О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года

Закон Республики Казахстан от 1 марта 2019 года № 228-VІ ЗРК.

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, совершенный в Москве 3 октября 2018 года.

      Президент
Республики Казахстан
Н. НАЗАРБАЕВ

ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      руководствуясь Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года,

      принимая во внимание Протокол о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, подписанный 19 сентября 2012 года, Протокол о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, подписанный 24 декабря 2013 года, и Протокол о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, подписанный 29 мая 2014 года,

      руководствуясь статьей 8 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово- экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года (далее - Соглашение),

      учитывая иные международные договоры государств-членов Евразийского экономического союза, входящие в право Евразийского экономического союза,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в Соглашение следующие изменения:

      1. Статью 2 Соглашения изложить в следующей редакции:

"Статья 2

      Для реализации настоящего Соглашения Стороны назначают компетентные органы:

      с Казахстанской Стороны - Министерство энергетики Республики Казахстан;

      с Российской Стороны — Министерство энергетики Российской Федерации.

      В случае изменения компетентных органов Стороны незамедлительно уведомляют об этом друг друга по дипломатическим каналам.".

      2. Статью 61 Соглашения изложить в следующей редакции:

"Статья 61

      1. В целях обеспечения охраны окружающей природной среды, а также обеспечения национальной безопасности, выполнения международных обязательств и защиты внутреннего рынка государств Сторон компетентные органы Сторон согласно законодательству государств Сторон определяют перечень нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к вывозу из Российской Федерации в Республику Казахстан, перечень нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, путем заключения протокола между ними, который не подлежит ратификации для Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Указанные перечни утверждаются компетентными органами Сторон до составления индикативного баланса, предусмотренного статьей 4 настоящего Соглашения. Компетентные органы Сторон по необходимости могут вносить в них изменения в письменной форме.

      Казахстанская Сторона до 31 декабря 2014 года обеспечивает установление ставок вывозных таможенных пошлин на нефтепродукты, запрещенные к экспорту с территории Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, не ниже ставок вывозных таможенных пошлин, установленных в Российской Федерации на указанные нефтепродукты.

      2. Указанные в пункте 1 настоящей статьи запреты или ограничения применяются без ущерба для положений подпункта "г" пункта 8.2 статьи 8 Договора аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года.

      3. Запрет экспорта нефтепродуктов из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза не распространяется на нефтепродукты, экспортируемые в качестве гуманитарной помощи в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также на нефтепродукты, вывозимые из Республики Казахстан с целью проведения лабораторных исследований и испытаний.

      Компетентный орган Казахстанской Стороны информирует компетентный орган Российской Стороны об объеме и времени вывоза нефтепродуктов для этих целей за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза с указанием номенклатуры по факту осуществления поставок.

      4. Указанные в пункте 1 настоящей статьи перечни согласовываются компетентным органом Казахстанской Стороны с уполномоченным органом в области регулирования внешнеторговой деятельности Республики Казахстан.

      5. Указанные в пункте 1 настоящей статьи перечни согласовываются компетентным органом Российской Стороны с соответствующими органами власти Российской Федерации.".

      3. В абзаце первом статьи 8 исключить слова "одновременно с Соглашением о порядке организации, управления, функционирования и развития общих рынков нефти и нефтепродуктов Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации от 9 декабря 2010 года и применяется в отношениях между государствами Сторон при условии действия на территории государств Сторон всех соглашений, подписание которых предусмотрено Планом действий по формированию Единого экономического пространства Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации, утвержденным, Решением Межгосударственного Совета ЕврАзЭС (высшего органа Таможенного союза) на уровне глав государств от 19 декабря 2009 года № 35.".

      4. Приложения 2 и 3 Соглашения исключить.

Статья 2

      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения последнего письменного уведомления по дипломатическим каналам о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в городе Москва 3 октября 2018 года в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.


За Правительство Республики Казахстан

За Правительство Российской Федерации


2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 1 наурыздағы № 228-VІ ҚРЗ.

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 3 қазанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты басшылыққа ала отырып,

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған хаттаманы, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылған хаттаманы және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабын басшылыққа ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-бап

      Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптар құзыретті органдарды тағайындайды:

      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі.

      Тараптар құзыретті органдары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабардар етеді.".

      2. Келісімнің 61-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"61-бап

      1. Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық міндеттемелерін орындау және ішкі нарығын қорғау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олардың арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ратификациялауға жатпайтын хаттама жасасу арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін айқындайды.

      Көрсетілген тізбелерді Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 4-бабында көзделген индикативтік балансты жасағанға дейін бекітеді. Тараптардың құзыретті органдары қажеттілігіне қарай оларға жазбаша нысанда өзгерістер енгізуі мүмкін.

      Қазақстан Тарапы 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында көрсетілген мұнай өнімдеріне белгіленген кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерінен төмен емес кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін белгілеуді қамтамасыз етеді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тыйым салулар немесе шектеулер 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 8-бабы 8.2-тармағы "г" тармақшасының ережелері үшін нұқсан келтірместен қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гуманитарлық көмек ретінде экспортталатын мұнай өнімдеріне, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қолданылмайды.

      Қазақстан Тарапының құзыретті органы осы мақсаттар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге жеткізуді жүзеге асыру фактісі бойынша номенклатурасын көрсете отырып, мұнай өнімдерінің көлемі мен әкету уақыты туралы Ресей Тарапының құзыретті органына хабарлайды.

      4. Қазақстан Тарапының құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органымен келіседі.

      5. Ресей Тарапының құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді Ресей Федерациясы билігінің тиісті органдарымен келіседі.".

      3. 8-баптың бірінші абзацында:

      "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісіммен бір мезгілде" деген сөздер;

      "және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешімімен мемлекеттер басшылары деңгейінде бекітілген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарында қол қою көзделген барлық келісімдер Тараптар мемлекеттерінің аумағында қолданылу шартымен Тараптар мемлекеттерінің арасындағы қатынастарда қолданылады" деген сөздер алып тасталсын.

      4. Келісімге 2 және 3-қосымшалар алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2018 жылғы 3 қазанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін