Сот приставтары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы

      1. Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.

      2. Сот приставына нысанды киiм (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекiтеді.

      Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi

      Сот приставтарының мiндеттерi:

      1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;

      2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;

      3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;

      4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.

      5) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.06.22 № 147; 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртiбi

      1. Уәкілетті орган Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) сот приставтарының бөлімшелерін құрады.

      2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Уәкiлеттi орган:

      1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;

      2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады;

      3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн жинақтап қорытады, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;

      4) сот приставтары қызметiнiң есебiн жүргiзумен айналысады;

      5) басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi;

      6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.06.22 № 147; өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы

      1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде - iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.

      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.

      3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөнiндегi тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар

      1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.

      Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.

      2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

      1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;

      1-1) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;

      3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

      4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

      2. Сот приставы:

      1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;

      2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға;

      3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;

      4) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

      6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;

      8) сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға;

      9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 409; 2006.06.22 № 147; 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн.

      2. Сот приставтарының атыс қаруын:

      1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

      2) сот приставының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде оның өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оған жасалған шабуылға тойтарыс беру;

      3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю;

      4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар.

      3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ электрлік қаруды, тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды:

      1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

      2) сот приставының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оған күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю;

      3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау;

      4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн.

      4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.

      5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға мiндеттi.

      Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады.

      6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбесiн және оларды бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 409, 2006.06.22 № 147, 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi

      Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.

9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары

      1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 Заңымен.

      3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:

      1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – бес жылдық жалақысы;

      2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – үш жылдық жалақысы;

      3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға бір жылдық жалақысы төленеді.

      5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.

      6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.

      7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.

      8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру

      Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау

      Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады