Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 414-II заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N№2, 186-құжат; 1998 ж., N№24, 447-құжат; 2001 ж., N№23, 309, 321-құжаттар; N№24, 338-құжат):

      1) 11-баптың бірінші бөлігі соңғы абзацындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, "тиіс)." деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      " - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде  белгіленген  тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.";

      2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Сақтандыру

      Жолаушылар теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы  азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N№2697 заң күші бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N№23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N№23, 321-құжат; N№24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат):

      95-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен құрал-жабдықтарының меншік иелері және пайдаланушылары Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.".

      3. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N№14, 273-құжат; 2001 ж., N№24, 338-құжат):

      21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен  толықтырылсын:
      " - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;".

      4. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N№24, 338-құжат):

      10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "сақтандырушысы," деген сөз алып тасталсын.

      5. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N№23, 315-құжат):

      5-тарау алып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады