақының сомасы жеке зейнетақы шоты бойынша аударған күнге есептелген инвестициялық кіріс ескеріле отырып белгіленеді.
      2.6. Төлем тапсырмасында мемлекеттік емес Қордың толық атауы, референсі (аударылатын соманың банктік коды) және жинақталған зейнетақы сомасы көрсетіледі.
      2.7. Тізім бойынша аударуды жүзеге асырғанда салымшының/алушының мемлекеттік емес қормен жасасқан шарты туралы мәліметтерінің дұрыстығына мемлекеттік емес Қор Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
      2.8. Жекелеген салымшының/алушының жинақталған зейнетақысын аударған кезде мемлекеттік Қорға жинақталған зейнетақыны аудару туралы мемлекеттік емес қордың деректері, жасалған зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетілген өтініш тапсырылады.
      2.9. Мемлекеттік Қор жинақталған зейнетақыны өтініш түскен күннен бастап жеті банктік күн ішінде аударады.