Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 7 ақпандағы № 106-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері

      1. Саяси партия Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде үш санат өкілдерін: әйелдерді, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды енгізеді.

      2. Саяси партия мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде әйелдерді және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды енгізеді.".

      2. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.".

      3. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті қалыптастырады.";

      2) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты

      1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.

      2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерінің сөзсіз және түпкілікті орындалуын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.".

      2-бап. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тағайындалған сайлауды өткізуге байланысты туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады