О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственного социального заказа

Закон Республики Казахстан от 22 декабря 2011 года № 515-IV

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 12 апреля 2005 года «О государственном социальном заказе» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 6, ст. 8):
      1) преамбулу после слова «заказа» дополнить словами «государственными органами и»;
      2) по всему тексту слово «проектов» заменить словами «социальных проектов»;
      3) в статье 1:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      «1) социальная программа – комплекс взаимосвязанных социальных проектов;»;
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) социальный проект – совокупность организационных, экономических и технических мер, направленных на достижение целей в социально значимых сферах, реализующихся в течение одного года и более;»;
      в подпункте 2) слова «а также отдельных мероприятий,» исключить;
      в подпункте 3) слово «исполнителя» заменить словами «потенциального поставщика»;
      подпункты 5) и 8) изложить в следующей редакции:
      «5) поставщик государственного социального заказа (далее – поставщик) – неправительственная организация, реализующая социальные программы, социальные проекты по договору на осуществление государственного социального заказа;»;
      «8) советы по взаимодействию и сотрудничеству с неправительственными организациями – консультативно-совещательные органы, создаваемые для выработки предложений по совершенствованию взаимодействия и сотрудничества между государственным органом и неправительственными организациями, в состав которых входят представители заинтересованных государственных органов и неправительственных организаций;»;
      дополнить подпунктами 10), 11), 12) и 13) следующего содержания:
      «10) мониторинг реализации государственного социального заказа – сбор, обработка и анализ информации о реализации государственного социального заказа;
      11) уполномоченный орган в сфере государственного социального заказа (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, координирующий деятельность государственных органов в области государственного социального заказа;
      12) государственный орган в сфере государственного социального заказа (далее – государственный орган) – государственный орган, в том числе центральный исполнительный и местный исполнительный орган, осуществляющий деятельность по формированию и реализации государственного социального заказа;
      13) Реестр поставщиков государственного социального заказа – перечень неправительственных организаций, участвовавших в реализации социальных программ, социальных проектов по договору на осуществление государственного социального заказа.»;
      4) статью 4 изложить в следующей редакции:
      «Статья 4. Компетенция Правительства Республики Казахстан

      Правительство Республики Казахстан:
      1) определяет уполномоченный орган;
      2) утверждает правила осуществления мониторинга реализации государственного социального заказа;
      3) определяет особый порядок осуществления государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках;
      4) определяет порядок ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа;
      5) выполняет иные функции, возложенные на него Конституцией Республики Казахстан, настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.»;
      5) дополнить статьями 4-1 и 4-2 следующего содержания:
      «Статья 4-1. Компетенция уполномоченного органа

      Уполномоченный орган:
      1) осуществляет координацию деятельности государственных органов по формированию и реализации государственного социального заказа;
      2) оказывает информационную, консультативную, методическую поддержку государственным органам, формирующим и реализующим государственный социальный заказ;
      3) осуществляет мониторинг реализации государственного социального заказа;
      4) предоставляет информацию в Правительство Республики Казахстан по итогам мониторинга реализации государственного социального заказа;
      5) разрабатывает и (или) утверждает в пределах своей компетенции нормативные правовые акты в области государственного социального заказа;
      6) осуществляет ведение Реестра поставщиков государственного социального заказа;
      7) создает и обеспечивает функционирование электронных информационных ресурсов в области государственного социального заказа, организует доступ к ним физических и юридических лиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      8) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.

      Статья 4-2. Компетенция государственных органов

      Государственные органы:
      1) осуществляют формирование и реализацию государственного социального заказа в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;
      2) создают советы по взаимодействию и сотрудничеству с неправительственными организациями;
      3) предоставляют информацию по реализации государственного социального заказа в уполномоченный орган;
      4) оказывают информационную, консультативную, методическую поддержку неправительственным организациям, осуществляющим государственный социальный заказ;
      5) осуществляют иные полномочия, предусмотренные законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.»;
      6) подпункт 13) статьи 5 дополнить словами «и национального единства»;
      7) в статье 6:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Государственный социальный заказ осуществляется государственными органами и неправительственными организациями.»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Для участия в конкурсе допускаются потенциальные поставщики, осуществляющие деятельность в соответствии с уставными целями по направлениям, предусмотренным статьей 5 настоящего Закона.»;
      пункт 4 исключить;
      8) внесено изменение в часть вторую статьи 7 на казахском языке, текст на русском языке не изменяется.

      2. В Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 17, ст. 135; 2008 г., № 13-14, ст. 58; № 20, ст. 87; № 21, ст. 97; № 24, ст. 128; 2009 г., № 2-3, ст. 21; № 9-10, ст. 47, 49; № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 78, 82; № 24, ст. 129, 133; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 29; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 108; № 24, ст. 146; 2011 г., № 2, ст. 26; № 4, ст. 37; № 6, ст. 49; № 11, ст. 102; № 13, ст. 115):
      пункт 1 статьи 17 после слов «организатором государственных закупок» дополнить словами «на казахском и русском языках».

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2012 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 515-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):

      1) кіріспе «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік органдарының және» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік бағдарлама – өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»;
      2) тармақшадағы «әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «ықтимал өнім берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі – өнім беруші) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;»;
      «8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;»;
      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
      11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
      12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;
      13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі.»;

      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) уәкілетті органды айқындайды;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
      4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

      5) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:

      «4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді;
      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;
      5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
      6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
      7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
      2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;
      3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      6) 5-баптың 13) тармақшасы «келісімді» деген сөзден кейін «және ұлттық бірлікті» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.»;
      4-тармақ алып тасталсын;

      8) 7-баптың екінші бөлігіндегі «жүзеге асыру» деген сөздер «іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж.,  № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
      17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негізінде» деген сөздерден кейін «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ