О Совете Безопасности Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 5 июля 2018 года № 178-VІ ЗРК.

      Вниманию пользователей!
Для удобства пользования РЦПИ создано ОГЛАВЛЕНИЕ.

      Настоящий Закон определяет правовой статус, компетенцию и организацию деятельности Совета Безопасности Республики Казахстан.

Глава 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Статья 1. Правовой статус и основа деятельности Совета Безопасности

      1. Совет Безопасности Республики Казахстан (далее – Совет Безопасности) является конституционным органом, образуемым Президентом Республики Казахстан и координирующим проведение единой государственной политики в сфере обеспечения национальной безопасности и обороноспособности Республики Казахстан в целях сохранения внутриполитической стабильности, защиты конституционного строя, государственной независимости, территориальной целостности и национальных интересов Казахстана на международной арене.

      2. Президент Республики Казахстан является Председателем Совета Безопасности.

      3. Состав Совета Безопасности формируется Президентом Республики Казахстан.

      4. Правовую основу деятельности Совета Безопасности составляют Конституция Республики Казахстан, настоящий Закон, Положение о Совете Безопасности, иные нормативные правовые акты Республики Казахстан и международные договоры Республики Казахстан.

      5. Вопросы деятельности Совета Безопасности, не урегулированные настоящим Законом, регулируются Положением о Совете Безопасности.

      Сноска. Статья 1 с изменениями, внесенными Законом РК от 07.02.2022 № 106-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Статья 2. Задачи Совета Безопасности

      1. Основными задачами Совета Безопасности являются планирование, рассмотрение и оценка реализации основных направлений государственной политики в области обеспечения национальной безопасности, укрепления обороноспособности страны, обеспечения законности и правопорядка.

      Совет Безопасности выполняет иные задачи в соответствии с законодательством Республики Казахстан и решениями Председателя Совета Безопасности.

      2. Для выполнения возложенных на него задач Совет Безопасности вырабатывает и принимает соответствующие решения и рекомендации, координирует деятельность государственных органов и организаций.

Статья 3. Функции Совета Безопасности

      Функциями Совета Безопасности являются:

      1) координация деятельности государственных органов и организаций по реализации мероприятий в сфере обеспечения национальной безопасности и международных позиций страны, обороноспособности государства, законности и правопорядка;

      2) координация деятельности правоохранительных и специальных государственных органов в целях обеспечения национальной безопасности и реализации решений Совета Безопасности;

      3) мониторинг и оценка состояния исполнения стратегических документов государства по важнейшим направлениям развития страны;

      4) комплексный анализ и оценка государственных программ, законопроектов, важных внешнеполитических и иных государственно-значимых инициатив, а также развития ситуации в стране, мировых и региональных тенденций, прогнозирование внутренних и внешних угроз национальной безопасности, выработка предложений и определение мер по их предупреждению и нейтрализации;

      5) заслушивание ежегодного доклада Правительства Республики Казахстан о результатах и основных направлениях деятельности в сфере обеспечения национальной безопасности, обороноспособности, правопорядка;

      6) заслушивание первых руководителей государственных органов по вопросам реализации государственной политики в сфере обеспечения национальной безопасности и обороноспособности страны;

      7) организация контроля за исполнением законов Республики Казахстан в сфере обеспечения национальной безопасности, обороноспособности и правопорядка, в том числе за эффективным использованием средств, направляемых на эти цели;

      8) обсуждение кандидатур, рекомендуемых к назначению на должности первых руководителей центральных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения и столицы, а также государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан;

      9) иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. ОРГАНИЗАЦИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СОВЕТА БЕЗОПАСНОСТИ

Статья 4. Полномочия Председателя Совета Безопасности

      Председатель Совета Безопасности:

      1) осуществляет руководство деятельностью Совета Безопасности;

      2) созывает заседания и оперативные совещания Совета Безопасности;

      3) дает поручения членам Совета Безопасности;

      4) утверждает Положение о Совете Безопасности;

      5) Исключен Законом РК от 07.02.2022 № 106-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6) издает акты, в том числе нормативного правового характера, относящиеся к деятельности Совета Безопасности;

      7) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 4 с изменением, внесенным Законом РК от 07.02.2022 № 106-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Статья 5. Полномочия членов Совета Безопасности

      Члены Совета Безопасности:

      1) участвуют в заседаниях и оперативных совещаниях Совета Безопасности, в обсуждении и голосовании при принятии Советом Безопасности решений по вопросам повестки дня;

      2) в пределах своей компетенции обеспечивают выполнение решений Совета Безопасности, координируют и контролируют выполнение соответствующих решений Совета Безопасности и оперативных совещаний Совета Безопасности;

      3) осуществляют иные полномочия в соответствии с Положением о Совете Безопасности, решениями Совета Безопасности и поручениями Председателя Совета Безопасности.

Статья 6. Формы деятельности и решения Совета Безопасности

      1. Совет Безопасности осуществляет свою деятельность в форме заседаний и оперативных совещаний, а также в иных формах, определяемых Положением о Совете Безопасности.

      2. Заседания Совета Безопасности проводятся под председательством Председателя Совета Безопасности или одним из членов Совета Безопасности по уполномочию Председателя. Периодичность проведения заседаний Совета Безопасности определяется Председателем Совета Безопасности.

      3. Заседания Совета Безопасности правомочны при наличии не менее двух третей его членов. Делегирование членами Совета Безопасности своих полномочий иным лицам не допускается.

      4. Решения Совета Безопасности принимаются простым большинством голосов от общего количества присутствующих членов Совета Безопасности. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.

      5. Решения Совета Безопасности вступают в силу после утверждения Председателем Совета Безопасности, при необходимости они реализуются актами Президента Республики Казахстан.

      6. Решения Совета Безопасности и Председателя Совета Безопасности являются обязательными и подлежат неукоснительному исполнению государственными органами, организациями и должностными лицами Республики Казахстан.

      7. Порядок организации и проведения заседаний и оперативных совещаний Совета Безопасности, иных форм работы Совета Безопасности, контроля за исполнением решений Совета Безопасности определяется Положением о Совете Безопасности.

Статья 7. Аппарат Совета Безопасности

      1. Аппарат Совета Безопасности является рабочим органом Совета Безопасности, входящим в состав Администрации Президента Республики Казахстан, деятельность которого регламентируется законодательством Республики Казахстан.

      2. В целях обеспечения деятельности Председателя Совета Безопасности, Совета Безопасности, безусловного и исчерпывающего выполнения их решений, а также контроля за их исполнением Аппарат Совета Безопасности вправе давать обязательные к исполнению поручения государственным органам и организациям.

      Сноска. Статья 7 – в редакции Закона РК от 07.02.2022 № 106-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Статья 8. Финансирование деятельности Совета Безопасности и Аппарата Совета Безопасности

      Расходы на содержание Совета Безопасности и Аппарата Совета Безопасности финансируются из республиканского бюджета в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Статья 9. Порядок введения в действие настоящего Закона

      Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шiлдедегi № 178-VІ ҚРЗ.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға қолайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі

      1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті қалыптастырады.

      4. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

      5. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің осы Заңмен реттелмеген мәселелері Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережемен реттеледі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері

      1. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

      Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

      2. Қауіпсіздік Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті шешімдер мен ұсынымдарды әзірлейді және қабылдайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

3-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары

      Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары мыналар болып табылады:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      3) ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингтеу және бағалау;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және мемлекеттік мәні бар өзге де бастамаларды, сондай-ақ елдегі жағдайдың дамуын, әлемдік және өңірлік үрдістерді кешенді талдау және бағалау, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжау, олардың алдын алу және оларды бейтараптандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және шараларды айқындау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы баяндамасын тыңдау;

      6) елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдау;

      7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға жұмсалатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру;

      8) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшы лауазымдарына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

2-тарау. ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

4-бап. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктері

      Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:

      1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін шақырады;

      3) Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне тапсырмалар береді;

      4) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекітеді;

      5) алып тасталды – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне қатысты актілерді, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы актілерді шығарады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері

      Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері:

      1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне, Қауіпсіздік Кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдаған кезде талқылау мен дауыс беруге қатысады;

      2) өз құзыреті шегінде Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңестерінің тиісті шешімдерінің орындалуын үйлестіреді және бақылайды;

      3) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеге, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері

      1. Қауіпсіздік Кеңесі өз қызметін отырыстар мен жедел кеңестер нысанында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалатын өзге де нысандарда жүзеге асырады.

      2. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының немесе Төрағаның уәкілеттік беруі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен өткізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды.

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды болады. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге адамдарға беруіне жол берілмейді.

      4. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қатысып отырған Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      5. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде олар Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады.

      6. Қауiпсiздiк Кеңесiнің және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешiмдері мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдары мен лауазымды адамдарының мүлтіксіз орындауына жатады.

      7. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының өзге де нысандарын ұйымдастыру мен өткізу, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау тәртібі Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалады.

7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты

      1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.

      2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерінің сөзсіз және түпкілікті орындалуын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру

      Қауіпсіздік Кеңесін және Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ