О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О судебных приставах"

Закон Республики Казахстан от 27 декабря 2010 года № 367-IV

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 7 июля 1997 года "О судебных приставах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 13-14, ст. 201; 2003 г., № 10, ст. 49; 2004 г.,  № 23, ст. 142; 2006 г., № 11, ст. 55; 2007 г., № 8, ст. 52; № 20, ст. 152; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28) следующие изменения:
      1) в статье 4:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Подразделения судебных приставов образуются уполномоченным государственным органом по организационному и материально-техническому обеспечению деятельности Верховного Суда, местных и других судов (далее – уполномоченный орган) в Верховном Суде и территориальных подразделениях (канцеляриях судов) в областях, столице и городах республиканского значения (далее – территориальные подразделения).";
      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Организационное и методическое руководство деятельностью судебных приставов в Верховном Суде и территориальных подразделениях осуществляют уполномоченный орган и его территориальные подразделения.";
      пункт 3 исключить;
      в пункте 4:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "4. Судебные приставы в территориальных подразделениях назначаются на должность и освобождаются от должности руководителями соответствующих территориальных подразделений.";
      в части второй слова "Председателем Верховного Суда Республики Казахстан" заменить словами "руководителем уполномоченного органа";
      в пункте 5 слова "соответственно", "и Председателем Верховного Суда Республики Казахстан" исключить;
      2) в статье 8:
      в части первой пункта 5:
      слова "территориального отдела, который обязан сообщить о таких случаях руководителю" заменить словом "соответствующего";
      слово "органа" заменить словом "подразделения";
      слова "Аппарата Верховного Суда Республики Казахстан" заменить словами "уполномоченного органа";
      в пункте 6 слова "соответственно", "и Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан" исключить;
      3) статью 12 изложить в следующей редакции:
      "Статья 12. Контроль за деятельностью судебных приставов
      Контроль за деятельностью судебных приставов в Верховном Суде и территориальных подразделениях осуществляют уполномоченный орган и его территориальные подразделения.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                        Н. Назарбаев

"Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 367-IV Заңы

      1-бап. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) (соттардың кеңселерінде) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
      екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер «уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 8-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «органның» деген сөз «бөлімшенің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау

      Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев