О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в создании хозяйственного общества на базе Оренбургского газоперерабатывающего завода

Закон Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года N 18-IV.

      Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в создании хозяйственного общества на базе Оренбургского газоперерабатывающего завода, совершенное в городе Уральск 3 октября 2006 года.

Президент


Республики Казахстан



СОГЛАШЕНИЕ
между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Российской Федерации о сотрудничестве
в создании хозяйственного общества на базе Оренбургского
газоперерабатывающего завода

      (Официальный сайт МИД РК - вступило в силу 5 августа 2008 г.)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, далее именуемые Сторонами,

      руководствуясь Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в газовой отрасли от 28 ноября 2001 года,

      исходя из положений Совместной декларации Президента Республики Казахстан и Президента Российской Федерации о развитии долгосрочного сотрудничества в области переработки и реализации газа Карачаганакского месторождения от 17 июля 2006 года, в целях согласования действий Сторон по ее реализации,

      желая способствовать развитию долгосрочного сотрудничества в газовой отрасли и созданию взаимовыгодных условий в области переработки углеводородного сырья Карачаганакского месторождения Республики Казахстан и месторождений Оренбургской области Российской Федерации,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Стороны оказывают содействие акционерному обществу "Национальная компания "КазМунайГаз" и открытому акционерному обществу "Газпром" (далее - уполномоченные организации) в создании на паритетной основе хозяйственного общества на базе Оренбургского газоперерабатывающего завода, являющегося частью Единой системы газоснабжения Российской Федерации (далее - совместное предприятие).

      Организационно-правовая форма совместного предприятия, а также порядок формирования и размер его уставного капитала определяются в учредительных документах на условиях, согласованных компетентными органами Сторон.

      В случае замены уполномоченных организаций Стороны незамедлительно уведомляют об этом друг друга по дипломатическим каналам и принимают меры по обеспечению соответствующего правопреемства.

Статья 2

      Совместное предприятие создается при условии заключения долгосрочных (не менее 15 лет) коммерческих контрактов, предусматривающих в соответствии с предметом и целями настоящего Соглашения закупку и переработку на мощностях совместного предприятия сырого газа, добытого на Карачаганакском месторождении, в объеме не менее 15 млрд. куб.м. в год на условиях указанных контрактов и реализацию переработанного совместным предприятием газа Карачаганакского месторождения на рынке Республики Казахстан и его экспорт через единый экспортный канал открытого акционерного общества "Газпром".

      Страной происхождения продуктов, получаемых из углеводородного сырья Карачаганакского месторождения, передаваемого на переработку совместному предприятию, является Республика Казахстан.

Статья 3

      К сфере деятельности совместного предприятия относятся:

      переработка углеводородного сырья Карачаганакского месторождения Республики Казахстан;

      - переработка на договорной основе углеводородного сырья, добытого в Российской Федерации открытым акционерным обществом "Газпром", его дочерними обществами и другими организациями;

      - реконструкция, модернизация существующих и создание новых конкурентоспособных перерабатывающих мощностей для эффективной переработки углеводородного сырья, добытого на Карачаганакском месторождении Республики Казахстан и месторождениях Российской Федерации, а также производственной инфраструктуры совместного предприятия с привлечением необходимых инвестиционных ресурсов.

      С даты подписания настоящего Соглашения и до создания совместного предприятия переработка углеводородного сырья Карачаганакского месторождения осуществляется по прямому договору, заключенному между товариществом с ограниченной ответственностью "КазРосГаз" и обществом с ограниченной ответственностью "Оренбурггазпром".

      На этот период, а также до получения совместным предприятием разрешения на переработку газа Карачаганакского месторождения на таможенной территории Российской Федерации, данное разрешение предоставляется российской дочерней организации товарищества с ограниченной ответственностью "КазРосГаз".

Статья 4

      Совместное предприятие регистрируется в городе Оренбурге (Российская Федерация) и осуществляет свою деятельность в соответствии с законодательством Российской Федерации.

      Головной офис совместного предприятия и его органы управления размещаются в городе Оренбурге (Российская Федерация).

Статья 5

      С целью оптимальной загрузки сырьем мощностей Совместного предприятия и повышения эффективности его деятельности Стороны оказывают содействие Уполномоченным организациям в заключении с заинтересованными организациями долгосрочных контрактов о поставке на переработку совместному предприятию нестабильного газового конденсата с Карачаганакского месторождения.

Статья 6

      Уполномоченные организации определяют порядок и условия поставки переработанного совместным предприятием газа Карачаганакского месторождения на рынок Республики Казахстан на приоритетной основе, в том числе встречных поставок на взаимовыгодных условиях в соответствии с законодательствами государств Сторон и на основе долгосрочных соглашений между Уполномоченными организациями Сторон и/или определенными ими хозяйствующими субъектами.

      Такие встречные поставки осуществляются в равных объемах и по одинаковой цене. При этом цена газа по встречным поставкам, в том числе по договорам купли-продажи, не подлежит корректировке для целей налогообложения и определения таможенной стоимости.

Статья 7

      Приобретение газа Карачаганакского месторождения, работы и услуги, связанные с его переработкой и транспортировкой, а также приобретение газа из других источников и его транспортировка с целью приоритетного обеспечения внутреннего рынка Республики Казахстан, не являются предметом государственных закупок, регламентируемых законодательством Республики Казахстан.

Статья 8

      Координацию и наблюдение за выполнением настоящего Соглашения осуществляют компетентные органы Сторон:

      с Казахстанской Стороны - Министерство энергетики и

      минеральных ресурсов

      Республики Казахстан;

      с Российской Стороны - Министерство промышленности и

      энергетики Российской Федерации.

      В случае изменения своих компетентных органов Стороны уведомляют об этом друг друга по дипломатическим каналам.

Статья 9

      Стороны предоставляют друг другу информацию по вопросам, связанным с настоящим Соглашением, в соответствии с законодательствами своих государств.

      Предоставление Сторонами конфиденциальной информации о деятельности совместного предприятия третьим сторонам осуществляется только с взаимного согласия Сторон.

Статья 10

      Разногласия в толковании и применении настоящего Соглашения, которые не могут быть устранены путем консультаций между компетентными органами, разрешаются по дипломатическим каналам или путем переговоров между Сторонами с оформлением соответствующих протоколов.

Статья 11

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств Сторон, вытекающих из других международных договоров, участниками которых они являются.

Статья 12

      В настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и/или дополнения, которые являются его неотъемлемыми частями и оформляются отдельными протоколами.

Статья 13

      Настоящее Соглашение временно применяется с даты подписания и вступает в силу с даты получения последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в г. Уральске 3 октября 2006 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий в толковании положений настоящего Соглашения, Стороны обращаются к тексту на русском языке.

За Правительство

За Правительство

Республики Казахстан

Российской Федерации


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпандағы N 18-IV Заңы.

      Оралда 2006 жылғы 3 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті



Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында
шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      (2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2008 ж., N 4, 21-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

      Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің 2006 жылғы 17 шілдедегі Қарашығанақ кен орнының газын өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен декларациясының ережелерін ескере отырып, Тараптардың оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарын келісу мақсатында,

      газ саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кен орнының және Ресей Федерациясының Орынбор облысы кен орындарының көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында өзара тиімді жағдай жасауға ықпал етуге ниет білдіре отырып,

      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Газпром" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар) Ресей Федерациясының Газбен жабдықтау бірыңғай жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамды (бұдан әрі - бірлескен кәсіпорын) тепе-тең негізде құруға жәрдем көрсетеді.

      Бірлескен кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ оның жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі мен оның мөлшері Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген шарттармен құрылтайшы құжаттарда белгіленеді.

      Уәкілетті ұйымдар өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды және тиісті құқықтық мұрагерлікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

2-бап

      Бірлескен кәсіпорын осы Келісімнің мәніне және мақсаттарына сәйкес көрсетілген келісім-шарттардың талаптарында жылына кемінде 15 млрд. текше м. көлемінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген шикі газды сатып алуды әрі бірлескен кәсіпорынның қуаттарында өңдеуді және бірлескен кәсіпорын өңдеген Қарашығанақ кен орнының газын Қазақстан Республикасының рыногында сату мен оны "Газпром" ашық акционерлік қоғамының бірыңғай экспорттық арнасы арқылы экспорттауды көздейтін ұзақ мерзімді (кемінде 15 жыл) коммерциялық келісім-шарттар жасалған жағдайда құрылады.

      Бірлескен кәсіпорынға өңдеуге берілетін Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатынан алынатын өнімдерді шығаратын ел - Қазақстан Республикасы болып табылады.

3-бап

      Бірлескен кәсіпорын қызметінің аясына:

      - Қазақстан Республикасы Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатын өңдеу;

      - "Газпром" ашық акционерлік қоғамы, оның еншілес қоғамдары мен басқа да ұйымдар Ресей Федерациясында өндірген көмірсутегі шикізатын шарттық негізде өңдеу;

      - қажетті инвестициялық ресурстарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кен орнында және Ресей Федерациясының кен орындарында өндірілген көмірсутегі шикізатын тиімді өңдеу үшін жұмыс істеп тұрған өңдеу қуаттарын, сондай-ақ бірлескен кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын қайта жаңарту, жаңғырту және бәсекеге қабілетті жаңаларын құру жатады.

      Осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап бірлескен кәсіпорын құрылғанға дейін Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатын өңдеу "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Орынборгазпром" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында жасалған тікелей шарт бойынша жүзеге асырылады.

      Осы кезеңге, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кен орнының газын Ресей Федерациясының кедендік аумағында өңдеуге рұқсат алғанға дейін осы рұқсатты "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресейлік еншілес ұйымына беріледі.

4-бап

      Бірлескен кәсіпорын Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) тіркеледі және өз қызметін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Бірлескен кәсіпорынның бас офисі мен оның басқару органдары Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) орналасады.

5-бап

      Бірлескен кәсіпорынның қуаттарын шикізатпен оңтайлы жүктеу және оның қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Тараптар Уәкілетті ұйымдарға мүдделі ұйымдармен Қарашығанақ кен орнынан тұрақсыз газ конденсатын бірлескен кәсіпорынға өңдеуге жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісім-шарттарды жасасуда жәрдем көрсетеді.

6-бап

      Уәкілетті ұйымдар бірлескен кәсіпорын өңдеген Қарашығанақ кен орнының газын Қазақстан Республикасының рыногына басымды негізде жеткізудің, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес өзара тиімді шарттарда және Тараптардың Уәкілетті органдары және/немесе олар белгілеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ұзақ мерзімді келісімдердің негізінде қарсы жеткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      Осындай қарсы жеткізу тең көлемде және бірдей бағамен жүзеге асырылады. Бұл ретте, қарсы жеткізу бойынша, оның ішінде сатып алу-сату шарттары бойынша газдың бағасы салық салу мақсаттары және кедендік бағаны белгілеу үшін түзетуге жатпайды.

7-бап

      Қарашығанақ кен орнының газын, оны өңдеуге және тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ басқа көздерден газды сатып алу және оны Қазақстан Республикасының ішкі рыногын басымды қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін мемлекеттік сатып алулардың мәні болып табылмайды.

8-бап

      Осы Келісімнің орындалуын үйлестіруді және қадағалауды Тараптардың мынадай құзыретті органдары жүзеге асырады:

      Қазақстан Тарапынан      Қазақстан Республикасы

                                    Энергетика және минералдық

      ресурстар министрлігі;

      Ресей Тарапынан            Ресей Федерациясының

                                    Өнеркәсіп және энергетика

                                    министрлігі.

      Өздерінің құзыретті органдары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.

9-бап

      Тараптар бір-біріне өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес осы Келісімге байланысты мәселелер бойынша ақпарат береді.

      Тараптардың бірлескен кәсіпорынның қызметі туралы құпия ақпаратты үшінші тараптарға беруі Тараптардың өзара келісімімен ғана жүзеге асырылады.

10-бап

      Құзыретті органдар арасындағы консультациялар арқылы жоюға болмайтын осы Келісімді түсіндірудегі және қолданудағы келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы немесе тиісті хаттамалар ресімделе отырып, Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

11-бап

      Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

12-бап

      Осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.

13-бап

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2006 жылғы 3 қазанда Орал қаласында екі данада, әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде жасалды, бұл ретте екі мәтіннің заңдық күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер пайда болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


      2006 жылғы 3 қазанда Орал қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы Келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаменті
Директордың орынбасары