О внесении изменений и дополнений в Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть)

Закон Республики Казахстан от 30 марта 2011 года № 424-IV

      Статья 1. Внести в Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 16-17, ст. 642; № 23, ст. 929; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 10, ст. 244; № 22, ст. 408; 2001 г., № 23, ст. 309; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 7; № 4, ст. 25; № 11, ст. 56; № 14, ст. 103; № 15, ст. 138, 139; 2004 г., № 3-4, ст. 16; № 5, ст. 25; № 6, ст. 42; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 21-22, ст. 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 4, ст. 24, 25; № 8, ст. 45; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 3, ст. 21; № 4, ст. 28; № 5-6, ст. 37; № 8, ст. 52; № 9, ст. 67; № 12, ст. 88; 2009 г., № 2-3, ст. 16; № 9-10, ст. 48; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; № 24, ст. 134; 2010 г., № 3-4, ст. 12; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112; Закон Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ипотечного кредитования и защиты прав потребителей финансовых услуг и инвесторов", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 18 февраля 2011 г. и "Казахстанская правда" 15 февраля 2011 г.) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 938 дополнить пунктом 6 следующего содержания:
      "6. При увеличении работодателем, признанным ответственным за причиненный вред, размера средней заработной платы работника такой же профессии и квалификации производится перерасчет сумм возмещения утраченного заработка (дохода), определяемых в процентах к увеличенному среднему месячному заработку (доходу), соответствующих степени утраты потерпевшим профессиональной трудоспособности, а при отсутствии ее - общей трудоспособности.";
      2) в статье 943:
      в заголовке слова "и увеличением месячного расчетного показателя" исключить;
      в части второй слова "месячного расчетного показателя" заменить словами "минимального размера заработной платы";
      дополнить частью третьей следующего содержания:
      "Суммы возмещения утраченного заработка (дохода), иных платежей, присужденных в связи с повреждением здоровья или со смертью потерпевшего, выплачиваемые по договору обязательного страхования, увеличиваются пропорционально индексу потребительских цен за предыдущий год.";
      3) статью 945 дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. После завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства, гражданину Республики Казахстан осуществляются ежемесячные выплаты в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.";
      4) в заголовке статьи 943 оглавления слова "и увеличением месячного расчетного показателя" исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования, за исключением подпункта 3) статьи 1, который вводится в действие с 1 января 2011 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 424-IV Заңы

      1-бап. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 938-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайтқан кезде жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес келетін, ұлғайтылған орташа айлық табысының (кірісінің) пайыздарымен айқындалатын жоғалтылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеу жүргізіледі.»;

      2) 943-бапта:
      тақырыбындағы «және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлігіндегі «айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздер «жалақының ең төменгі мөлшерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Міндетті сақтандыру шарты бойынша төленетін жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының зақымдануына немесе оның қайтыс болуына байланысты тағайындалған өзге де төлемдерді өтеу сомалары өткен жылғы тұтыну бағаларының индексіне пропорционалды түрде ұлғайтылады.»;

      3) 945-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады.»;

      4) мазмұндағы 943-баптың тақырыбындағы «және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев