Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 74-ІІ Заңы

      Мәскеуде 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану
мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының
тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету туралы
Келісім

(2000 жылғы 27 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2001 ж., N 5, 50-құжат)

      Ескерту. "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі N 285 ҚР Заңын қараңыз.

      Әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртiбi туралы Келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып;
      төменде РҚҚ-72 бойынша Шарт деп аталатын Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1972 жылғы 26 мамырдағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерiн шектеу туралы Шартта бекiтiлген мақсаттар мен принциптерге өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып;
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң 1992 жылғы 9 қазандағы РҚҚ-72 Шартына қатысу туралы Шешiмiн, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартты, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып;
      жылжымалы және тұрақты мүлкiмен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Сарышаған полигоны және Приозерск қаласының объектiлерi Қазақстан Республикасының меншiгi екендігiн ескере отырып, және Тараптардың қорғаныс қабілетiн қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы мен экономикасын дамыту мүддесi үшiн Сарышаған полигонын сақтау және дамыту қажеттiгiн мойындай отырып,
      төмендегілер жөнінде келісті:
 
                              1-бап 
 
      Осы Келісімнің тақырыбы әрі қарай Полигон деп аталатын Сарышаған полигоны мен Приозерск қаласы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ғылымы, экономикасын дамыту мүдделері үшін уақытша Полигонның объектілері мен Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкін беруі жалға беру шартымен жүзеге асырылады. Полигонның және Приозерск қаласының жалға беру жағдайымен берiлетiн объектiлерi мен жылжымалы және тұрақты мүлкiнiң тiзбесi мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшерi мен оны енгізу мерзiмi, осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде жасалатын жалға берудiң жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстары аумақтарында орналасқан.
      Полигонның жер учаскелерiнiң шекараларын анықтайтын нүкте координаталарының тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада келтiрiлген.
 
                              2-бап 
 
      Тараптар Полигонның ӘШҚҚ-72 жөнiндегi Шарттың 4 бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келiсiлген мәлiмдемеде бекiтiлген Полигонның iс жүзiндегi әуе шабуылына қарсы қорғаныс сынақ полигоны ретiнде ерекше статусын растайды.
 
                              3-бап
 
      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейiн жасалған және қондырылған Полигонның және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
      2. Полигонда және Приозерск қаласында 1991 жылдың 31 тамызынан кейiн жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлiкке деген меншiк құқығы Полигонның және Приозерск қаласының объектiлерін ұстауға, пайдалануға және кезектi жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа беріледі. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлікті жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі біткеннен кейін оны Тараптардың пайдалануын келіседі.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешімдердің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшін керекті мәліметтерді беру жолымен жүзеге асырылады.
 
                            4-бап 
 
      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 21 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келiсiлген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның объектiлері Приозерск қаласының жер учаскелері, жылжымалы және тұрақты мүлкін бередi. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бiрлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды және Приозерск қаласын пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Yкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына берiлетiн Полигон және Приозерск қаласы объектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану құқығын бередi. Ресей Федерациясы өз мүддесiнде пайдаланатын Полигонның жерлерi үшiн (тұрақты немесе мезгiлдi) ақы төлейдi.
 
                              5-бап 
 
      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берілетін жылжымалы және тұрақты мүлік, тиісті жер учаскелері тек қана Полигон алдында тұрған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету үшін мақсатты бағытта пайдаланылуға тиіс. Бұл мүлік пен жер учаскелері Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің жеке және заңды адамдарына субарендаға берілмейді.
 
                              6-бап 
 
      Жалға беру мерзімi бiткенде, сондай-ақ осы Келісімнің күші немесе, жалға беру жайымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрi қарай пайдаланылануға болатындай күйде жалға алынған жылжымалы және тұрақты мүлiктi және тиiстi жер учаскелерiн Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлiк пен жер учаскелерiн қабылдау-беру Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған бiрлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
 
                             7-бап 
 
      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.
      3. Полигон бастығын тағайындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң келiсiмiнен кейiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрiнің ұсынуымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Президентiмен жүзеге асырылады.
      4. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуiмен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларының штаттық құрылымдары мен әскери қызметшілер санында қажеті өзгертулерді жүзеге асырады.
 
                            8-бап 
 
      Приозерск қаласы Қазақстан Республикасының облыстық бағыныштағы қаласы болып табылады.
      Ресей Федерациясына жалға берілген қала объектiлерін есептемегенде, Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстау тараптардың үлес қатысы принциптеріне сүйеніп жүзеге асырылады және жал жөнiндегі шартпен анықталады.
      Ресей Федерациясының Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға беретiн үлесi Қазақстан Республикасына Приозерск қаласы үшiн мақсатты бағытта төленедi және Ресей Федерациясының жалға берiлген Полигонның объектiлерi, Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн жалақысының жалпы құрамына кiредi.
      Приозерск қаласының әкiмi Полигонның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн, сондай-ақ өнеркәсiп өкiлдерiн бөлек ақыға Қазақстан Республикасы заңына сай тұрғын және қонақ үй фондымен қамтамасыз етедi, сондай-ақ жалпыға бiлiм беретiн мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерден орындар бередi.
 
                            9-бап 
 
      Полигонның қызметi ол туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмiмен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн қорғаныс тақырыбындағы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң Тараптардың ғылымы мен экономикасының мүддесi үшiн жұмыстар тақырыбы бойынша ережелермен реттеледi. Полигонның аталған жұмыстары үшiн:
      - күрделi құрылыстар жоспарын қоса есептегенде, Полигон мен Приозерск қаласын ұстау мен дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - сынақ жұмыстарын өткізудің жылдық кестелері;
      - Тараптар әскерлерінің нақты ракеталарды ұшыратын тактикалық жаттығуларды өткізу жоспарлары;
      - қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеудің жылдық жоспарлары негіз болып табылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер оларға қатысы бар жәйттерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Ғылым мен жаңа технология министрліктерімен келісу бойынша, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.
 
                            10-бап 
 
      Ресей Федерациясы Полигонның объектiлерiн және Приозерск қаласының жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - аталған объектiлер инФрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгiлерiн сынауды белгiленген шекараларда өткiзудi:
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгi мен Полигон аумағында ракеталар ұшыруды қамтамасыз етудi;
      - Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мүддесi үшiн сынақ және ұрыс алаңдарын ұрыс атыстарын орындау үшiн пайдалануды;
      - аталған объектiлердiң ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтауды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және мөлшерi Тараптардың комиссиясымен анықталатын, Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Полигон шеңберiнде экологиялық жағдайды табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасын жасау, бекiту және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi.
      Полигон қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, маусымдық ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ дүлей зілзалаларды жоюда көмек көрсету кезінде Қазақстан Тарапының Полигон аумағының учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды.
      Полигонның iшкi байланыс жүйелерiн, автомобиль және темiр жолдарын, жылжымалы составтар мен су көлiктерiн пайдалану және ұстау осы құралдарды пайдаланатын полигонның Әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.02.2016 № 464-V Заңымен.
 
                            11-бап 
 
      Полигон пайдаланатын жер учаскелерінде адамдар, өсімдік және жан-жануарлар өміріне қауіп төндіретін радиоактивті, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнімдерді пайдалануға және көмуге тиым салынады.
 
                            12-бап 
 
      Ресей Федерациясы экологиялық нормативтердi, су мен жердi пайдалану ережелерi мен нормаларын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орындауға мiндеттi. Полигонның қызметi салдарынан экологиялық зиян келтiрген жағдайда, Ресей Федерациясы зардаптарды жоюды жүзеге асырады. Осыған орай iске асыру тәртiбi мен зиянның мөлшерi арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиямен анықталады.
 
                            13-бап 
 
      Ресей Федерациясының кәсiпорындары мен ұйымдарына, әскери ведомстволарына, жеке адамдарына Полигон аумағында геологиялық барлау жүргiзуге, пайдалы қазбаларды өңдеуге, аңдарды аулау кәсiбiмен айналысуға, балық аулауға, жабайы өсiмдiктердi жинауға тиым салынады.
 
                           14-бап 
 
      Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын мүлiктi, соның iшiнде Приозерск қаласының әскери аймағында кедендік тексеру Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы кеден инспекцияларының өкiлдерiмен жүзеге асырылады.
 
                           15-бап 
 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Шарт пен ӘШҚҚ-72 бойынша Шартқа сәйкес Полигонда сынақтан өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, соның ішінде жалдық ақы есебінен, алуға басым құқығы бар.
      Полигонның жер учаскелерін Ресей Тарапымен келісім бойынша, осы Келісімге залал келтірмей, Қазақстан Тарапының үшінші елдермен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығы мүдделеріне орай пайдалануға жол беріледі. Ресей Тарапы осындай пайдалану нәтижесінде туындаған теріс салдарларды жою және Қазақстан Тарапына, оның ішінде экологияға және табиғатты пайдалануға келтірілген залалды өтеу үшін жауапты болмайды.
      Жекелеген жер учаскелерін пайдалану мәселелерін жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей Тараптардың Қорғаныс министрліктерімен келісіледі.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.02.2016 № 464-V Заңымен.
 
                           16-бап 
 
      Ресей Федерациясы жеке Келiсiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасына радиоэлектроника мен байланысты дамытуға, әскери, ғылыми және инженер-техникалық мамандарды дайындау және қайтара дайындауға көмек көрсетуге өзiне мiндеттемелер қабылдайды.
      Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығының бiрлескен қызметiне, және Ресей Федерациясының Полигонда өз қызметiн жүзеге асырушы өнеркәсiптерiн ұйымдастыруға, пайдаланылмай жатырған өнеркәсiп күштерi мен объектiлерi базасы негiзiнде қазақстан-ресей бiрлескен кәсiпорындары мен ұйымдастыру құрылымдарын құруға, басқа мемлекеттер инвесторларын тартуға, Полигонды пайдалануда Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық кәсiпорындарының қатысуына көмек көрсетедi.
 
                              17-бап 
 
      Осы Келiсiмнiң қосымшасында шекарасы анықталған, Полигон аумағының әуе кеңiстiгi оның жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады және тиым салынған аймақ болып есептеледi.
      Полигон аумағының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасы заңды және басқа да нормативтi актiлерiмен анықталады.
 
                             18-бап 
 
      Полигон үшiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктердi жiберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендiк заңына сәйкес алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусiз жүзеге асырылады.
      Әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерi, өнеркәсiп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жіберілгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.
 
                           19-бап 
 
      Пайдаланудың белгiленген амортизациялық мерзiмiн өтеп, техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиiстi Ресей федерациясына уақытша жалға берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiкке иелiк ету, Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсiлген ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқаруға өкiлденген мемлекеттiк органымен жүзеге асырылады.
 
                           20-бап 
 
      Полигон және Приозерск қаласының объектiлерi аумағында сауда-тұрмыс, әлеуметтiк, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету тараптардың жеке келiсiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.
 
                           21-бап 
 
      Полигон аумағында орналасқан және қызмет атқаратын әскери құрамалар және өнеркәсiп ұйымдарының қызметi Ресей федерациясымен қаржыландырылады.
      Полигон аумағындағы орналасқан Тараптардың әскери қызметшiлерi мен әскери құрамаларының тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың ұлттық валюта айналымы мәселелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Ресей Федерациясының Орталық банкiсi арасындағы Келiсiмге сәйкес реттеледi.
 
                           22-бап 
 
      Полигон режимді объект болып табылады. Ресей Федерациясына жалға берілген Полигонның және Приозерск қаласы объектілерінің барлауға қарсы қамтамасыз етуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кіретін адамдардың қауіпсiздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Полигонда және Приозерск қаласының аталған объектiлерiндегi режимдiк шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде орнатылған тәртiппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      Полигон объектілеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс Ұлттық Орталығының және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесiне, тактикалық жаттығулар жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Полигонға қызмет бабының мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жiберу Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi нормативтi актiлерi анықтаған тәртiппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
      Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

                         23-бап

      Қазақстан Республикасы арнайы органдар құра алады және қажет болғанда, Полигонда шартты жалға беру жөнiндегi Шартты орындауға байланысты барлық мәселелердi шешу үшiн олардың өкiлдерiн Полигонға жiбере алады.

                          24-бап

       Осы Келісімді орындау бойынша Тараптардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бірлескен Комитет жүзеге асырады.
 
                          25-бап 
 
      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Келісім он жыл мерзімге жасалады. Оның күші, егерде бір Тарап екінші тарапқа әрбір он жылдық мерзімнің бітуіне алты ай қалғанға дейін оның қызметін тоқтату туралы өз тілегін хабарламаса, оның қызметі кейінгі он жылға өзінен-өзі ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келісімнің қызметі тоқтатылады.
      Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетаралық рәсімдерді  орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.
      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалынды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы             Ресей Федерациясы
            үшін                                үшін

1995 жылғы 20 қаңтардағы    
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Сары-Шаған
сынақ полигонын пайдалану мен жалға
беру шарттары және Приозерск  
қаласының тіршілік әрекетін   
қамтамасыз ету туралы келісімге 
ҚОСЫМША             

Сары-Шаған сынақ полигоны жер учаскелерінің шекараларын
айқындайтын координаттық нүктелердің
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР 29.02.2016 № 464-V Заңымен.

Нүкте нөмірі

Географиялық координаттар

солтүстік ендік
(град., мин., сек.)

шығыс бойлық
(град., мин., сек.)

Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген
№ 1 учаске:

1

46 07 20

73 34 28

2

46 38 34

73 26 20

3

46 46 45

73 25 40

4

46 53 37

73 18 25

5

46 56 00

72 39 45

6

47 00 43

72 01 50

7

47 04 10

71 52 00

8

47 12 33

71 19 40

9

47 13 00

71 02 00

10

47 22 00

70 26 00

11

47 10 00

70 23 33

12

47 23 45

69 32 31

13

47 33 10

69 20 19

14

47 19 15

69 14 00

15

47 16 27

69 12 40

16

46 10 19

69 13 22

17

46 00 00

69 16 20

18

45 28 00

70 31 50

19

45 27 00

70 36 00

20

45 25 00

70 56 30

21

45 25 30

71 27 20

22

45 23 25

71 34 00

23

45 19 20

72 03 42

24

45 20 12

72 17 20

25

44 57 55

73 17 23

26

44 55 26

73 19 56

27

44 57 23

73 30 30

28

44 59 26

73 38 45

29

45 02 55

73 46 23

30

45 10 41

73 42 57

31

45 14 25

73 44 40

32

45 30 13

73 29 58

33

45 39 21

73 21 15

34

45 40 25

73 18 50

35

45 47 15

73 19 55

36

46 07 20

73 34 28

Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген
№ 2 учаске:

1

47 14 45

68 22 55

2

47 14 45

68 22 30

3

47 14 25

68 22 30

4

47 14 25

68 22 55

5

47 14 45

68 22 55

Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген
№ 3 учаске:

1

47 23 48

67 32 46

2

47 24 07

67 27 24

3

47 23 17

67 26 42

4

47 21 06

67 25 51

5

47 20 18

67 29 47

6

47 21 07

67 31 55

7

47 23 48

67 32 46

Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген
№ 4 учаске:

1

47 29 53

63 05 55

2

47 54 30

63 13 26

3

47 58 40

63 14 02

4

47 55 01

63 40 56

5

47 53 40

63 42 56

6

47 53 00

63 39 56

7

47 28 44

63 40 53

8

47 29 53

63 05 55

Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген
№ 5 учаске:

1

47 23 17

61 27 04

2

47 29 35

61 08 54

3

47 45 00

60 26 56

4

48 08 45

60 34 46

5

48 05 53

61 11 27

6

48 03 45

61 09 17

7

48 00 28

61 08 09

8

47 57 02

61 08 20

9

47 54 00

61 10 59

10

47 50 50

61 14 11

11

47 23 17

61 27 04».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады