Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2007 жылғы 3 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1) кіріспедегі:
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзацта»"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің 1992 жылғы 9 қазандағы РҚҚ-72 Шартына қатысу туралы Шешімін," деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-баптың екінші абзацындағы»"Жезқазған" деген сөз "Қарағанды" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 2-баптағы»"Полигонның ӘШҚҚ-72 жөніндегі Шарттың 4-бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келісілген мәлімдемеде бекітілген" деген сөздер алып тасталсын;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен, сондай-ақ Приозерск қаласының жылжымалы және жылжымайтын мүлкімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.";
5) 7-баптың 1-тармағында "статусы Тараптардың жеке келісімімен" деген сөздер ", олардың құрамына кіретін адамдар және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі, сондай-ақ Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Полигон қызметі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен келісім бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі бекітетін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлімшелері, объектілері және ұрыс алаңдары туралы ережемен (бұдан әрі - Полигон туралы ереже) регламенттеледі. Полигонның аталған жұмыстары үшін:";
жетінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрліктерімен" деген сөздер "Қазақстандық Тарап уәкілеттік берген ғылым және жаңа технологиялар мәселелері жөніндегі мемлекеттік органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-баптағы:
екінші абзацтағы "қалпына келтіруді және" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтың қазақша мәтіні өзгеріссіз қалады;
тоғызыншы абзацтағы "қамтамасыз етуді міндеттенеді." деген сөздер ";" деген белгімен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"нысаналар мен ракеталар құлаған алқаптарды қайта өңдеуді (қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен) қамтамасыз етуді міндеттенеді.";
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Полигонның қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп дүлей зілзалаларды жоюға көмек көрсету кезінде Полигон аумағының учаскелерін пайдаланудың тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезінде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің бірлескен шешімдері негізінде жүргізіледі.";
8) 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.";
9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлауды және пайдалы қазбалар өңдеуді жүргізбейді және Полигон аумағында аң аулауды, балық ұстауды және жабайы өсімдіктерді жинауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Полигонда сынақтан өткен қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін сатып алуға басым құқығы бар.";
11) 18-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әскери тасымалдаулар және олар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.";
12) 22-бап бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тараптардың бақылау органдарын құпия мәліметтерді қамтитын жұмыстар мен құжаттарға рұқсаттамасы нысандарының сәйкестігі Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.";
13) 23-баптағы "Шартты" деген сөзден кейін "және осы Келісімді" деген сөздермен толықтырылсын.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей ол туралы жазбаша хабардар етеді.
Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады.
Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН
Осымен 2006 жылғы 4 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментінің
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға
беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін
қамтамасыз ету туралы
КЕЛІСІМ
Әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртібі туралы Келісімнің ережелеріне сүйене отырып;
төменде РҚҚ-72 бойынша Шарт деп аталатын Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1972 жылғы 26 мамырдағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы Шартта бекітілген мақсаттар мен принциптерге өздерінің адалдығын қуаттай отырып;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің 1992 жылғы 9 қазандағы РҚҚ-72 Шартына қатысу туралы Шешімін, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартты, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей федерациясы Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісімді басшылыққа ала отырып;
жылжымалы және тұрақты мүлкімен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Сары-Шаған полигоны және Приозерск қаласының объектілері Қазақстан Республикасының меншігі екендігін ескере отырып, және Тараптардың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы мен экономикасын дамыту мүддесі үшін Сары-Шаған полигонын сақтау және дамыту қажеттігін мойындай отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Осы Келісімнің тақырыбы әрі қарай Полигон деп аталатын Сары-Шаған полигоны мен Приозерск қаласы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы, экономикасын дамыту мүдделері үшін уақытша Полигонның объектілері мен Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін беруі жалға беру шартымен жүзеге асырылады. Полигонның және Приозерск қаласының жалға беру жағдайымен берілетін объектілері мен жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде жасалатын жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
Полигон Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстары аумақтарында орналасқан.
Полигонның жер учаскелерінің шекараларын анықтайтын нүкте координаталарының тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген.
2-бап
Тараптар Полигонның ӘШҚҚ-72 жөніндегі Шарттың 4-бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келісілген мәлімдемеде бекітілген Полигонның іс жүзіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс сынақ полигоны ретінде ерекше статусын растайды.
3-бап
1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалған және қондырылған Полигонның және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
2. Полигонда және Приозерск қаласында 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлікке деген меншік құқығы Полигонның және Приозерск қаласының объектілерін ұстауға, пайдалануға және кезекті жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа беріледі. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлікті жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі біткеннен кейін оны Тараптардың пайдалануын келіседі.
3. Барлық жағдайларда жобалық шешімдердің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшін керекті мәліметтерді беру жолымен жүзеге асырылады.
4-бап
1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келісілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның объектілері мен Приозерск қаласының жер учаскелері, жылжымалы және тұрақты мүлкін береді. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен кейін аталған мүлікті жалға беру шартын дайындау үшін бірлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерін, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды және Приозерск қаласын пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбір жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейінде мүліктік шығын және шығындар мөлшерін бағалайды. Екі мемлекеттің Үкіметтері ақы беру механизмін жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
Осы мақсаттарда Тараптар бірлескен Комиссияға аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді.
2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына берілетін Полигон және Приозерск қаласы объектілерінің жер учаскелерін пайдалану құқығын береді. Ресей Федерациясы өз мүддесінде пайдаланатын Полигонның жерлері үшін (тұрақты немесе мезгілді) ақы төлейді.
5-бап
Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берілетін жылжымалы және тұрақты мүлік, тиісті жер учаскелері тек қана Полигон алдында тұрған тапсырмалардың орындауды қамтамасыз ету үшін мақсатты бағытта пайдаланылуға тиіс. Бұл мүлік пен жер учаскелері Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің жеке және заңды адамдарына субарендаға берілмейді.
6-бап
Жалға беру мерзімі біткенде, сондай-ақ осы Келісімнің күші немесе, жалға беру жайымен берілген жекелеген объектілерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, ресей Федерациясы әрі қарай пайдаланылуға болатындай күйде жалға алынған жылжымалы және тұрақты мүлікті және тиісті жер учаскелерін Қазақстан Республикасына қайтарады.
Барлық жағдайларда мүлік пен жер учаскелерін қабылдау-беру Тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
7-бап
1. Полигонның Ресей Федерациясына берілген объектілерін, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін пайдалануды қамтамасыз ететін әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің құрамына кіреді. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, статусы Тараптардың жеке келісімімен анықталады.
2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен бекітіледі.
3. Полигон бастығын тағайындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің келісімінен кейін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Президентімен жүзеге асырылады.
4. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемі өзгергенде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісуімен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери құрамаларының штаттық құрылымдары мен әскери қызметшілер санында қажетті өзгертулерді жүзеге асырады.
8-бап
Приозерск қаласы Қазақстан Республикасының облыстық бағыныштағы қаласы болып табылады.
Ресей Федерациясына жалға берілген қала объектілерін есептемегенде, Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстау Тараптардың үлес қатысы принциптеріне сүйеніп жүзеге асырылады және жал жөніндегі шартпен анықталады.
Ресей Федерациясының Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға беретін үлесі Қазақстан Республикасына Приозерск қаласы үшін мақсатты бағытта төленеді және Ресей Федерациясының жалға берілген Полигонның объектілері, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін пайдаланғаны үшін төлейтін жал ақысының жалпы құрамына кіреді.
Приозерск қаласының әкімі Полигонның әскери қызметшілерін, жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ өнеркәсіп өкілдерін бөлек ақыға Қазақстан Республикасы заңына сай тұрғын және қонақ үй фондымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жалпыға білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орындар береді.
9-бап
Полигонның қызметі ол туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісімімен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі бекітетін қорғаныс тақырыбындағы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігінің Тараптардың ғылымы мен экономикасының мүддесі үшін жұмыстар тақырыбы бойынша ережелермен реттеледі. Полигонның аталған жұмыстары үшін:
- күрделі құрылыстар жоспарын қоса есептегенде, Полигон мен Приозерск қаласын ұстау мен дамыту жоспарлары;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарлары;
- сынақ жұмыстарын өткізудің жылдық кестелері;
- Тараптар әскерлерінің нақты ракеталарды ұшыратын тактикалық жаттығуларды өткізу жоспарлары;
- қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеудің жылдық жоспарлары негіз болып табылады.
Жылдық жоспарлар мен кестелер оларға қатысы бар жәйттерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Ғылым мен жаңа технология министрліктерімен келісу бойынша, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.
10-бап
Ресей Федерациясы Полигонның объектілерін және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін пайдалану кезінде:
- аталған объектілер инфрақұрылымын қалпына келтіруді және ұстауды;
- Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгілерін сынауды белгіленген шекараларда өткізуді;
- жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздігі мен Полигон аумағында ракеталар ұшыруды қамтамасыз етуді;
- Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің келісуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін сынақ және ұрыс алаңдарын ұрыс атыстарын орындау үшін пайдалануды;
- аталған объектілердің ғылыми-техникалық сынақ кешені мен инфрақұрылымын сақтауды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
- ракеталар мен нысаналар қалдықтарын іздеуді, көшіруді және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
- апаттар салдарын уақытылы жоюды және мөлшері Тараптардың комиссиясымен анықталатын, Қазақстан Республикасына келтірілген зиянның орнын толтыруды;
- Полигон шеңберінде экологиялық жағдайды табиғатты қорғаудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жасау, бекіту және іске асыру жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз етуді міндеттенеді.
Полигон басшылығы жергілікті өкілетті және басқару органдары басшыларымен бірлесе Полигон аумағын мерзімді ауылшаруашылық жұмыстары кезінде пайдалану тәртібін анықтайды.
Полигонның ішкі байланыс жүйелерін, автомобиль және темір жолдарын, жылжымалы составтар мен су көліктерін пайдалану және ұстау осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
11-бап
Полигон пайдаланатын жер учаскелерінде адамдар, өсімдік және жан-жануарлар өміріне қауіп төндіретін радиоактивті, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнімдерді пайдалануға және көмуге тыйым салынады.
12-бап
Ресей Федерациясы экологиялық нормативтерді, су мен жерді пайдалану ережелері мен нормаларын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орындауға міндетті. Полигонның қызметі салдарынан экологиялық зиян келтірген жағдайда, Ресей Федерациясы зардаптарды жоюды жүзеге асырады. Осыған орай іске асыру тәртібі мен зиянның мөлшері арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиямен анықталады.
13-бап
Ресей Федерациясының кәсіпорындары мен ұйымдарына, әскери ведомстволарына, жеке адамдарына Полигон аумағында геологиялық барлау жүргізуге, пайдалы қазбаларды өңдеуге, аңдарды аулау кәсібімен айналысуға, балық аулауға, жабайы өсімдіктерді жинауға тыйым салынады.
14-бап
Шеттен әкелінетін және шетке шығарылатын мүлікті, соның ішінде Приозерск қаласының әскери аймағында кедендік тексеру Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы кеден инспекцияларының өкілдерімен жүзеге асырылады.
15-бап
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Шарт пен ӘШҚҚ-72 бойынша Шартқа сәйкес Полигонда сынақтан өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, соның ішінде жалдық ақы есебінен, алуға басым құқығы бар.
16-бап
Ресей Федерациясы жеке Келісімдер негізінде Қазақстан Республикасына радиоэлектроника мен байланысты дамытуға, әскери, ғылыми және инженер-техникалық мамандарды дайындау және қайтара дайындауға көмек көрсетуге өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығының бірлескен қызметіне, және Ресей Федерациясының Полигонда өз қызметін жүзеге асырушы өнеркәсіптерін ұйымдастыруға, пайдаланылмай жатырған өнеркәсіп күштері мен объектілері базасы негізінде қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорындары мен ұйымдастыру құрылымдарын құруға, басқа мемлекеттер инвесторларын тартуға, Полигонды пайдалануда Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық кәсіпорындарының қатысуына көмек көрсетеді.
17-бап
Осы Келісімнің қосымшасында шекарасы анықталған, Полигон аумағының әуе кеңістігі оның жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады және тыйым салынған аймақ болып есептеледі.
Полигон аумағының әуе кеңістігін пайдалану тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы заңды және басқа да нормативті актілерімен анықталады.
18-бап
Полигон үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жіберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады. Әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, өнеркәсіп сандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жіберілгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.
19-бап
Пайдаланудың белгіленген амортизациялық мерзімін өтеп, техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиісті Ресей Федерациясына уақытша жалға берілетін жылжымалы және тұрақты мүлікке иелік ету, Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келісілген ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілденген мемлекеттік органымен жүзеге асырылады.
20-бап
Полигон және Приозерск қаласының объектілері аумағында сауда-тұрмыс, әлеуметтік, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету Тараптардың жеке келісімдері негізінде жүзеге асырылады.
Полигонның қызметшілер мен жұмысшылар қызметтеріне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкесті барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.
21-бап
Полигон аумағында орналасқан және қызмет атқаратын әскери құрамалар және өнеркәсіп ұйымдарының қызметі Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.
Полигон аумағындағы орналасқан Тараптардың әскери қызметшілері мен әскери құрамаларының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың ұлттық валюта айналымы мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясының Орталық банкісі арасындағы Келісімге сәйкес реттеледі.
22-бап
Полигон режимді объект болып табылады. Ресей Федерацияларына жалға берілген Полигонның және Приозерск қаласы объектілерінің барлауға қарсы қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кіретін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Полигонда және Приозерск қаласының аталған объектілеріндегі режимдік шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінде орнатылған тәртіппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Полигон объектілеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс Ұлттық Орталығының және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсіп ұйымдарының өкілдерін жіберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісілген тәжірибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесіне, тактикалық жаттығулар жоспарлары және аталған бөлімдер мен ұйымдардың шектелген өтінімдеріне негізінде жүзеге асырылады.
Полигонға қызмет бабының міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жіберу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативті актілері анықтаған тәртіппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
Полигонда үшінші елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгіленген тәртібімен келісіледі.
23-бап
Қазақстан Республикасы арнайы органдар құра алады және қажет болғанда, Полигонда шартты жалға беру жөніндегі шартты орындауға байланысты барлық мәрелерді шешу үшін олардың өкілдерін Полигонға жібере алады.
24-бап
Осы Келісімді орындау бойынша Тараптардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бірлескен Комитет жүзеге асырады.
25-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Келісім он жыл мерзімге жасалады. Оның күші, егерде бір Тарап екінші Тарапқа әрбір он жылдық мерзімнің бітуіне алты ай қалғанға дейін оның қызметін тоқтату туралы ез тілегін хабарламаса, оның қызметі кейінгі он жылға өзінен-өзі ұзартылады.
Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келісімнің қызметі тоқтатылады.
Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетаралық рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.
1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалынды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Сары-Шаған
сынақ полигонын пайдалану мен
жалға беру шарттары және
Приозерск қаласының тіршілігін
қамтамасыз ету туралы Келісімге
қосымша
Сары-Шаған полигонының жер учаскелері шекараларын
анықтайтын координаталық нүктелер
ТI3БЕСI
уч.
NN
|
Географиялық координаталар
|
солтүстік ендік
(градустар минуттер
секундтер)
|
шығыс бойлық
(градустар минуттер
сек.тер)
|
1
|
2
|
3
|
1
2
3
4
5
|
46 07 20
46 07 21
46 38 34
46 46 45
46 53 37
46 56 00
47 00 43
47 04 10
47 12 33
47 13 00
47 22 00
47 10 00
47 11 00
47 29 45
47 33 10
47 19 15
47 16 27
47 15 50
47 07 20
46 49 23
46 37 30
46 10 00
46 10 00
46 00 00
45 55 00
45 49 20
45 32 30
45 30 00
45 30 10
45 28 40
45 30 00
45 28 25
45 28 00
45 27 00
45 25 00
45 25 30
45 23 25
45 19 20
45 18 38
45 18 20
45 20 12
44 57 55
44 55 26
44 54 58
44 57 23
44 59 22
44 59 26
45 02 55
45 10 41
45 14 25
45 30 13
45 39 21
45 40 50
45 47 15
47 14 45
47 14 45
47 14 25
47 14 25
47 23 48
47 24 07
47 23 17
47 21 06
47 20 18
47 21 07
47 55 01
47 58 40
47 54 30
47 12 00
47 02 50
47 11 00
47 26 30
47 53 00
47 58 40
48 03 40
48 08 45
47 45 00
47 29 35
47 23 17
|
73 34 28
73 32 28
73 26 20
73 25 40
73 18 25
72 39 45
72 01 50
71 52 00 71 19 40 71 02 00
70 26 00
70 23 30
70 17 00
69 32 31
69 20 19
69 14 00
69 12 40
69 06 45
68 47 40
68 33 30
68 34 30
68 49 00
69 13 00
69 16 20
69 17 00
69 16 10
69 21 00
69 20 00
69 41 20
69 59 30
70 04 30
70 10 15
70 31 50
70 36 00
70 56 30
71 27 20
71 34 00
72 03 42
72 06 05
72 13 49
72 17 20
73 17 23
73 19 56
73 25 57
73 30 30
73 30 25
73 38 48
73 46 28
73 52 47
73 44 40
73 29 58
73 21 15
73 18 25
73 19 55
68 22 55
68 22 30
68 22 30
68 22 55
67 32 46
67 27 24
67 26 42
67 25 51
67 29 47
67 31 55
63 41 00
63 13 00
63 13 30
63 01 00
63 35 00
63 35 00
63 41 00
63 40 00
63 13 00
61 39 50
60 34 50
60 27 00
61 08 58
61 27 08
|