О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам учета, государственной регистрации и государственного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним

Закон Республики Казахстан от 10 июня 2003 года N 433

      Внести изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
 

      1. В Указ  Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 21 декабря 1995 г. N 2707 "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 23, ст. 154; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 79; N 12, ст. 184; 1998 г., N 17-18, ст. 225; N 23, ст. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, ст. 233, 247; N 23, ст. 920; 2000 г., N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 13-14, ст. 174; N 17-18, ст. 245; N 20, ст. 257; N 23, ст. 309; 2002 г., N 17, ст. 155):
      подпункт 18) пункта 1 статьи 10 изложить в следующей редакции:
      "18) осуществлять контроль за соблюдением правил дорожного движения и иных нормативов, относящихся к обеспечению безопасности дорожного движения; определять порядок государственной регистрации и учета, а также производить государственную регистрацию и учет легковых, грузовых автомобилей и автобусов, включая изготовленные на их базе специальные автомобили, мотоциклов и мотороллеров, прицепов, предназначенных для движения в составе с автомобилями, проводить их государственный технический осмотр, производить регистрацию и учет лиц, пользующихся ими, в том числе по доверенности, принимать экзамены и выдавать удостоверения на право их управления и управления троллейбусами и трамваями, регулировать дорожное движение;".

      2. В Закон  Республики Казахстан от 15 июля 1996 г. "О безопасности дорожного движения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 14, ст. 273; 2001 г., N 24, ст. 338; Закон  Республики Казахстан от 8 мая 2003 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам страхования", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" 16 мая 2003 г. и "Казахстанская правда" 14 мая 2003 г.):

      1) пункт 3 статьи 18 изложить в следующей редакции:
      "3. Допуск отдельных видов механических транспортных средств и прицепов к участию в дорожном движении по дорогам общего пользования осуществляется уполномоченными Правительством Республики Казахстан органами путем государственной регистрации с выдачей соответствующих документов и государственных регистрационных номерных знаков, регистрации и учета лиц, пользующихся ими, в том числе по доверенности, приема экзаменов и выдачи удостоверений на право их управления.
      Государственная регистрация механического транспортного средства и прицепа без сертификата или другого документа, подтверждающего его соответствие установленным требованиям безопасности, запрещается.
      Государственной регистрации подлежат следующие виды механических транспортных средств и прицепов:
      1) легковые, грузовые автомобили и автобусы, включая изготовленные на их базе специальные автомобили;
      2) мотоциклы и мотороллеры;
      3) прицепы, предназначенные для движения в составе с автомобилями;
      4) тракторы и изготовленные на их базе самоходные шасси и механизмы, прицепы к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходные сельскохозяйственные, мелиоративные и дорожно-строительные машины и механизмы.
      Государственной регистрации не подлежат следующие виды механических транспортных средств и прицепов:
      1) автомобили, тракторы, включая изготовленные на их базе специальные автомобили и тракторы, самоходные шасси и механизмы, прицепы, используемые как технологический транспорт на закрытых территориях;
      2) троллейбусы;
      3) трамваи и другие рельсовые механические транспортные средства;
      4) легковые, грузовые автомобили и автобусы, включая изготовленные на их шасси специальные автомобили, мотоциклы и мотороллеры, зарегистрированные в других государствах и ввезенные на территорию Республики Казахстан на срок менее двух месяцев.";

      2) статью 19 изложить в следующей редакции:
      "Статья 19. Государственный технический осмотр
                  механических транспортных средств

      1. Находящиеся в эксплуатации на территории Республики Казахстан и зарегистрированные в установленном законодательством Республики Казахстан порядке механические транспортные средства и прицепы к ним, тракторы и изготовленные на их базе самоходные шасси и механизмы, прицепы к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходные сельскохозяйственные, мелиоративные и дорожно-строительные машины и механизмы подлежат обязательному государственному техническому осмотру в уполномоченных Правительством Республики Казахстан государственных органах.
      2. Порядок и сроки проведения государственного технического осмотра устанавливаются уполномоченными Правительством Республики Казахстан органами.".

      Президент
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне механикалық көлік құралдарын және оларға тіркемелерді есепке алу, мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық байқау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 маусымдағы N 433-II Заңы

      Қазақстан Республикасының мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      10-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) жол жүрісі ережелерінің және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындауға, сондай-ақ жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлерді, автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды жүргізу және троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихан қабылдауға және куәлік беруге, жол жүрісін реттеуге;".

      2. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 жылғы 16 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 14 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.
      Механикалық көлік құралы мен тіркемені сертификатсыз немесе оның белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжатсыз мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.
      Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатады:
      1) жеңіл, жүк автомобильдері және автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда;
      2) мотоциклдер және мотороллерлер;
      3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелер;
      4) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері.
      Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатпайды:
      1) жабық аумақтарда технологиялық көлік ретінде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді қоса алғанда;
      2) троллейбустар;
      3) трамвайлар және рельспен жүретін басқа да механикалық көлік құралдары;
      4) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан аз мерзімге әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар, олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер.";

      2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік
               техникалық байқаудан өткізу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдарда міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.
      2. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар белгілейді.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті