О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления инвестиционной деятельности Государственным накопительным пенсионным фондом, утвержденные постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 13 августа 1998 года № 11

Постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 11 июня 1999 года № 35. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7.07.1999г. за N 831. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июля 2003 года N 264 (V032484)

      В связи с принятием Закона  Республики Казахстан "О бюджетной системе" от 1 апреля 1999 года, в соответствии с частью двенадцатой статьи 1 которого ценные бумаги, выпущенные местными исполнительными органами Республики Казахстан, определены как государственные ценные бумаги, а также в целях расширения перечня финансовых инструментов, разрешаемых к приобретению за счет пенсионных активов, и снижения рисков при инвестировании пенсионных активов Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемая "Национальная комиссия") постановляет:
      1. Внести следующие изменения и дополнения в Правила осуществления инвестиционной деятельности Государственным накопительным пенсионным фондом, утвержденные постановлением Национальной комиссии от 13 августа 1998 года № 11 и зарегистрированные Министерством юстиции Республики Казахстан 12 ноября 1998 года за № 641:
      1) в пункте 2:
      подпункт 1) после слов "других государств)" дополнить словами ", за исключением ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан,";
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) на депозиты в банках второго уровня, определенных в соответствии с условиями пункта 3-1 настоящих Правил, и депозитные сертификаты, выпущенные банками второго уровня, которые соответствуют условиям пункта 3-1 настоящих Правил и/или чьи ценные бумаги на дату размещения включены в официальный список ЗАО "Казахстанская фондовая биржа" по категории "А", - не более 20% (с ограничениями, установленными пунктами 5 и 6 настоящих Правил);";
      2) дополнить пунктом 3-1:
      "3-1. Банк, в депозитные сертификаты которого (на депозиты у которого) размещаются пенсионные активы Фонда, на дату размещения должен быть отнесен Национальным Банком Республики Казахстан к первой группе в соответствии с нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан о порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам (за исключением банков первой группы, не соответствующих требованиям к минимальному размеру собственного капитала), либо на него не должны распространяться требования указанных нормативных правовых актов.";
      3) в пункте 5 слово "банковские" исключить;
      4) в пункте 6:
      слово "банковскому" исключить;
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Срок размещения пенсионных и собственных активов Фонда в депозитный сертификат (на депозит в банке второго уровня) не может превышать трех месяцев. До истечения этого срока депозитный сертификат должен быть предъявлен Фондом (Управляющим Фонда) к погашению (согласно условиям выпуска, обращения и погашения депозитных сертификатов данного банка второго уровня) или продан с зачислением причитающихся сумм на инвестиционный счет Фонда у кастодиана, а по депозиту на инвестиционный счет Фонда у кастодиана должны быть зачислены как сумма депозита, так и сумма вознаграждения (интереса) по нему.";
      5) в пункте 8:
      в части первой слово "пяти" заменить словом "десяти";
      в первом предложении части второй слова "Управляющим Фонда" заменить словами "Фондом (Управляющим Фонда)", слова "Управляющего Фонда" заменить словами "Фонда (Управляющего Фонда)";
      6) дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      "8-1. Ходатайство, указанное в части второй пункта 8 настоящих Правил, должно быть получено Национальной комиссией до истечения срока, определенного в соответствии с частью первой пункта 8 настоящих Правил. В случае, если до истечения данного срока осталось менее двух рабочих дней, ходатайство должно содержать объяснение причины его позднего представления.";
      7) в пункте 9 слова "Управляющий Фонда" заменить словами "Фонд (Управляющий Фонда)".
      2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие со дня его принятия.
      3. Юридическому управлению центрального аппарата Национальной комиссии направить настоящее Постановление в Министерство юстиции Республики Казахстан в целях регистрации.
      4. Отделу пенсионной реформы Управления лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) довести настоящее Постановление до сведения ЗАО "Государственный накопительный пенсионный фонд", Национального Банка Республики Казахстан, Министерства финансов Республики Казахстан и Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.
      5. Управлению анализа и стратегии - Службе Председателя центрального аппарата Национальной комиссии довести настоящее Постановление до сведения ЗАО "Казахстанская фондовая биржа" (с возложением на него обязанности по доведению настоящего Постановления до сведения его членов) и ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг".
 
Председатель Национальной комиссии
 
Члены Национальной комиссии

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 11 маусым N 35. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар 1-бабының он екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар ретінде айқындалған "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 көкектегі заңының  қабылдануына байланысты, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және зейнетақы активтерін инвестициялық кезінде тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмірмен тіркелген Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      1) тармақша "эмиссияланған" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 20%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса);";
      2) 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттерге) Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарған сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек.";
      3) 5-тармақта "банктік" деген сөз алып тасталсын;
      4) 6-тармақта:
      "банктік" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қордың зейнетақы және өз активтерін депозиттік сертификатқа (екінші деңгейдегі депозитке) орналастыру мерзімі үш айдан аспау керек. Осы мерзім аяқталғанға дейін Қор (Қордың Басқарушысы) депозиттік сертификатты өтеуге (осы екінші деңгейдегі банктің депозиттік сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудің шарттарына сәйкес) ұсыну немесе есептелген сомаларды Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа есептеп сала отырып сату керек, ал Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа депозит бойынша депозит сомасындай болып та ол бойынша сыйақы (мүдде) сомасы болып та есептеліп салыну керек.";
      5) 8-тармақта:
      бірінші бөліктегі "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "Қор Басқарушысының" деген сөздер "Қордың (Қор Басқарушысының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек.";
      7) 9-тармақтағы "Қор Басқарушысы" деген сөздер "Қор (Қордың басқарушысы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері